Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жындардың муминдері адамдардың муминдерімен бірге жәннәтқа, кәпірлері кәпірлермен бірге тозаққа кіреді.

5) Жындар да адамдар секілді есту, ойлау және сөйлеу қабілетіне ие: «Мұхаммед оларға: «Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді, - деп айт. Сонда жындар: «Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық, - деді. Құран бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз» ( 72.Жын, 1-2). Сонымен қатар Сүлейменнің (а.с.) Иемендегі Бәлқис ханшаның тағын жындарға әкелдірмек болып, олармен сөйлескендігін де жындардың сөйлей алатындығына қатысты мысал ретінде айтуға болады (қараңыз: 27.Нәмл – 39).

6) Жындардың түрлі бейнелер мен пішіндерде көріне алатын қасиеті бар. Сонымен қоса олар аса ауыр істерді де істеуге қабілетті. Аллаһ Тағала жындарды Сүлеймен пайғамбардың құзырына бергенде[11], Сүлеймен пайғамбар оларды түрлі ауыр жұмыстарға жеккен болатын. Құран Кәрімде бұл мәселе жөнінде: «Олар Сүлейменнің қалауынша құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді» ( 34.Сәбә-13) деген жолдар бар.

Бірде, Сүлеймен (а.с.) пайғамбар Иемендегі Сәбә патшасының ханшасы Бәлқистың тағын Иерусалимге әкелуге ниеттенеді. Себебі, Бәлқис ханша Сүлеймен пайғамбардың хақ пайғамбар екендігін мойындап, оның еліне келмек болады. Міне, осыған орай Сүлейменге (а.с.) ханшаны таңдандыру қажеттілігі туып, жындарға: «Тақты кім әкеледі», - деп сұрағанда, жындардың бірі Ифрит: «Оны орныңнан тұрмастан бұрын келтіремін», - деді. Кітап ғылымына ие келесі бірі: «Оны кірпік қаққанша әкелемін», - деді. Сүлеймен сол сәтте жанына әкеліп қойылған ханшаның тағын көріп: «Бұл Раббымның кеңшілігі», - деді» (27.Нәмл – 40). Иә, Иемен мен Құдыстың арасы екі не үш мың шақырымдай қашықтық екенін ескерсек, жындардың қаншалықты дәрежеде күш иесі, әрі жылдам екендігін пайымдау аса қиын болмас.

7) Жындардың ғайыппен байланысты ілімі жоқ. Олар тек Аллаһтың өздеріне берген рұқсат мөлшерінде ғана адамдарға беймәлім кейбір мәселелерді біліп, көре алады. Періштеге иман мәселесінде олардың ғайыпты біле алмайтындығын айтқан болатынбыз. Сол секілді жындар да ғайыпты біле алмайды. Пікірімізді бекіте түсу үшін айта кетейік, егер жындар ғайыпты, көзге көрінбейтін нәрселерді білетін болса, Сүлейменнің (а.с.) аса таяғына сүйеніп тұрып қайтыс болғанын білер еді. Ал олар болса, керісінше, аса таяқты құрт жеп, әбден шіріп, сынып, Сүлеймен пайғамбар құлағанша жындар оның өлгенін бейхабар болып, Құдыс мешіттің құрылысын тоқтатпады [12]. Бұл оқиғаны аят былай баян етеді: «Біз оның (Сүлейменнің (а.с.)) өліміне үкім берген заманда жындарға оның өлімін, оның таяғын жеген бір жердің құрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылған сәтте жындарға аян болды. Егер жындар көместі білген болса еді, ауыр машақатта қалмас еді» ( 34.Сәбә-14).

8) Кәпір жындар өздеріне дос ретінде кейбір адамдарды әдейілеп таңдап алады. Сөйтіп оларды алдап‑арбау арқылы, түрлі айлакерлік әдістермен өз ырқына көндіреді. Көбіне біз мұндай жандарды палшы, бақсы, тәуіп деп те айтып жүрміз. Негізінен жындар ғайыппен байланысты мағлұматтардан бейхабар екені анық, олар тек адамдарға белгісіз кейбір мәліметтерді ғана жеткізе алады. Көбіне олар, көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасайды. Осы тыңшылықтан алған мәліметтерін жердегі достарына өтірік қосып жеткізеді. Ал жындардың көктегі періштелердің әңгімесіне тыңшылық жасауы жайында Құранда: «Әрине көкке қарманғанымызда оны қатал күзетші және атылған жалындарға толтырылған түрде таптық, Әлбетте тыңдау үшін аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді» ( 72.Жын 8-9) деген жолдар бар.

Жындардың көріпкел, палшыларға жеткізген кейбір хабарлары кей жағдайларда дұрыс шығуы да мүмкін. Бірақ, мәселе солай болды екен деп, оларға пал аштырып, келешекті білуге әрекеттену ислам діні бойынша үлкен күнә болып есептеледі. Жалпы палшылық пен көріпкелдікке деген сенім – Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) әкелген хабарларына қарсы шығумен тең. Қарсы шығу - кәпір болу деген сөз. Осы мәселеге байланысты мынадай ғибратты хадис бар: «Хазіреті Айша анамыз (р.а.) былай дейді: «Кейбір адамдар Расулуллаһқа келіп, көріпкел палшылардың ғайыпты қалай білетіндігін сұрады. Расулуллаһ оларға:

- Негізінен олардың ғайыпқа қатысты айтқан сөздері бос, мағынасыз сөздер, - деді. Сахабалар:

- Я, Расулуллаһ! Олар кей кезде ғайыптан айтқан сөздері дұрыс болып шығады. Бұл қалай? – десті. Расулуллаһ:

- Бұл дұрыс сөз. Жындар періштелердің бір-бірімен әңгімелескенін тыңшылық жасап, естиді де, оны тауықтың бақырып шақырғаны сияқты палшы достарының құлақтарына дауыстап жеткізеді. Бірақ, олар сол уахиден ұрлап алған бір дұрыс сөздің ішіне жүздеген өтірік сөз қосады, - деді»[13].

9) Ғалымдардың көпшілігінің айтуы бойынша – Пайғамбарымыздың пайғамбарлығы адамдарға да, жындарға да ортақ. Сол себептен Пайғамбарымызға «Расулус-сақалайн» деген ат берілген. Хазіреті Пайғамбарымыз исламды жындарға да түсіндірген және исламды қабыл еткен жындармен қатар, қарсы шығушы кәпір жындар да болды. Бұл жайында аятта Аллаһ Тағала былай дейді: «Сол уақытта саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. Олар жетіп келген сәтте «Үндемеңдер» десті. Сонда оқылуы біткен кезде өздеріне ескертуші болып қайтты. Олар: «Әй, еліміз! Шын мәнінде біз Мұсадан кейін түсірілген алдыңғы растаушы, сондай-ақ шындыққа және тура жолға салатын бір кітап тыңдадық, - деді. Әй, халқымыз! Аллаһтың шақырушысын қабылдаңдар және Аллаһқа иман келтіріңдер. Күнәларыңды жарылқап, күйзелтуші азаптан қорғайды» ( 46.Ахқаф, 29-31).




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 30 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав