Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

О дүниелік өмірдің маңыздылығы мен қажеттілігі

Читайте также:
  1. Періштелерге сенудің маңыздылығы
  2. Р. Декарттың “күмәндану² принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз
  3. Энергия мен тамақтың заттардың қажеттілігін анықтау әдістері.

АҚЫРЕТ КҮНІНЕ ИМАН

«Ақырет» сөзі - соңғы деген ұғымды білдіріп, дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіретін діни термин. Аят пен хадистерде ақырет, қиямет, ақырзаманның күмәнсіз болатыны білдіріледі. Мысалы, қиямет - дүние тіршілігінің бітуі, яки бітуіне жақын қалуын білдірсе, ақырзаман қияметтің жақындауы деген сөз. Дүние тіршілігі тоқтаған кезде қиямет қайым Исрафилдің (а.с.) бірінші рет Сурға үрлеуімен басталып, екінші Сурға үріліп, Аллаһтың құзырына барғанға дейінгі аралықты қамтитын кезең. Қиямет қайымның қалай болатындығын баян еткен аят пен хадистер өте көп. Бірақ қашан болатындығы беймәлім, оны тек Аллаһ біледі. Ақырет күні болса, Исрафилдің (а.с.) екінші рет Сурға үрлеуімен басталған қайта тірілу, Аллаһтың құзырында есеп беру, жәннәт пен жәһәннамдағы орындарына бару мен ондағы өмірдің басталуына дейінгі кезең екендігі ислами танымға байланысты еңбектерде келтіріледі.  
Ақырет күніне иман ету иман негіздерінің бірі. Оған сену - парыз. Құранда Аллаһқа иман етумен байланысты айтылған аяттарда ақырет күніне (яумил ахир) иман ету де бірге айтылады. Ақырет күніне иман етуімізді бұйырған аят пен хадистер саны көп болғандықтан, бірнешеуіне ғана тоқталып өтейік: «(Мұхаммед (с.а.у.) Олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады» ( 2.Бақара-4).  
Хазіреті Пайғамбарымыздың да бұл жайында айтқан хадистерінің жеткілікті екені белгілі. Сол хадистерден бір екеуін келтіретін болсақ: «Қиямет күні Аллаһ Тағала арада аудармашысыз сіздердің әрбіреуіңізбен міндетті түрде сөйлеседі. Сол кезде адам оңына қарайды, сонда дүниеде жасаған амалының пайдасын көреді. Сол жағына қарайды ол кезде де жасаған амалынан басқасын көре алмайды. Алдына қарағанда дәл алдында жәһәннамнан басқасын көре алмайды. Олай болса бір құрманың жартысын болса да, садақа ету арқылы өздеріңді тозақтан сақтаңыздар» ( Бухари, Муслим, Тирмизи риуаяттары).

Кімде-кім ақыретке сенбесе, иман етпеген болып саналады. Діннің жіберілу мақсаты - әрбір адамның ақыретте Жаратушы алдында бұл дүниеде жасаған амалы үшін жеке-жеке есеп беретіндігін ескерту. Сол үшін аятта: «Кімде-кім Аллаһқа періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне қарсы шықса, сенбесе, сонда тым ұзақ адасты» (4.Ниса-136) деп келтіреді.

Сондай-ақ қиямет жағдайлары турасында Құран мен Хадис аясында шектелеміз. Ақыреттегі ахуалдың қалай болатындығын анық түрде баян етіп, түрлі мысалдармен келтіреді. Мұндағы мақсат пенденің о дүниелік өмірге бұ дүниеден дайындап, жауапкершілік сезімді санасына құю. Құран аяттарына зер салып қараған кезде ақырет күнін түрлі атаулармен атап, оның соншалықты маңызды екендігін нақыштап келтіреді. Мысалы: Яумул ахир (ақырғы күн), Яумул бағс (қайта тірілу күні), Яумул қияма (қиямет күні), Саат (қиямет уақыты), Яумуддин (дін мен жаза күні), Яумул хисаб (есеп күні), Яумут-тәлақ (қауышу күні), Яумул – хулуд (мәңгілік күн), Яумул хуруж (шығатын күн), Яумут-тәнад (бақырып шақыратын күн) тәрізді т.б. бірнеше атаулармен аталады.

О дүниелік өмірдің маңыздылығы мен қажеттілігі

Күнделікті тіршіліктің пәни екендігін бәріміз мойындаймыз. Осы өмірде адам баласы не ексе, ақыретте соның жемісін, яки жазасын көреді. Өмірдегі сынақтан өту үшін Аллаһ адамға ақыл мен таңдау еркін беріп, дұрысты бұрыстан айырсын деп пайғамбар мен шариғат жіберді. «Расында Біз сендерді босқа жаратпадық. Тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма? Шынайы патша Аллаһ өте жоғары. Одан басқа Тәңір жоқ. Ол ардақты ғаршының Раббы» ( 23.Муминун, 115-116). Дүние тіршілігіндегі өлім мен өмірдің мақсұты пенденің сынақтан өтуі екендігін Аллаһ мына бір аятымен ашық түрде ескертеді: «Ол сондай Аллаһ, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан. Ол тым үстем, аса жарылқаушы» ( 67.Мулк-2). Аллаһ – Әділ (العدل) сипаты!

Пенде бұл дүниеде ішіп-жеген, жиған-терген бүкіл рызық-несібесі үшін о дүниеде міндетті түрде есеп беретіндігі де басы ашық мәселе: ( 102.Тәкәссур-8).

ثُمَّ لَتُسْأَلُنَّ يَوْمَئِذٍ عَنِ النَّعِيمِ

Осыған орай әділдердің әділі Аллаһ Тағала әркімнің жасаған амалына қарай сыйы мен жазасын береді. Демек, Аллаһтың әділдігіне күмән жоқ, пендеге жасаған амалына қарай әділ бағасын беретіні хақ. Аятта бұл анық айтылады: «Қиямет күні туралық таразысын қоямыз. Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір ұрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз» ( 21.Әнбия-47).

Хазіреті Пайғамбарымыз да бұл мәселеде көптеген хадис айтып кеткен. «Ант етемін қиямет күні бүкіл хақтар міндетті түрде иесіне қайтарылады. Тіпті мүйізсіз бір қой үшін мүйізді бір қойдан қысас жасалып өш алынады» ( Сахих Муслим риуаяты). «Кімнің қолында дін бауырының намысына яки малына қандай да бір жолмен жасалған жәбірлік, зұлымдық және ақысы өткен болса, динар мен дирхам (алтын мен күміс ақша) болмайтын күн келместен алдын кешірім алсын. Егер залым адам кешірім алмастан өлсе, оның жақсы амалы болса жасаған зұлымдығы мөлшерінде жақсы амалы алынып жәбірленушіге беріледі. Егер оның жақсы амалы болмаса, жәбірленушінің күнәларын алып, залымның мойнына іледі» ( Сахих Бухари риуаяты).

Бұл дүние пәни, о дүние бақи. Бақилық өмірге сенген адамда ұлы жауапкершілік болады. Мысалы, бастықтың алдына есеп беруге дайындалған қызметкер мен көшедегі бір адамның сол кездегі ішкі сезімін салыстыру мүмкін емес. Бірі аласұрып не айтып, не қоям, қалай болады екен деген сезіммен алып-ұшып тұрса, екіншісі ештеңеден хабарсыз, түк болмағандай жайбарақат күйінде тұрады. Міне, сол сияқты ақыретке иман еткен адам о дүниеде істеген ісі үшін Аллаһ Тағала алдында есеп беретіндігін білгендіктен, бұл өмірде ойына келгенін істемесі анық. «Бұл өмірден өткен соң, екінші өмір жоқ, бәрі бітті, шіріп жоқ боламыз», - деген өзін алдайтын жылтыр қағиданы ұстана алмайды. Ал Құран аяттары әлгіндей бос қағидалардың бірден тамырын шауып тастайды: «Олар: Тіршілігіміз дүниедегі ғана. Өлеміз, өмір сүреміз. Бізді заман ғана өлтіреді дейді. Негізінде олардың бұған байланысты мәліметі жоқ. Олар тек болжам жасайды. Оларға аяттарымыз ашықша оқылған кезде, егер сөздерің шын болса, аталарымызды тірілтіп, келтіріңдер деулерінен басқа дәлелдері болмады. (Мұхаммед (с.а.у.)) айт: Сендерді Аллаһ тірілтеді, сосын өлтіреді. Сосын сендерді қиямет күнінде шәксіз жинайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді». Көктер мен жердің иелігі Аллаһқа тән. Қиямет–қайым болған күні я сол күні бұзық құмарлар зиянға ұшырайды» ( 45.Жасия, 24-27).




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 32 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав