Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Валюталық құқық жүйесі

Читайте также:
  1. Lt;question> Тергу әдістемесінің құқықтық негіздемесін көрсетіңіз
  2. Lt;variant>заңды тұлғаның азаматтық құқықтары мен міндетттерін қолдана білетін қабілеті
  3. Lt;variant>кедендік құқық- құқықтың кешенді саласы
  4. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
  5. Ан жүйесі
  6. Ас қорыту жүйесі
  7. Ас қорыту жүйесі
  8. Ауруханалардың салыну жүйесіне байланысты көлемі
  9. Дәріс – 2 Тақырып: Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
  10. жүйесі

Валюталық құқық айтарлықтай дербес құқықтық құрылым ретінде ұлттық валюталық жүйе мен валюталық рыноктың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ валюталық құндылықтармен іске асырылатын валюталық операциялар, халықаралық валюталық төлемдер мен аударымдар және тікелей инвестициялық қызмет барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығынан тұрады.Демек валюталық құқық саны жағынан аса көп құқықтық нормалардан тұратын, айтарлықтай күрделі құқықтық құрылым болып табылады. Осы орайда әлі де болса жүйелендірілмеген әрі тәртіптендірілмеген валюталық құкық нормаларын іштей құрылымдау арқылы белгілі бір жүйе түрінде қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Валюталық құқықты іштей құрылымдау процесі объективті процесс болып табылады. Өйткені зерделеу нысаны валюталық құқықтың өзі ұдайы даму үстінде болғандықтан, оның қарқыны (динамикасы) аталмыш құқықтық құрылымның кеңею және күрделілену жолында екенін көрсетеді, сондай-ақ валюталық заңнаманың және заңға тәуелді валюталық құқықтық актілердің көптігі және белгілі бір көлемде тәртіптелінбегені оның жүйесін танып-білуді қиындата түседі. Валюталық құқық жүйесін құру ерекшеліктері мен өлшемдері оны дербес институт ретінде бөліп шығаруды негіздейді. Валюталық құқық осы орайда, құқықтық құрылым сипатында ерекшеленеді және оның өзіне тән жүйесі болалы.

Қазақстан қаржылық құқығының классигі А.И. Худяков бюджеттік құқық (қаржылық құқықтың негізгі бөлімі) жүйесін зерттеу барысында «Біздің пікіріміз бойынша бюджеттік құқық институттары негізіне қаржы жүйесінің институты бюджеттің ауқымында объективті көрініс табатын экономикалық қатынастардың топтамалары жатады. Осындай экономикалық шынайылықтар:

а) белгілі бір жүйе (бюджет жүйесі) түрінде ұйымдастырылған және өзара қарым-қатынаста болатын көптеген бюджеттердің болуы;

б) осы бюджеттерді (ақша қаражаттары қорлары ретінде) қалыптастыру және бөлу негізі кептеген қаржылық-жоспарлық актілердің болуы;

в) бюджет саласындағы қызметтерін, оған қоса бюджеттік жоспарлау мен бюджеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың болуы;

г) бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыратын көптеген төлемдердің болуы;

д) бюджет қаражаттарын бөлуге (мемлекеттік бюджет шығысына) байланысты қатынастардың болуы болып табылады. Сонымен бірге ескеретін жәйт, бюджеттік құқық нормаларының өз мазмұны (мәні) мен талдау дәрежесі бірдей көрініс таппайды. Кейбір нормалар жалпы ережелерді белгілей отырып, қоғамдық қатынастардың кең шеңберін қамтиды, ал басқаларының құқықтық реттеу пәніне қоғамдық қатынастардың арнайы топтары ғана жатады. Осы орайда Н.И. Химичеваның бюджеттік құқық жүйесінде жалпы бөлім орын алады деген пікірін дұрыс деп санаймыз. Жоғарыда айтқанымызды есепке ала отырып бюджеттік құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады деп ойлаймыз».

1) Ресей валюталық құқығының туындауы және жалпы сипаттамасы;

2) Валюталық құқықтың ұғымы, объектісі, әдістері. Басқа құқық салаларымен аралық қатынасы;

3) Валюталық құндылықтар. Валюталық операциялар. Валюталық құқықтық қатынастар;

4) Валюталық бақылау. Валюталық бақылау органдары мен агенттері, олардың құкықтары және міндеттері сияқты институттардан тұрады. Ал валюталық құқықтың ерекше бөлімі:

1) Қолма-қол валютамен жасалатын операциялар. Қолма-қол шетел валютасын және шетелдік валютадағы бағалы қағаздарды әкету;

2) Экспорттық операциялар. Шетелдік валютаны сату;

3) Импорттық операциялар. Шетелдік валютаны сатып алу;

4) Резидент еместердің оның ішінде резидент емес банктердің операциялары;

5) Инвестициялық қызметке байланысты есеп айырысулар және операциялар;

6) Қымбат бағалы металдармен және тастармен операциялар;

7) Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;

8) Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар;

9) Саудаға жатпайтын операциялар. Жеке тұлғалардың аударымдары;

10) Шетелдік валютадағы шоттар.

11) Биржалық және банкаралық рыноктарда шетелдік валютамен жасалатын мәмілелер;

12) Шетелдік валютамен кредиттеу;

13) ТМД елдерінің контрагенттерімен жасалатын операциялар;

14) РФ валютасын әкету-әкелу;

15) Валюталық бақылау түрлері мен нысаны. Күдікті мәмілелерге және оффшорлық операцияларға бақылау жүргізу.

15) Валюталық заңнама нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік сияқты институттардан құралады» деп тұжырымдайды.

А.И. Худяков валюталық құқық жайлы нақтылы көзқарасын білдірмегенімен, «Финансовое право Республики Казахстан (общая часть)» деп аталатын еңбегінде (оқулық) толық бір тарауды:

1. Валюталық реттеу ұғымын және әдістерін, оның объектісін;

2. Валюталық реттеу органдарын және олардың құзыретін;

3. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды және олардың құзыретін;

4. Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін;

5. Қазақстан Республикасының валюталық монополиясын зерделеуге арнаған.

Бұл ретте А.И. Худяков валюталық заңнама

ны, банктік заңнаманы арқау етіп валюталық реттеудің құқықтық негізін сипаттау нәтижесінде валюталық құқықты (дербес құқықтық институт ретінде) қалыптастыру ісіне өз үлесін қосты деп айта аламыз. Алайда А.И. Худяковтың валюталық реттеудің құқықтық негіздері жөніндегі кейінгі көзқарасы ықшамдалып, көкейтесті проблемалар мен мәселелерді шешу жолдарын және т.б. өзекті мән-жайларды ашып көрсетпей, тек 1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған «Валюталық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңдар негізінде түсіндірме-сипаттама жасаумен шектелген.Валюталық құқық жүйесінің нақтылы валюталық қатынас түрлеріне (топтамаларына) сай құрылуы валюталық заңнама сапасына, оны әзірлеу және қабылдау негізіндегі ғылыми тұжырымдарға байланысты болады деп есептейміз. Объективті валюталық қатынастарға орай топтастырылған валюталық-құқықтық институттар мемлекеттің ішкі және сыртқы валюталық саясатын дұрыс іске асыруға зор септігін тигізеді. Осы валюталық-құқықтық институттар негізінде ұйымдастыру және материалдық сипатты-мазмұнды валюталық қаржылық қатынастардың топтамалары жатады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 70 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав