Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаңа теңгеге сипаттама

Читайте также:
  1. IIІ.Дәрілік препараттардың клиника-фармакологиялық сипаттамасы.
  2. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  3. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
  4. атерсіз және қатерлі ісіктерге жалпы сипаттама беріңіз
  5. Дәріс – 2 Тақырып: Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
  6. Жаңа замаңдағы саяси ілімдер тарихы және қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер
  7. Жаңа теңге қорғанысы
  8. Жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелерінің ерекшелілігіне сипаттама беріңіз.
  9. Классикалық және бейклассикалық ғылымның сипаттамаларын беріңіз.

2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.
Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек" монументі - қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған.
Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.
Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген кезде де осындай кейбір қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен анықтауға болатын қорғаныш элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым анықтауға негізгі акцент жасалған.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 37 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав