Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Валюталық қатынастарды реттеу саясаты

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырылуы және оны дамыту жөніндегі мемлекет саясаты.
  2. Баға қою саясаты
  3. Баға қою саясаты
  4. Балл қою саясаты
  5. Дәріс – 2 Тақырып: Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
  6. ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
  7. Пән саясаты
  8. Пән саясаты
  9. Р Денсаулық сатау саласын мемлекеттік реттеу.
  10. Тақырып. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық Валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

мемлекет тарапынан реттеу;

нарықтық реттеу.

Валюталық қатынастарды мемлекет тарапынан реттеу негізінен Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар валюталық саясатты іске асыруда ҚР-ның Ұлттық банкінің атқаратын шараларының орны ерекше болып табылады. Ұлттық банк валюта-қаржы қатынастарын реттеп отыратын бірден-бір мемлекеттік ұйым болып табылады.

Ұлттық банк бұл пайыз өсірулерді капитал келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.

Ұлттық Банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;

Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;

Несие берушiлер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;

1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;

3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;

4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;

Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;

өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;

мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;

қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

чек жазып бередi және вексельдер бередi;

егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi:

Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;

Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;

Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;

Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;

Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;

Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;

Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;

Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;

Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.

Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

Валюталық қатынастарды реттеудің екінші түрі болып табылатын нарықтық реттеудің негізін валюталық саясат және оның құралдары құрайды.

Валюталық қатынастарды реттеудің екінші түрі болып табылатын нарықтық реттеудің негізін валюталық саясат және оның құралдары құрайды.

Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай заңдардың Валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңызды лығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы XX ғ. алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валготалық бағамды реттегіш ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдың шекті қатынастардың аяқ асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.

Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтың бәсеке орын алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

Нарық экономикасын реттеу жуйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.

Валюталық саясат — бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық есуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.

Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.

Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және одан тысқары жерлердегі Валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты Валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді. Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу болып табылады.

Тікелей валюталық реттеу — заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу — нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.

Мемлекетаралық Валюталық реттеу ұйымы — Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.

Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді:

құрылымдық валюталық саясат;

ағымдық валюталық саясат.

Құрылымдық валюталық саясат — дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.

Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.

Ағымдық валюталық саясат — валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:

1) Дисконттық валюталық саясат.

2) Девиздік валюталық саясат.

Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу формалары болады:

а) валюталық интервенция;

ә) валюталық резервтерді диверсификациялау;

б) валюталық шектеу;

в) валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;

г) Валюталық бағам режимі

д) Девальвация;

з) ревальвация.

Дисконттық (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер дииамикасын, ащша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктін есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы темендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егер де төлем балансын жаңсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның темендеуі төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.

Девиздік саясат — мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XІX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары — ХВҚ сондай-ақ аймақтық — Еуропалық валюталық институт құрылды (1994 ж.).

Валюталық резервтерді диверсификациялау — бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердін құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердін саясаты.

Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу обьектісі болып табылады.

Девальвация мен ревальвация — валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация — ұлттық валютаның бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша төмендету.

Ревальвация — ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарлату.

Девальвация пайызып есептеу формуласы мынадай:

Бе - Бж

Д=--------------- х 100,

Бе

Мұндағы:

Бе – ескі бағам;

Бж - жаңа бағам;

Ревальвация пайызын есептеу формуласы:

Бж - Бе

Р=--------------- х 100

Бе

Мысалға: фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейін төмендетілді. Мұндағы девальвациялау пайызын есептейік:

2,8 – 2,4

Д=----------------- х 100= 14,3%.

2,8

Сол сияқты, фунт стерлингтегі 1 доллардың бағамын анықтайық, 1 фунт ст. = 2.8 доллар.

X — 1 доллар

Х =--------=0,35

2.8

Демек, девальвациялауға дейін фунт стерлингі бағамы 1 доллар = 0,35 фунт стерлинг турса, ал девальвациялаудан кейін, ол 0,41 фунт стерлингті құрады. Доллардың ревальвациялану мөлшері мынадай жағдайда анықталады:

0,41 – 0,35

Р=------------------ х 100= 16.7%

0,35

Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.

Валюталық шектеу – резиденттермен бейрезиденттердің валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салу немесе шектеуі.

Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтарымен бекітіледі.

Валюталық шектеудін мақсаттары мынадай:

- төлем балансын теңестіру;

- валюталық бағамды қолдау;

- ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.

Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:

- Валюталық операциялардың орталық және өкілетті (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;

- Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;

- Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;

- Валюталардың қайтарымдылығын шектеу.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 66 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.017 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав