Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Халықаралық валюталық қатынастар түсінігі, мәні

Читайте также:
  1. QFDM нің мәні неде? QFDMде қорғаушы аралықтарды тағайындау .
  2. Quot;Бүлік алмасы" тіркесінің мәні. Батыр Пелей мен теңіз құдайы Фетида некелесіп, олар ұлан-асыр той жасайды.
  3. Адам және қоғам өміріндегі философияның рөлі және мәні
  4. Білім беру нарығындағы ұйымдастырушылық іс-әрекеттің мәні.
  5. Дәріс – 2 Тақырып: Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
  6. Жер құқығының пәні. Жер құқық қатынастары: түсінігі, обьектісі, субьектісі және түрлері
  7. Лемдік саясат және халықаралық қатынастар
  8. Макроэкономикалық тепе- теңдік түсінігі, үлгісі
  9. Семинар 14. Халықаралық қатынас.
  10. Тақырып. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу

Халықаралық валюталық қатынастар-валютаның әлемдік шаруашылықта ұлттық шаруашылықтардың қызмет нәтижелерін айырбастау мақсатында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Халықаралық валюталық қатынастардың қалыптасуына өндіргіш күштердің өсуі, әлемдік рыноктың қалыптасуы, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, әлемдік шаруашылық ету жүйесінің қалыптасуы, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы және басқа да осы тектес жайттар себепші болды.

Әлемдік рыноктың капиталдың ауыспалы айналымы процесіне енуі ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетелдік валютаға ауысуы және кері процесске әкелді. Бұл халықаралық есеп айырысу, валюталық,несиелік және қаржылық операцияларда жүреді.

Халықаралық валюталық қатынастар шаруашылық байланыстарды интернационалдануы негізінде белгілі бір формаға ие болды.

Валюталық жүйе - ұлттық заң шығару арқылы немесе мемлекетаралық келісім бойынша бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Тарихи тұрғыдан қарасақ, ұлттық валюталық жүйелер қалыптасты. Олар ұлттық заң жүйесімен бекітілгенімен халықаралық қатынастар нормасы ескерілді. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, алайда ол салысытырмалы түрде дербес және ұлттық шекарадан да шығады. Оның ерекшеліктері экономиканың және елдің сыртқы экономикалық қатынастар жағдайы мен даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе әлемдік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Әлемдік валюталық жүйе халықаралық келісімдермен бекітілген халықаралық қатынастар формасы.

Әлемдік валюталық жүйе XІX ғасырдың ортасында қалыптасты. Қызмет ету және тұрақтылық сипаты оның қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымына және жетекші елдер мүдделеріне сәйкестігі дәрежесіне байланысты. Ұлттық және әлемдік валюталық жүйенің негізгі элементерін төмендегі кестеден көруге болады.

Ұлттық және әлемдік валюталық жүйе элементтері.

Ұлттық валюталық жүйе Әлемдік валюталық жүйе
Ұлттық валюта Резервтік валюта халықаралық есептік валюталық бірлік
Ұлттық валютаның конверттелу шарттары. Валютаның өзара конверттелу шарттары
Ұлттық валюта паритеті. Валюталық паритеттердің унификацияланған режимдері.
Ұлттық валюта курсы реæимі Валюталық курс режимдерін реттеу
Валюталық шектеу мен валюталық бақылаудың бар немесе жоқ болуы Валюталық шектеулерді мемлекетаралық реттеу.
Елдің халықаралық валюталық өтемділігін ұлттық реттеу Валюталық өтемділікті мемлекетаралық ретеу
Халықаралық несиелік айналым құралдарын пайдалануды реттеу Халықаралық несиелік айналым қаражаттарын пайдалану ережелерін унификациялау.
Ұлттық валюталық рыноктың және алтын рыногының режимі.Елдің ваюталық қатынастарын басқаратын және ретейтін органдары. Әлемдік валюталық және алтын рыноктары режимі. Мемлекетаралық валюталық реттеу жүргізетін халықаралық ұйымдар.

 

Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды.

Валюта жүйесі - ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстардың интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық – заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюталық-экономикалық қатынастар.

Жоғарыда айтылғандай тарихта үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада(банкнота, монета) және қолма-қол емем формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер.

Ұлттық валюта жүйесінің элементтері деп:

- ұлттық валюта;

- ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы болып табылады.

Шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта (АҚШ доллары, евро, жапон иенасы, ағылшын фунт стерлингі);

Жарым-жартылай айырбасталатын валюта (ресейлік рубль, т.б.);

Айырбасталмайтын валюта (тұйық) валюта;

- валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды.

Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әртүрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды.

Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты:

әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);

валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;

валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;

валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;

халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу;

халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;

әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;

мемлекетаралық реттеу институтының статусы - 1944 жылдан Халықаралық Валюта Қоры бекітілді.

Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) – дүние жүзілік валюта жүйесінің шеңберінде Батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарықң одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы, оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейімен байланысты өзгереді. Бұл принциптерге сәйкес немесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.

Халықаралық валюта қатынастары – дегеніміз дүниежүзілік шаруашылықта орын алатын валюталық іс-әрекеттермен кезінде қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтар қызметі нәтижелерінің өзара айырбасын жүзеге асыратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері вексельдік және айырбастау әрекеттері түрінде ежелгі Греция мен Римде орын алғандығы тарихтан белгілі. Валюталық қатынастар дамуының келесі кезеңі орта ғасырлық Лион, Антвериен қалаларындағы «вексельдік жәрмеңкелерң болып табылады. Капиталистік өндіріс әдістері қалыптаса бастаған кезеңдерінде халықаралық есептеу жүйесі банктер арқылы дами бастады.

Халықаралық валюта қатынастарының өркендеуі, өндіргіш күштердің қарқынды өсуімен, дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, шаруашылық байланыстарының интернацияналдануымен және жихандануымен сипатталады.

Халықаралық валюта қатынастары халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзінің оңды әсерін тигізеді.

Халықаралық экономикалық қатынастарда материалдық өндіріс арасында тікелей және кері байланыстар қалыптасқан. Олардың обьективті негізі халықаралық тауарлар, капиталдар, қызмет көрсетулер айырбасынан туындататын қоғамдық ұдайы өндіріс процесі болып табылады.

Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономикалық дамудың саяси себептерден тәуелді, сондай-ақ халықаралық қатынастарға тән әріптестік және қайшылық сияқты екі үрдістер арақатынасына да тығыз байланысты болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, соның ішінде валюталық байланыстарда бар, саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіп өндірісі мен сауда араласып жататындықтан валюталық қатынастар ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықта ерекше орын алады. Дүниежүзілік нарықтың капиталдар айналымының процесіне қосылуы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетелдік валютаға және шетелдік валютаның ұлттық ақшаға айналып жатқанын көрсетеді, мұның өзі халықаралық есептеулерде валюталық, кредиттік және қаржылық операцияларда орын алып жатады.

Валюталық қатынастар ұдайы өндіріске қатысты еншілес болғанымен, бұл қатынастардың салыстырмалы дербестігі бар және олар ұдайы өндіріске қарама – қарсы әсер етеді, шаруашылықтың интернационалдану жағдайларында ұдайы өндірістің сыртқы факторларда, дүниежүзілік өндірістің динамикасынан, шетелдік ғылым мен техника деңгейінен, халықаралық сауданың дамуынан, шетелдік капиталдардың келуінен тәуелділігі күшейе түседі. Халықаралық валюта қатынастары – бұл ұйымдастыру және реттеу формасы.

Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде бірте-бірте белгілі бір формаларды иемдене бастады. Нәтижесінде валюта жүйесі қалыптасты.

Валюталық жүйе дегеніміз – ұлттық заңнамамен немесе мемлекетаралық келісіммен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық валюталар жүйесі ажыратылады. Дүниежүзілік валюта жүйесінің ғаламдық шаруашылықтағы мақсаттары және қызметі мен реттелуі механизмдерінің ерекшеліктері бола тұра, оның өзі ұлттық валюта жүйелерімен тығыз байланыста болады. Бұл байланыс сыртқы экономикалық әрекеттерге қызмет көрсететін елдердің валюталық саясатын мемлекетаралық реттеуі мен үйлестіруі аясында көрініс табады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюта жүйелерінің өзара байланысы олардың ұқсастығын көрсетпейді, себебі, олардың мақсаттары мен міндеттері, қызметі мен реттелуі жекелеген елдердің экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа әсері әртүрлі.

Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

ұлттық валюта;

ұлттық валютаның айырбасталу, аударылу (конвертациялау) мүмкіндіктері;

ұлттық валютаның паритеті (құны);

ұлттық валюта курсының (бағанының режимі);

валюталық шектеулердің бары немесе жоғы валюталық бақылау;

ел валютасының халықаралық өтімділігін ұлттық реттеу;

халықаралық кредиттік құралдар айналымын пайдалану ережесі;

елдің халықаралық есептеулер ережелері;

ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі (тәртібі);

елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші ұлттық органдар;

Ал дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері болып төменде көрсетілгендер саналады;

резервтік валюталар халықаралық есептеуге арналған валюталық бірліктер;

валюталардың өзара айырбасталу шарттары;

валюталық шектеулерді мемлекетаралық реттеу;

халықаралық есептеулердің негізгі факторларын үйлестіру;

мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.

Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ұлттық валюта – ақша бірлігін құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда пайдаланылатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық есептеулерде әдетте шетелдік валюта басқа елдердің ақша бөлігі пайдаланылады. Шетелдік валютадағы кез келген төлем құралы – девиз анықтаушысы болып табылады.

Шетелдік валюта валюталық нарықтардағы сатып алу – сату объектісі болып табылады, халықаралық есептеулерді пайдаланылады, банктік есепшоттарда сақталады, бірақ осы мемлекет аумағында заңды төлем құралы бола алмайды. Кез келген елді күшті инфляция мен дағдарысты жағдай орын алғанда ұлттық валютасы одан гөрі тұрақты шетелдік валюта ығыстырады. Қазіргі кезде мұндай валютаға доллар жатады. Еуроодақ елдерінің ортақ валютасы еуро да соңғы уақыттарда доллармен тайталаса алу мүмкіндіктерін көрсетіп бағуда. «Валютаң категориясы ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтың өзара әрекетімен байланысын қамтамасыз етеді.

Дүниежүзілік ақша деп – халықаралық экономикалық саяси, мәдени қатынастарға қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың қызметтерінің формалары ұлттық ақшалар түрін өткен алтын ақшалардан кредиттік ақшаларға дейінгі жолда қайталайды. Нәтижесінде ХХ ғасырдың валюта жүйесі бір немесе бірнеше ұлттық валютаға негізделеді.

Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына резервтік валюта жатады. Резервтік валюта халықаралық төлем және резервтік қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық варитет пен валюталық бағам рөлін атқарады, сондай-ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы елдердің валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшін қолданылатын құрал болып табылады. Қазіргі кезде резервтік валюта ретінде АҚШ-тың доллары еуроодақтың еуросы пайдаланып отыр.

Резервтік валюта мәртебесі оны шығарушы елге мынадай артықшылықтар береді; төлем, балансын тапшылығын ұлттық валюта есебінен жабу мүмкіндігі дүниежүзілік нарықтағы бәсекелік күресте ұлттық экспортерлердің позициясын нығайту. Сонымен қатар ұлттық валютаны резервтік валюта рөлін жоғарлату, сол елдің эконмикасына белгілі – бір міндеттер жүктейді. Олар – осы валютаның салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ету девальвацияға бармау сондай-ақ валюталық және сауда шектеулерін алып тастау.

Валюта жүйесінің келесі элементі оның шетел валютасына айырбасталу дәрежесі еркін айырбастайтын валюталық шектеулерден сақталған жартылай айырбасталатын валюталар бар екендігі белгілі.

Валюталық шектеулерден бар немесе жоқ болуы да валюта жүйесінің элементтерінің біріне жатады. Валюталық құндылықтарымен операцияларды шектеуде халықаралық валюта қоры арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналады.

Халықаралық валюта өтімділігін реттеу валюта жүйесінің тағы да бір элементі болып саналады және оның өзі халықаралық шектеулерді қажетті төлем қаражаттармен қамтамасыз ету қызметін атқарады.

Халықаралық валюта өтімділігінің көрсеткіші ретінде әдетте ресми алтын-валюта резервтері сомасының бір жылдық тауар импорты сомасына қатынасы қолданылады.

Валюталық нарық және алтын нарығы режимі ұлттық және халықаралық реттеу объектісі болып табылады. Валюта жүйесінің ең маңызды элементіне институтционалдық элемент жатады. Бұған валюталық қатынастарды ұлттық басқару мен реттеу органдары (банк, қаржы және экономика министрліктері) кейбір елдерде валюталық бақылау жатады.

Ұлттық валюталық заңнама ұлттық және шетелдік валютамен операцияларды реттейді (иемдену, әкелу, және әкету, сатып алу-сату құқықтары).

Халықаралық валюталық реттеуді халықаралық валюта қоры жүзеге асырады, ал Еуропада бұл мәселелермен Еуропа орталық банкі шұғылданады. Аталған институттар Халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастарды қауіпсіз, дағдарыссыз дамыту режимін талдау жасап, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.

Валюталық гегемония орталықтары-валюта сферасындағы үстемдіктер елдер дамуының біркелкі болмауының кезендік ауысуларға тап болып тұратын жағдайы бар. Мысалы, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін валюталық үстемдік Ұлыбританияның қолында болды. Дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қаржылық орталық Еуропадан АҚШ-қа қарап ауысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден-бір үстем валюта ролін доллар атқарып кетті.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 97 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав