Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Табиғат пайдалану кұқығының түрлері, объектілері және субъектілері.

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. E) сауда түрлері, сұраныс
  4. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  5. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  6. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  7. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  8. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  9. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  10. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау

Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға - шетел азаматтары, шетелдік заңды түлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар:

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкiн.
Табиғат пайдаланушылар:

1) тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзiмi шектелмейтiн сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген);
2) бастапқы (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен алынған) және кейiнгi (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебенi өзiнде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негiзiнде алынған) болуы мүмкiн.

Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлiнедi.

Табиғат пайдалануды жалпы және арнайы пайдалануға топтастырудың маңызы зор. Мұндай топтастыру үшін өлшемдер табиғат қорғау құқығын негіздеу болып табылады.

Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмiрлiк қажеттi сұраныстарын қанағаттандыру үшiн және табиғи ресурстар пайдалануға берiлмей, тегiн жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол берiледi.

Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рұқсатты талап етпейді, яғни жұрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.

Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаңдар, көшелер, тротуарлар. өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін канғаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер жатады.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңы өз мұқтаждары үшін жер қойнауының кейбір ресурстарын жалпы пайдалануға жол береді. Мысалы, жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өндірілген жалпы таралған қазындыларды не жер асты суларын олармен кейіннен мәміле жасау ниетінсіз өндіруге құқығы бар. Азаматтардың жалпы орман пайдалану кұқықтары ҚР-ның Орман Кодексінде баянды етілген. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуының тәртібі мен шарттары мемлекеттік орман қорының санатымен және аймақты абаттандырудың деңгейімен, орман пайдалану түрімен, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы жеке-дара ережелермен анықталады. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында демалысын өткізу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт шараларына қатысу, жеке мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинау мақсатында рұқсат құжаттарынсыз тегін болуына құқығы бар.

Арнайы табиғат пайдалану – ЭК-те және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды ақылы негiзде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметi.

Табиғатты арнайы пайдалану мемлекеттік органдар беретін арнайы рүқсаттың негізінде жүзеге асырылады және табиғи ресурстардың белгілі бір бөлігін заңды және жеке тұлғалардың оқшау пайдалануына бөлуді талап етеді.

Арнайы табиғат пайдалану құқығы:

1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;

2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келiсiмшарттар) негiзiнде туындайды.

Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол берiледi.

Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес берiледi.

Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билiк ете алмайды.

Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

Табиғат пайдалану түрлерiне:

1) жердi пайдалану;

2) суды пайдалану;

3) орманды пайдалану;

4) жер қойнауын пайдалану;

5) жануарлар дүниесiн пайдалану;

6) өсiмдiктер дүниесiн пайдалану;

7) қоршаған ортаға эмиссиялар;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн өзге де табиғат пайдалану түрлерi жатады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 57 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав