Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көне заман мәдеииеті аясындағы философия

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. N6 Философия Средних веков и Возрождения
  3. Quot;Критическая" философия И.Канта
  4. quot;Философия права".
  5. Ақын-жыраулар философиясы
  6. А. Классическая немецкая философия
  7. Адам және қоғам өміріндегі философияның рөлі және мәні
  8. Адам, қоғам және мәдениет ұғымдарына философиялық сараптама
  9. Азіргі ғылымдағы өзара-әрекеттерді біріктіру мәселесін философиялық талдау.
  10. Азіргі ғылымдағы антроптық принціптің философиялық интерпретациялары.

Дәріс №2

Дәрістің мақсаты: философия тарихының кезеңдерімен танысу, алғашқы діни философиялық ойланрмен танысу, оларға бүгінгі көзқарстар негізінде талдау жасау, алғашқы ухани көзқарастарды талдау.

 

1. Философия тарихы дегеніміз не?

2. Ежелгі Үнді философиясының қалыптасу тарихы және оның негізгі ілімдері

3. Ежелгі Қытай философиясының қалыптасуы және оның негізгі мектептері

 

Философия б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына келді. Қайсыбір философия, Гегельдің айтуына қарағанда, оймен ұсталып қалынған өз заманы, дәуірі. Философия тарихы, олай болса, адамзаттың ой-өрісінің даму тарихы, шегіне жеткен ең жалпы адам мен Дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді шешудегі өз заманымен шектелген ойлау, рух талпынысы.

Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар көзі - Дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы жиналған ойлар мен пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның негізінде әрбір философ-тың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында жатса керек. Сондықтан Кон-фу-Цзы, Платон, Аристотель саяқты көне замандағы ірі ойшылдар өздерінің көзқарасын бұрынғы тарихта қалыптасқан пікірлермен салыстырып, оларға баға береді.

Әрине, философия тарихының қалыптасуы мен дамуының ішкі заңдылықтары бар. Әр философ, қайсыбір адам саяқты, өз дәуірінің тұлғасы, сондықтан оның ой-толғауында сол заманның мұң-мұқтаждықтары, философиялық ой-өрісі көрінбей қоймайды.

Әрбір географиялық аймақтағы тұратын халықтардың сол жерге мыңдаған жылдардың ішіндегі бейімделуінің негізінде өзінің дүниетанымы мен дүниені түйсінуі, өзінің философиясы қалыптасады. Оны ғылымда менталитет деген ұғыммен береді (mental -ағылшын сөзі, ой-өріс). Сондықтан біз Шығыс, Батыс философиясы, Африка, Америка т.с.с. философиясы деп оларды ерекше қараймыз.

Сонымен бірге философияның келесі күрделі ерекшелігі оның тарихына өз әсерін тигізбей қоймайды. Ол - Дүниеге деген көзқарастың көптүрлілігі, ішкі және сыртқы жағына шексіз Дүниені танып-білудегі кемеліне келген соңғы ақиқаттың үзілді-кесілді түрде болмауы. Сондықтан соңғы ақиқат - ешбір философиялық ағымда, ешбір аса ірі тұлғаның қолында жоқ және ол болашақ тарихта да болмайды. Бұл философияның іргетасты ерекшелігі тарихтағы пайда болған әр философия ағымының, әр ірі тұлғаның дүние сезімінің, тебіренісінің қайталанбауын, оның орны бөлек рухани құндылық екенін көрсетеді

Философияның дүниеге келу уақыты ғылымда нақтылы көрсетілген. Жалпы алғанда б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. Шығыста да, Батыста да адамзаттың ұлы ойшыл-бабалары дүниеге келіп, философиялық ой-пікірді туғызды. Олар: Қытайда - Лао-Цзы, Кон-фу-Цзы, Парсы елінде - Заратустра, үнді елінде - Гаутама Сидхартха, соңынан Будда (ағарған) аталған, Грецияда - Сократ, Фалес, Анаксимандр т.б., Палестинада - Илия, Исая, Иеремия т.б.

Цивилизацияның бірі - ұлы Қытай елі. Ол - бүгінгі таңда заманның қойған Талабына сәйкес жақсы Жауап тауып, өте тез дамып келе жатқан ел. Ғалымдардың айтуына қарағанда-, XXI ғасырдың отызыншы жылдарында Қытай дүние жүзіндегі ең дамыған елге, дүние жүзінің экономикалық орталығына айналмақ.

Қытай елінде болып жатқан жаңару үрдістері сол елдің терең түп-тамыры - 4-5 мың жылға кететін мәдениетімен, сол халықтың дүниетанымы мен дүниесезімі (менталитеті), философиясымен байланысты. Синологтардың (қытайтанушылар) айтуына қарағанда, Қытайдың моральдық философиясының негізгі қағидалары бүгінгі заманның талабына сай келіп, реформаларды жеделдетуге өзінің зор ықпалын тигізуде. Ендеше сол халықтың тудырған философиясын зерттеп, өзімізге керек жақтарын ойымызға түйейік. Қытай философиясына кіріспестен бұрын, бір-екі ауыз сөзді осы халықтың мифологиясына арнау керек, өйткені қай халық болмасын оның мәдениеті мен философиясының түп-тамыры, қайнар көзі сол көне аңыздарға барып тіреледі. Қытай аңыздарында Дүниенің жаратылуына көп көңіл бөлінген. «Алғашқы тұңғиықтың (хаостың) ішінде үлкен жұмыртқа пайда болып, оның ішінен дәу алғашқы адам - Пань-Гу шықты», - дейді Қытай мифологиясы. Содан кейін ол оң қолымен сермеп қалғанда, хаос қақ жарылып, жер мен аспан пайда болыпты. Әрі қарай оның тынысы желге айналып, дауысынан күн күркірейді, бір көзінен күн туса, екіншісінен ай пайда болады, Дүниенің төрт бөлігі оның екі қолы мен екі аяғынан, өзендері оның қанынан, жаңбыр шыққан терінен пайда болыпты.

Даосизм ағымы

Даосизм бағытының негізін қалаушы - Лао-Цзы (VI-V ғ.б.ғ.д) «Даодецзин» деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары IV б.з.д. ғ.ғ. жинақтаған.

Даосизмнің онтологиялық (болмыс) мәселелері. Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы - Дао қытай тіліндегі көп сөздер саяқты, өзінің бойына әртүрлі мағына сіңірген ұғым. Дао, бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты. Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз: «...мәңгілік, ол өзгер-мейді, бітімсіз, танылмайды», - дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен, ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз: оның аты жоқ. Ол - еш нәрсе, бейболмыс. Дао - бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.

Ал біз өмір сүріп жатқан нақтылы Дүниеге, бізді қоршап жатқан сан алуан заттарға келер болсақ, олардың әрқайсысының аты бар. Олардың бәрі де қозғалыста, өзгерісте, олар уақытпен шеңберленген, яғни бұл Дүниеге келіп, аяғында Даоға айналып мәңгілікке кетеді.

Дао тудырған болмысты, заттар әлемін Лао-Цзы «Де» деген сөзбен береді. Дао заттарды тудырса, Де оларды асырайды. Денелік заттардың бітімін құрайды, инь мен янның күштері арқылы зат қалыптасады. Сондықтан бұл Дүниеде Даоны құрметтейді, «Дені» бағалайды. Адам жерге бағынады, жер - аспанға, аспан - Даоға, Дао - өз-өзіне.

Дао - мәңгілік және аты жоқты. Солай бола тұра, оны ешбір бұл Дүниедегі нәрсе өзіне бағындыра алмайды.

Теңізге әр жерден келіп құйылып жатқан кіші-үлкен өзендер саяқты, Дао өзінің бойына Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарды сіңіріп, қайтадан өз бойынан оларды тудырып отырады.

Сонымен Бейболмыс - бірінші, нақтылы дүние, болмыс -екінші. Дүниедегі барлық заттар болмыстан шығады, ал болмыс бейболмыстан туады. Қазақстанның философ-ғалымы А.А.Хамидов атап көрсеткендей, «Шығыс философиясында бейболмысқа креа-тивтік (creatio - лат сөзі, тудыру) күш беріледі. Сондықтан Батыстағы белгілі тұжырым «Ех nihilo nigil fit » (жоқтан еш нәрсе тумайды) шығыс ой-пікіріне сәйкес келмейді. Шығыстың ой-пікірінен шығатын тұжырым - «Ех nihilo nigil fit» - лат. (жоқтан барлығы пайда болады).

Даосизмде дүниенің қайшылығы, қарама-қарсылықтың бір-біріне айналып жатқаны айқын көрсетіліп, адам өзінің жүріс-тұрысында, іс-әрекетінде оны қалай ескеру керектігі айтылады. «Сұлудың сұлұлығы білінген кезде, түрсіздік те пайда болады. Жақсылықтың жақсылығы білінген уақытта жамандықта пайда болады... Сондықтан болмыс пен бейболмыс бірін-бірі тудырады, ұзын мен қысқаны бір-бірімен салыстырып қана білеміз, биік пен аласа бір-бірімен майысады, әртүрлі дыбыстар бір-біріне қосылып, гармония (harmonia - грек сөзі, үйлесімді) тудырады. «Қарама-қарсылыққа айналу - даоның қозғалысы». «Мінді мінсіздікті сақтайды». Бұл бос сөз бе? Ол - адамның жетілуінің жолын көрсететін қағида. Сондықтан қиындықтан өту үшін жеңілден бастау керек, ұлы нәрсе кішіден басталады, көп нәрсе аздан тұрады, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек... кім көп жинаса, соншалықты көп жоғалтады. Кім өлшемді сақтаса, сәтсіздікке ұшырамайды. Кім өз шегін білсе, қауіптен құтылады. Егер жеңілдікті іздесең, қиындықтар өз-өзінен пайда болады».

Даосизмнің жоғарыда көрсетілген нақыл сөздері өзінің терең даналығымен бізді таңғалдырады. Онда Дүниенің терең мәні, адамның өмір сүруіне қажетті қасиеттер көрсетілген. Тек оқы да, бойыңа тоқы. Аз күнде ұлылық дәрежеге көтерілем деп, беліңді шойыртып алма, күнбе-күн аз-аздап, шаршамай-талмай еңбек ет, сонда ғана белгілі нәтижелерге жетуге болады. Даосизмнің бұл нақыл сөздері жастарға, я болмаса қарапайым адамдарға ғана емес, біздің саяси және экономикалық әлитаның кейбір өкілдеріне қандай керек десеңізші!!!

Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер. Даоны тану жолында сезімдік, іңкәрлік бізді оған ешқашанда жеткізбейді. Адам сезімдік жолмен тек қана шектелген нақты заттарды ғана тани алады. Сондықтан адам іңкәрліктен арылып, тыныштық жағдайға келгенде ғана Дүниеге тереңдей алады.

«Дүние әртүрлі заттардан тұрғанмен, олардың бәрі де гүлдейді де, соңынан тамырына қайтып оралады. Оны біз тыныштық дейміз, ол бізді мән-мағынаға жеткізеді, мән-мағына тұрақтылыққа әкеледі. Тұрақтылықты білген адам жетілудің шыңына жетеді. Жетілген адам іңкәрліктен айырылады, іңкәрліктен айырылған адам даоға жетеді. Даоға жеткен адам - мәңгілік. Даоны түсінген адам қауіптен құтылады».

Дүниетану жолындағы жасалған ұғымдарды сараптап, олардың біртекті мән-мағынасын анықтау қажеттігін даосизм асыра көрсетті. «Тәртіпті орнатқан кезде аттар қойылды. Заттардың аттары пайда болғаннан кейін, оларды шектеу қажет. Ол қателіктерден құтылдырады».

Өзіңді танысаң, басқаларды да білесің. Бір отбасынан басқалардың бәрін де тануға болады. «Бір елді танып білсең, бүкіл жер бетіндегі елдерді білгенің», - дейді даосизм. Әсіресе жастарға ой салатын мынандай нақыл сөзбен аяқтайық: «Дана адам білімі бола тұра, оны көрсетпейді, надан адам білмесе де, білімді саяқты болып көрінгісі келеді».

Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары. Даосизмнің моральдық ілімі Кун-фу-Цзы іліміне қарама-қарсы. Конфуций адамдардың бір-біріне жақсылық жасау керектігі қағидасын сынға алып, олар оны «мен - саған, сен - мағанға» теңеп, «оның ешқандай моральдық мәні жоқ, тек қана пайда табушылыққа итереді» деген ойды айтады.

Даосизмнің этикалық идеалы - жақсылық жасауға ұмтылмау. Сондықтан ондай адам - ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген өмірде көп кездесетін жақсылықтың жамандық болып оралуы болса керек. Сондықтан даостардың ізгі адамы еш нәрсе жасамай жеңіске жетеді. «Күреспей-ақ жеңіске жетеді», - дейді даостар.

Даосизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі, тұрақты үйі болса, онда олардың өмірі қуанышты. Сонда ғана көрші мемлекеттер бір-біріне алыстан қарап, бір-бірінің әтештерінің шақыруын, иттерінің үруін тыңдап, өздерінің қартайып өлгендеріне шейін бір-біріне тимейтіндігін айтады.

Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал білімді адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек деген пікір айтады. Өйткені әрекет жасамау, барлық заттардың өзінің мақсатына лайықты өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі. Ал енді басқару мәселесіне келетін болсақ, онда олардың пікірінше, «ең жақсы елбасын, яғни тек оның бар екенін ғана халық біледі. Ал халық сүйетін және көтеретін елбасы - екінші дәрежеде. Содан кейін халықты қорқытып ұстайтын елбасы келеді. Егер халық елбасынан жиіркенсе - онда ол ең жаманы».

Даосизм елдің әділеттік арқылы басқарылатынын, соғыстың құлық арқылы жүретінін айтады. Елді басқару дәрежесіне көтерілу еш нәрсе жасамау арқылы болмақ (У.Вей - заттың табиғи қалыптасуына тежеу жасамау). Егер елбасы еш нәрсеге килікпесе, онда қоғам өмірінде тыныштық орнап, барлығы да өз орнымен келе береді. Егер үкімет тыныш болса, онда халықтың көңілі де жайлы. Бірақ үкімет неше түрлі іс-әрекетте болса, онда халық бақытсыздыққа ұшырайды.

Даостар үкімет басындағы адамдарды байлыққа, қымбат заттарға қызықпауға шақырады. Әсіресе тәкаппарлықтың зияндылығын аса көрсетеді. «Ең бақытсыздық - өз іңкәрінің шегін білмеу-де, ең қауіптілік - асқан байлыққа жетуге ұмтылуда».

Даостар - соғысқа қарсы. Соғыста болған жеңісті мадақтау - адамдарды өлтіргенмен тең. Сондықтан ізгі басшы көршілермен тату түруға, егер қайшылықтар пайда болса, оны бейбіт түрде жол беру арқылы шешу керектігін айтады. Сондықтан қашанда соғысты бірінші болып ашудан бас тартқан жөн деп есептейді.

Конфуций ілімі - Қытайдың моральдық философиясы. Конфуций (551-479 б.ғ.д.) - Қытай халқының ұлы ойшыслы, саяси қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін өзінің ықпалын тигізіп келе жатқан философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізгі еңбегі - «Лунь-уй» (әңгімелер мен пікірлер).Конфуций философиясында қойылған онтологиялық (болмыс) мәселелерге келер болсақ, ойшыл өзінің болмысқа, дүниеге деген жалпы көзқарасында сол кездегі қалыптасқан ой-орістің шеңберінде болған. Аспандағы дао заңдылықтарына табынып, тағдырға сенген. Мысалы, «Лунь-уй» кітабында: «Аспан жөнінде не айтуға болады? Жылдың төрт маусымының ауысуы, болмыстың дүниеге келуі. Басқа не айтуға болады? Егер кімде-кім тағдырды мойындамаса, оны нағыз ерге жатқызуға болмайды», -дейді ұлы ойшыл.

Конфуцийдің адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде осы күнге дейін сақталуы - оның моральдық-этикалық көзқарастарында. Оның әлеуметтік-саяси көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде қаралады.

Конфуций еңбектерінен біз «бес тұрақтылықты» (у-чан) табамыз. Олар: адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық, ақыл-оймен тоқулық (чжи), сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.

Конфуций моральдың «алтын ережесін» алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге: «Бір сөйлеммен сіздің моральдық іліміңізді бізге жеткізе аласыз ба?» - деген сұрақ қойыпты. Оған ол: «Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама», - деген екен.

Конфуций өзінің моральдық ілімінде «адамдардың өзаралықтығына» «алтын ортаңғылыққа», әке-шеше мен аға-апаны сыйлауға, адамдарды сүюге шақырады. Ол кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта оралуына сенген.

Біздің баса көрсеткіміз келетін «тұрақтылық» - ол «ли» (әдеттілік). Конфуцийдің айтуына қарағанда, халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан әдет-ғұрыптарын сақтап, сыйлауы керек. Әдет-ғұрпынан айырылған халық тарап кетеді. Расында да, қазақ халқы бодан болған өзінің тарихында, әдет-ғұрпынан толықтай айырылып қала жаздады. Әсіресе кеңес заманында әдет-ғұрпын сыйлаған адамдарға «ұлтшылдық» таңба тағылым, қудаланған болатын. Сондықтан халықтың «мәңгүрт-тенуі» де көбінесе осыған байланысты болды. Бүгінгі таңдағы жаңару үстінде біз өз мәдениетіміздің көп жағымен «қайтадан танысып» халықтық дәрежемізді көтерудеміз.

Конфуцийдің айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге бөлуге болады. Олар: «ізгі адам» (цзюн-цзы) және «ұсақ адам» (сяо-жень).

«Ізгі адам» өз алдына үлкен талаптар қояды, ал «ұсақ адам» талапты басқалардың алдына қояды. Ізгі адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге болмайды. Ізгі адам басқа адамдармен тіл тауып, бірақ өмірде өз жолын іздейді. ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен, ұрыс - керіс тудырады. Ізгі адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің өмірін ит саяқты орда бітіреді.

Әлеуметтік-саяси көзқарастар. Конфуций өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи қалыптасуында өз орны болуы керектігі және олардың арасындағы қарым-қатынастары әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. «Елбасы әрқашанда ел басы орнында, қызметші - қызметші орнында, әке - әке орнында, ұл -ұлдың орнында», - болуы керек дейді ұлы ойшыл.

Сонау көне заманда Кун-фу-цзы заң мен моральдың арасын айқын ашып, өзінің таңдауын моральдық нормаларға, адамдарды зандардың талабын орындауға мәжбүр еткеннен гөрі, адамның сана-сезіміне ықпал жасап, керекті талаптың әділеттілігіне көзін жеткізу арқылы қоғамды басқарған ұтымды деген пікір айтты. «Егер адамдарды заңдардың негізінде жазалап, шектеп ұстасақ, онда олар қылмыс жасамауы мүмкін, бірақ олардың жүрегінде жаман қылықтарға деген жиіркеніш қалыптаспайды. Егер адамдарды моральдық талаптарға сай тәрбиелесек, онда олар өздерінің жаман қылықтары мен пиғылдарынан ұялып, шынайы дұрыс жолға түседі».

«Мемлекетгік істерді қалай жүргізуге болады?» - деген оқушыларының сұрағына Конфуций былайша жауап береді: «Азық-түлік молынан болуы керек, қару-жарақ та жеткілікті болып және қарапайым адамдардың үкімет басындағыларға сенімі болуы керек».

«Егер мемлекет басына күн туса, онда қайсысын құрбан етуге болады?», - деген келесі сұраққа ол былайша жауап береді: «қару-жарақты құрбан етуге болады. Ал тағы да құрбан етуге керек болса? Онда азық-түліктен бас тарту керек. Сонау көне заманнан осы уақытқа шейін адамдар аштықтан өледі. Бірақ халықтың жүрегінде үкіметке деген сенім азайса, онда ол мемлекет тұрақты болуы мүмкін емес». Бұл пікірді біздің қазіргі заманымызға таратып, реформаларға баға берсек, Қытай реформаларының алға басуы - халық пен үкімет басындағы адамдардың арасындағы берік сенімдіктің болуы. Халық саяси-экономикалық шешімдерді жұмыла іске асырады, ал басшылар өз халқына таза пиғылмен қызмет етеді.

Таным мәселелері. Конфуцийдің айтуыша, өздерінің табиғатына қарағанда адамдар бір-біріне өте ұқсас, бірақ өмірден алған дағды мен тәлім-тәрбие адамдарды әртүрлі қылады. Тек қана ең биік даналық пен ең шегіне жеткен ақымақтық тұрақты.

Конфуций білімді әртүрлі дәрежеге бөледі. «Ең биік білім -ол туа біткен білім. Одан төмен білім - игерілген, келесі - қиындықтарды бастан кешіп алынған білім. Бірақ оңбаған адам басынан өткізген қиындықтардың өзінен сабақ алмайды», - деп өкінеді Конфуций.

Конфуций білімнің адам өміріне деген құндылығын жете көрсетті. «Барлық көргенің мен естігеніңді жүрегіңде сақта. Қажымай-талмай оқудан тойынба, басқаларға біліміңді жеткізе біл», - деген нақыл сөздерді айтады. Конфуций ойынша, білім саласында ерекше моральдық тазалық керек. «Білгеніңді айт. Білмесең -білмеймін де. Тек осындай білімге деген көзқарас даналықты көрсетеді». Ойшылдың айтуына қарағанда, оқып-білудің өзі де өте қиын жұмыс, ол адамның дербес өзіндік оймен тоқуын талап етеді.

Конфуцийдің ілімін әрі қарай дамытқан Мен-Цзы болды. «Егер тек қана оқып, оқығанды ой елегінен өткізуге ұмтылмасақ, онда ол еш нәтиже бермейді. Ал күнбе-күнгі ой толғауы білім мен надандықты айырмайды. Аққан су саяқты, оған Батыс пен Шығыс бәрібір», - деген Конфуцийдің ойына қарсы шығып, Мен-Цзы «Аққан су Батыс пен Шығысты, расында да, айырмайды. Бірақ ол жоғарыға аға алмайды, тек қана төменге ағады. Сол саяқты адамдардың бәрі де жақсылыққа ұмтылады», -деп жауап береді.

Мен-Цзы адамдардың табиғи берілген басқа адамдарға деген аяныш, кеңілін жұбату сезімі, ұяттық және ызалану сезімі, сыйлау және табыну сезімі, шындық және жалғандық сезімдері бар деген пікір айтады. «Осы сезімдердің негізінде адамды сүю, әділеттілік, әдеттілік, тану-білу қабілеті қалыптасады. Ал жамандық адамның табиғатынан, ия болмаса Аспанның еркінен емес, өмірдегі тапшылықтан, аштық-жаңалаштықтан пайда болады», - деген пікір айтады. Нии Мен-Цзы айтқан мына нақыл сөзге көңіл аударайық. «Мен өмірді бағалаймын, бірақ одан да қымбат - әділеттілік. Егер мен осы екеуін бірдей ұстай алмайтын жағдайда болсам, онда мен әділеттілікті таңдар едім».

Мен-Цзы Кун-фу-цзының адамды сүю принципін әрі қарай дамытуға көп көңіл бөледі. Біздің бүгінгі күннің ахуалына сай келетін мына нақыл сөздерді ойымызға тоқиық. «Құрметті Ван! Біз иеге тек қана пайда жөнінде сөйлесеміз? Мен тек адамды сүю және парыз жөнінде айтқым келеді. Егер Ван мемлекеттің пайдасы жөнінде айтса, онда құзыр иелері өзінің үйін қалай байыту керектігін ойлайды. Қалғандары өз пайдасын қалай табу керектігін ойлайды. Мұндай жағдайда жоғарыдағылар мен төмендегілердің арасында ұрыс-керіс басталып, мемлекетке қауіп төнеді. Егер борыштан гөрі пайда табу басым болса, адамдар бірінікін-бірі тартады».

Сондықтан өкімет басындағылар қандай болса, халық та сондай. «Басшылар жел саяқты, ал қарапайым халық шөпке ұқсайды. Қайда жел үрлесе, шөп сол жаққа майысады», - дейді Мен-Цзы. II ғ. б.з.д. заманда ресми мемлекет дініне айналып, Кун-фу-цзы ілімінің негізгі құндылықтары осы уақытқа дейін Қытай мемлекетінің идеологиясының негізінде жатыр.

Фа-Цзя мектебі - көне Қытайдың әлеуметтік-саяси философиясы. Көне Қытай философиясының тағы да бір ерекше ағымы - ол фа-цзя мектебі («фа» - заң). Бұл ағым, негізінен алғанда, конфуциандық ілімге қарсы бағытталған (әсіресе оның адам, мораль мәселелеріне) ілім.

Фа-Цзя мектебінің негізін қалаушы - Хань-Фэй-Цзы (280-233 б.ғ.д.). Ол өзінің болмыс ілімінде Даоны бүкіл дүниедегі барлық нәрселердің табиғи заңы ретінде қарады: «Әрбір зат пен істің өзінің заңдары бар. Аспанның өз заңдылықтығы, ал адамдарды алатын болсақ, олардың өздерінің орнатқан заңдары бар».

Дао - жалғыз және бөлінбейді деген пікірдегі Хань-Фэй-Цзы сондықтан елбасы да тек өзіне ғана сенуі керектігін айтады. Даоның өзіне ұқсас басқа ештеңе болмағаннан кейін, оны жалғыз дейміз. Сондықтан ақылды елбасы Даоның іске асқанын бағалайды. Әрі қарай елбасын Даоның қасиеттерімен салыстыра келе, оның қандай болу керектігін көрсетеді.

«Дао бос, қозғалмайды және жалғыздықта, сондықтан елбасы да бәрін өзінің ішінде терең сақтауы керек, адамдардың алдында ашылмағаны жөн. Елбасы даосын ешкім көрмеуі керек, ал оны қолдануды басқалар түсінбеуі керек», - деген пікір айтады.

«Фа-цзя» мектебінің ел басқару мәселелеріне келетін болсақ, олар адамның табиғатының өзімшілдігіне негіздеп, оны шешті. Мысалы, Хань-Фэй-Цзы, халық тек қана пайда мен жалақыны жақсы көреді де, жаза мен дарға асуды жек көреді. Ал оның бәрі елбасының қолында. Сондықтан елбасы қоғамда тәртіп орнатуы үшін, бәрін заң арқылы ретке келтіруі керек. Заң қысқа, әрбір адамға түсінікті болуы керек. Қоғамда жаза көп, құрметтеу аз болса - жақсы. Қайсыбір заңды бұзушылық қатты жазалануы керек. «Бірақ кімнің заңды орындамағаны, бұзғанын қалай білуге болады?» - деген сұраққа фа-цзя мектебі өз айлаларын алға салады. Ол үшін адамдар өзара бір-бірін бақылап жүрулері керек. Оны қалай істеуге болады? Ол үшін адамдардың жүрегіне қорқыныш сезімін кіргізу керек. Заң бұзған адамды жазалағанда, оны халық алдында жасау керек. Сондай жағдайда адамдардың өздері-ақ бір-бірін көрсете бастайды.

Фа-цзя мектебі заң мен басқару өнерін бір-бірінен айырып қарайды. Заңды қалай шығарып орындату керектігін біз жоғарыда айтып кеттік. Ал басқару өнері ше?

Басқару өнері елбасының жүрегінде өте терең тығылған. Елбасының ойын оның жанындағы ешкім де білмей, сандалуы керек. Өйткені «Елбасының ізін аңдып, арыстаңдар жүр». Егер ол өзінің құпиялығын жоғалтса, онда арыстаңдар (жанында жүрген басқа лауазым иелері) оны жеп қояды.

Елбасы бәріне самарқаұлықпен қарап, еш нәрсе жасамауы керек. Оның күші - ештеңені жасамауда. Сонда ғана ол өзінің жауларының пиғылын біледі.

Осы «Фа-цзя» мектебінің талаптарын үкіметтің саяси идеологиясына айналдырып, Қытай императоры Цинь-Ши-Хуан өз елінде аса қатыгез басқару жүйесін орнатқан болатын.

Сонымен Қытай халқы көбінесе моральдық жолмен тәрбиеленгенмен, «заңдық» басқарудың да барлық қиыншылықтарын өз басынан өткізді. Соңында моральдық тәрбиені заң жолымен қоғамдық қатынастарды ретке келтірумен ұштастырды.

Фа-цзя мектебінде ашылған саяси технологиялар (techne -грек сөзі, өнер) мыңдаған жылдар өткеннен кейін, тоталитарлық диктаторлық тәртіптер орнаған жерлерде кеңінен пайдаланылды. Мысалы, Сталиннің қудалауының негізінде миллиондаған адамдар оның құрбаны болды. Оны біз әрқашанда өз есімізде сақтаймыз. Сонымен бірге көп адамдар сол құрбандарды уақытында көрсеткен, соларды бір жағынан көре алмай, екінші жағынан, біреуді көрсетіп өзінің өмірін сақтап қалуға тырысқан миллиондаған адамдарды есімізден шығарып жібереміз. Ал бұл сұрқиялықтың өзі мемлекеттік репрессиялық машинаның совет адамдарының жүрегіне тіпті адамдық емес, «хайуандық қорқынышты» еңгізгендігінен болды. Сталиннің елді басқару технологиясында да өзінің «құпиялығын» сақтауы, өз жанындағы мемлекеттік қызметкерлердің арасына «алауыздықты», өзара сенбеушілікті енгізіп, олар жөніндегі ақпарат жинау т.с.с. бәрі де «барлық уақыт пен халықтардың көсемінің» «фа-цзя» философиясын жақсы игергенін көрсетеді.

Материалистік ағымдар. Әрине, Қытай философиясында материалистік ағымдар да болды. Мысалы, «ци» ұғымы Демокриттің «атом» ұғымымен тең, олар көзге көрінбейтін, әртүрлі салмақты ұсақ бөлшектер. Мысалы, Сюнь-цзы (298-238 б.ғ.д.) Қытайдың «аспанға» табынуы әдетіне қарсы шығып былай дейді: «Аспанға соқыр сенімдіктің негізінде табынғанша, заттарды көбейтіп, аспанды неге бағындырмаймыз? Біреу сұрады: - Егер рух болмаса, онда Құдайға табынып сұрағаннан кейін неге жаңбыр жауды? - Мұнда ешқандай таңғалатын нәрсе жоқ, өйткені жаңбыр Құдайға табынғанға дейін де, кейін де жауады» т.с.с.Дегенмен Қытай философиясында идеалистік ағымдар басым болып, негізгі философиялық толғаулар адам мәселесіне, қоғамның әлеуметтік-саяси жақтарына, басқару жүйесіне, моральдық сұрақтарға арналды.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 47 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав