Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорын - шаруашылық субъект ретінде.

Читайте также:
  1. A) Экономика субъектілерінің экономикалық оқшаулануы.
  2. Cубъективные права и юридические обязанности субъектов правоотношений.
  3. Esse est percipi» как мировоззренческий ориентир и программа исследований. Субъект как внепространственная и вневременная опора мира
  4. II. ДАННЫЕ СУБЪЕКТИВНОГО ОБСЛЕДОВАНИЯ.
  5. II. По субъективной стороне в зависимости от формы вины выделяют: неосторожных и умышленных преступников.
  6. А) в пределах санкции статьи КоАП РФ или закона субъекта РФ об административных правонарушениях, предусматривающей ответственность за соответствующее правонарушение
  7. Автономные области и округа как национально-государственные субъекты РФ.
  8. Административная правосубъектность.
  9. Административно-правовой статус органов исполнительной власти субъектов РФ.
  10. Административно-территориальное устройство субъектов Российской Федерации

Фирма - кез-келген шаруашылық кәсіпорынға қатынасы бар ортақ атау. Бұл ұғым тек кәсіпорындарда заңды тұлға құқығы бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, фирма- бұл өнеркәсіптік, инновациялық, сервистік, саудалық кәсіпорын немесе заңды тұлға құқығынан қолданатын бизнесмен. Фирманың өзінің фирмалық белгісі мен атауы болады. Олар жалғыз ("Мариар" маркетингтік фирмасы).аралас (" Стерлинев және КО " фирмасы)1

Фирманың атауы "Фирма" ұғымы тәрізді кәсіпорынның ұйымдық-құқығының мәртебесін бейнелейді, керісінше бұл мәртебе сізді өзіндік кәсіпорынды ұйымдастыруда әріптеспен сөйлесу кезінде қызықтыруы мүмкін.

Тура осы сипаттама әріптеске де қатысты. Компания мұнда кез келген сауда, өндіріс, транспорттық т.б. іскер адамдардың жиналған тобына беретін кез келген кәсіпорын. Олардың ерекшелігі біріккен іс әрекет атқаруы. Бұл екі ұғымның арасындағы ерекшелік жеке дара меншік өзінің кәсіпорнының фирмасы деп атауға болады. Ал кәсіпорында бірнеше иегерлер "КО" атауы кәсіпорынға заңды тұлға деген мәртебе бере алмайды. "Кәсіпорын" терминінің бірнеше түсініктері кездеседі. Ресейлік құқық бойынша кәсіпкерлік -жеке шаруашыпық субъект. Басқа жағдайларда кәсіпкерлік - дегеніміз белгілі бір элементтерден тұратын өндірістік шаруашьшық кешен,Ең алдымен материалды және еңбек, Бұл "компания" термині -зауыт.фабрика сауда ұйымы. Тағы басқалардың орнына да қолданыла береді.

Кәсіпкерлік қызметі жеке кәсіпорын құру немесе серіктестік нысанын да құруға болады.

Жеке кәсіпорын - бұл бір ғана адамдардың меншігіндегі кәсіпорын. Ол адам сол бизнестің қызметіне, барыеына толығымен өзі жауап береді. Кәсіпкерліктің бұл нысаны заңды тұлға мәртебесі бар және заңды тұлға емес кәсіпорын негізінде де жүзеге аса береді.

Көптеген елдерде кәсіпорынды сауда реестріне көшіру үшін міндетті түрде заңның талаптарын сақтау қажет. Негізінде бұл кесіпорын көлемі мен оның қызметтерінің түріне де байланысты. Заңды тұлға ретінде өзіндік жеке жарғысы бар, банктік есебі және мемлекеттік сауда реестріне енген іскер кәсіпорындар ғана бола алады. Кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асуы үшін заңды тұлға мәртебесі жоқ кәсіпорын қандай да бір кез-келген қызметпен айналысуы керек.

Батыс елдерде кәсіпкерлік ұйымда кәсіптік құқық бар. Бұл құқық шаруашылық кәсіптік еріктілік принципіне негізделген. Яғни әр индивид үшін жеке шаруашылықтың қызметпен айналысу заңының болуы. Кәсіптік құқық бұл мерзімдер олардың эконикалық жүйесінің бөлінбейтін құрамын құрайды. Шаруашылық қызмет бойынша шектеулер кез-келген елде бар. Бір елде банкілік сфера қызметін жоспарлауда оған келісім алуы міндетті болуы керек, Ал басқаларда ешқандай да шектеу жоқ болады.

Ресейде кәсіпкерлік қызметің заңына сәйкес заңсыз шешім қабылдауға қатаң жаза қолданылады.Егер кәсіпкерлік қызмет ешқандай адамдарды жалдамаса, онда индивидуалды еңбек қызметі ретінде тіркеледі.Кэсіпкерлік егер адамдар жалдайтын болса,онда кәсіпорын деп тіркеледі.

Ресейде кәсіпорын - дегеніміз бұл белгілі бір заң бойынша пайда болатын шаруашылық субьект және де олар қоғамның тұтынушылар мен пайда алу мақсатында өнім өндіруі қажет.Кәсіпорын өзінің қызметін еркін түрде жүзеге асырады, өзінің шығарған өнімінен түскен пайданы өзі қолданады. Бірақ міндетті түрде салық пен басқа да міндетті төлемдерді өз уақытында жүзеге асыруы қажет

Кәсіпорынды сипаттау кезінде оның келесі қасиеттөрін бөліп шығарады:

- белгілі бір негізділік: мүліктік немесе мүліктік емес.

- Заңды мәртебе, бұл кәсіпорынға белгілі бір құқық пен міндеттерді бекітеді.

- Кәсіпорынның атауы мен оның ұйымдық -құқықтық нысаны.Бұл арқылы кәсіпорынға жауапкершілік жүктеледі.

Кәсіпорын сонымен -өзіндік заңды тұлға және мүліктік құқығы бар еркін.шаруашылық субъект.

Кәсіпорын жөнінде қажеткер тутынушы оның атауына мән береді. Кәсіпорынның атауы- бұл кез-келген кәсіпкерлердің қандай да бір істі бастауына әсер етуші фактор. Атауды ұзақ уақытқа таңдайды. Атау фирманың болашағы және ол бойынша оның қызмет сферасын біле алады.

Пайданы жоғарылату (максималдау) мақсатында кәсіпкерлік сектор, капиталды бөлу жағымен қатар, оларды біріктіру жағына да бағыттауын күшейтеді. Капиталды қызмет етуші - өндірістік және ақшалық деп бөлу нәтижесінде акционерлік қоғамдар құрылып, кең өріс алды.

Акционерлік қоғам – бағалы қағаздар мен акцияларды сату жолымен құрылатын капиталды бірлестік. Алғашқы акционерлік қоғамдар Англияда (1600ж. ағылшын Ост Инд компаниясы) пайда болған. Акционерлік капитал капитализмнің экономикалық құрылымының маңызды құрамына айналып, капиталды жинақтау болып табылады. Олар өндірісті шоғырландыру және орталықтандыру процестерін жүргізудегі тұтынумен тікелей байланысты. Акционерлік кәсіпорындар пайда болуының материалды негізі – капиталды қоғамдастыру (ортақтастыру) процесі. Дамудың заңдылықты нәтижесі ретінде акционерлік капиталды анықтауда К.Маркс: “капиталдың өндірушілер меншігіне қайта айналатын, бірақ, енді бөлінген өндірушілердің жеке меншігіне емес, өндірушілердің ассоциацияланған меншігіне өтетін, яғни, тікелей қоғамдық меншікке өтетін өтпелі қажетті шарты” ретінде тұжырымдап өткен. Ал, қоғамдық кәсіпорындар сияқты, акционерлік қоғамдарда өндірушілер мен меншік иелерінің бірігуі болғандықтан, капитал жеке меншік капиталына қарама - қарсы “қоғамдық капитал” формасына ие болады (тікелей ассоциацияланатын тұлғалар капиталы). К.Маркс пайда болған (туындаған) меншіктің қоғамдық формасының жетілмегендігін айтып өткен. Сонымен қатар, капиталистік акционерлік қоғамдар мен кооперативті фабрикаларды капиталистік өндіріс тәсілінен ассоциацияланған өндіріс тәсіліне өту формасы ретінде қарастырған. Акционерлік меншіктің мұндай сипаты оны әрқалай түсіндіріліп – талдауға мүмкіндік береді, бірақ, бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, келесісі мәнді болып көрінеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – тек мүліктік емес, өз салымдары бойынша ғана жауапкершілігі болатын қоғам қатысушыларының капиталын біріктіру формасы. Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасындағы негізгі айырмашылықтар төмендегіше:

- біріншіден, акционерлік капиталдың жарғылық қоры тек құрылтайшылар құралдарының құрылтайшы компанияның (құрылтайшы инкорпорация) акцияларына айырбас есебінен ғана құрылмайды, ол сонымен қатар, жазылым инкорпорациясы процесінде барлық тілектестерге компания акцияларын еркін сату есебінен де құрыла алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық қоры, мүлікті түрде салынады, оның құрылтайшыларының пайлық салымдары есебінен де құрыла алады;

- екіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін, жарғылық капиталдың ең аз мөлшері (минимумы) және бір акцияның ең аз мөлшері (минималды) анықталуы қажет. Жауапкершілігі шектеулі қоғам құру үшін жарғылық қор мөлшері аз болады;

- үшіншіден, акционерлік қоғамды құру үшін - қатысушылардың белгілі бір мөлшері (минимумы) қажет, әдетте, акционерлердің жоғарғы шегі орнатылмайды. Әдетте, жауапкершілігі шектеулі қоғамдағы пайшылардың саны, компаниядағы акционерлер санына қарағанда, өте аз мөлшерлі болады, ал кейбір мемлекеттерде жауапкершілігі шектеулі қоғамды бір адам да (мысалы, Жапония мен Германия Федеративті Республикасы мемлекеттерінде) құра алады;

- төртіншіден, егер антимонополиялық заңдылықты бұзбаса, акцияның бір меншік иесінен екіншісіне өтуі шектелмейді. Акциялар қор биржаларында рыноктық бағамен еркін сатылып және сатып алынады. Жауапкершілігі шектеулі қоғамда пайды беру серіктестердің көбісінің немесе барлығының қолдауы арқылы жүргізіледі;

- бесіншіден, жауапкершілігі шектеулі қоғамды құру тәртібі акционерлік қоғамға қарағанда жеңіл, ал оған кеткен уақыт пен құралдардың шығынында төмен;

Қазіргі экономикадағы өте ірі фирмалар көп қаржыны және өндірістік ресурстарды, ұзақ мерзімді инвестицияларды, старттық капиталды талап ететін бизнес, тап осы екі құқықтық формада қызмет етеді. Сондықтан қазіргі кезеңгі корпорациялар осы құқықтық формаларда болады.

Өндіріс дамуының мақсаты – ресурстарды рационалды қолдану принципі. Фирманың өндірістік қызметі: максималды арнайылылық, монополизацияға әкелетін факторларды ескермеу, шығындарды минимизациялау (үнемдеу) сияқты элементтермен сипатталды. Болашақта мақсатты қойылымға ілесу фирмааралық өзара қатынастарды дамытып, онан әрі “бәсеке - монополия” байланыстарының қайшылығын күшейтеді. Осы қарама - қайшы бірлікті шешу әдістерінің бірі - корпоративті кәсіпкерлікті құру. Осындай жағдайларда дамитын орта - корпоративті бизнес секторы. “Жетілген бәсекемен” қатар, рынокқа жат монополизмнен кетуге ұмтылады. Осы корпоративті бизнестің мәні – рыноктық жүйеде олигополиялы ұйымына сәйкес. Ұдайы өндірістік аспектіде бұл порцесс келесідей: өндірістің вертикалды интеграциясы, өзін - өзі инвестициялау мүмкіндігі, фирманың өндірістік, инновациялық және технологиялық мүдделері нәтижелеріне ие болуы.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 56 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав