Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көне грек және рим мәдениетінің даму сатылары қандай болды?

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> Криминалистика заң ғылымдарының ішінде қандай ғылыммен барынша тығыз байланысты
  7. Lt;question> Криминалистиканың қандай бөлімі қылмыстық іс жүргізумен барынша тығы байланысты
  8. Lt;question> Объектілердегі өзгерістердің қай жерде орналасқанына тәуелді түрде іздер қандай түрлерге бөлінеді
  9. Lt;question> Папиллярлық өрнектердің өзінің құрылысы жағынан ең күрделі типі қандай
  10. Lt;question> Саусақтағы папиллярлық өрнектер қандай типтерге бөлінеді

Антикалық мәдениет (латынша «антигус» - көне, ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Грек мәдениеті тәріздес, Рим мәдениеті де қүл иеленуші қоғамның мәдениеті болған. Эллин әлемінің түкпір-түкпірінен осында суреттер мен мүсіндер әкелініп, сауатты, көзі ашық грек құлдарға көптеген ақша төленіп отырды. Олардың пьесаларындағы грек философиясының қысқа афоризмдерін сүзіп алған театрға, римдіктер баруды жиілете берді. Грек философтары қонақтықты жиілетіп, кейбіреулері Рим тұрғынына айналып, мұндағы ақсүйек жастарға ұстаздық қыла бастады. Әдетте, грек трагедиялары мен комедияларын негізге алып, бірнеше пьесаның басын қосып, Рим драматургтері өз жерлестерінің талғамына сәйкес, бір пьеса жасап, көрсетуді әдетке айналдырды.Гректердің құдайлар хақындағы білімдері мен аңыздарын пайдаланған римдіктер, кез келген мифтерге ұқсас, өткендерін баяндайтын, бүгінгісін түсіндіретін, жұртшылыққа жүріп-тұруға нұсқау беретін мифтерін өздері де бұрынырақ жасаған-ды. Бір ерекшелігі: ол мифтердің басты нысанасы құдай да, космос та, адамзат та емес. Ол негізінен оның халқы, тәңірілік және адами сарындар астасып араласып кеткен, қолда бар және болуға тиісті нәрсенің мөлшер-норматив қызметін атқаратын оның тарихы болды. Тарихты аңызға айналдырған халықтардан, римдіктердің ерекшеліктері, мифологияны кескінге айналдыруы болды.Құдайлардың алдын ала белгілеуімен, тәңірлердің заңдарын нүсқауымен жасалған қала – Римнің тарихы –римдік мифтің кіндік идеясы - осы. Бұл миф Римге қызмет көрсететін қажетті рахымшылдардың негізгі моралдық құндылықтарын қорғайтын, Рим халқы, халық еркіндігі, кез келген жерде, кез келген жағдайда бойындағы бар күш-жігерімен қызмет қылу парызы — олардың қала-мемлекетінің гүлдену дәуіріндегі құндылық жүйесінің негізі. Бірінші Рим ақыны, тегі — грек, б.з.д. 272 жылы осында тұтқындалған, кейінірек босатылған Ливий Алдроник болды. Ол "Одиссеяны" латын тілінен өлеңмен аударған. Рим мектебіндегілер оның аудармасынан ұзақ жылдар бойы дәрісі алған. Ливий Андроник грек шығармаларын аудара және өңдей отырып, бірнеше комедиялар мен трагедиялар жазған.Цицеронның шығармашылығы рим мен грек мәдениеттерінің синтезіне, римдік және грекиялық азаматтықтың бірлігіне негізделген. Марк Тулий Цицерон мемлекет қайраткері, Рим республикасын басқарушылардың бірі болған. Заңгер, шешен сөз теоретигі. Сонымен қатар алдына жан салмас шешені адам. Онымен қоса философия білгірі, ақын, аудармашы. Шешен сөз өнерінің ежелгі білгірлері, Цицерон сөздерінің үйлесімділігі мен мүлтіксіздігін аса жоғары бағалаған.Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік). Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен орта бөлінбеген, олардың арасында үйлесімдік бар. Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатумен байланысты болды. Мысалы, Гей – жер, Уран – аспан, Прометей – адамға от сыйлаған, Афины – ақылдылықтың кепілі. Ежелгі гректердің рухани мәдениетінің бүкіл адамзат өркениетінде өшпес із қалдырған түрі кемеліне жеткен антикалық өнер.Ең алдымен ұлы грек трагиктері Эсхил, Евридип, Софоклдың, комедиограф Аристофан т.б. есімдерін атап кеткен жөн. Гомердің «Иллиада» және «Одиссея» поэмаларында классикалық мифологияның өзі де құдайлар мен батырлар туралы жырлардан, аңыздардан тұратыны атап көрсетілген. Сөйтіп, батырлар мен адамдардың өмірі өте жақын, ұқсас, түбінде бір болып шығады. Грек полисі, алдымен Афина, б.з.д. 7-6 ғ.ғ. бас кездерінде тұрғызылған. Оның мәдениет деңгейі, жалпы ұғым – ежелгі мәдениет деген анықтауышпен сипатталады.Оның негізгі қасиеттері: 1.Ежелгі мәдениет объетивизм принципіне негіздеоген. Байырғы гректер өз бетінше талдау жасауға, табиғатты абстарктілі – метафизика тұрғысынан салалау дәрежесіне жетпеген.2.Ежелгі мәдениет абсолютті касмологизм негізінде жасалды, жалғыз абсолютті ғарыш тіршілік етеді. Ол өзінше жеке дара абсолют. Біз оны көріп, естіп, сезе аламыз. Космос – заңдарын өзі белгілейтін дене.3.Ежелгі мәдениет – сезімтал материалды, жаны бар және саналы космологизм боп табылады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав