Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мысалшы Эзоп. «Эзоп тілінің» қазіргі ұғымы.

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. Жанжалдың қазіргі таңдағы бағыттарын атаңыз және талдау жасаңыз
  3. Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 1 страница
  4. Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 2 страница
  5. Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 3 страница
  6. Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 4 страница
  7. Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 5 страница
  8. Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 6 страница
  9. Оршаған ортаның тазалығының қазіргі жағдайы.

Эзоп б.з.б. 620-560 жылдары өмір сүрген, грек халқының перзенті. Аты аңызға айналған мысалшы. Ол Самостан шыққан Иадмонның басыбайлы құлы болған. Бостандық алған соң Лидия патшасы Крездің сарайында қызмет етеді. Бір мәліметтерде оны ақсақ құл десе, бірде бүкір құл дейді. «Эзоп» атты комедияның авторы комедиограф Алексид (б.з.б. ІVғ. соңы) өз қаһарманы Эзопты Соломонмен кездестіреді. Сөйтіп Эзопты «Жеті дана және Крез патша туралы» аңыздар циклына кірістіреді. Алексидтің замандасы Лисипп та бұл нұсқаны қабылдап, Эзопты жеті дананың ақылдысы ретінде көрсетеді. Сонымен Эзоптың Ксанфтың құлы болуы, оның 7 данамен қатынасы және дельфылық абыздардың жауыздығынан қаза табуы – мұның барлығы Эзоп жайлы аңыз бөлшектері ретінде сақталып қалады. Бұл жөнінде Эзоп мысалдарын қазақ тіліне аударған Өтебай Тұрманжанов: «Эзоп – грек халқының өте ерте заманында өмір сүрген, ертегіге, ел аңызына айналып кеткен ұлы мысалшыл жазушысы» деп жазады. Мысал атасы Эзоп табиғатында өте еңбекқор, қайырымды, әділдікті ғана жақтайтын, өткенге жаны қас, ешқашан астамсып сөйлемейтін, не нәрсені болса да ақылмен, сабырмен істейтін жан болған. Ел аузында «Эзоп стилі», «Эзоп – мысал атасы» деген сөздердің сақталып қалғаны белгілі. Эзоп жөніндегі ең алғашқы мәліметті Геродот еңбектерінен кездесеміз. Геродот жазбаларына жүгінсек, Эзоп мысыр патшасы Амасистің (б.з.б.570-526) кезінде өмір сүрген Иадмон деген кісінің құлы болған. Қожайынынан бостандық алғаннан кейін Эзоп көп ұзамай дельфылықтар қолынан қаза табады. Осы үшін дельфылықтар Иадмон ұрпақтарына Эзоптың құнын төлейді. Сонымен бүгінгі ғылыми тұжырым бойынша қысқаша түйіндейтін болсақ, Эзоп – б.з.б. 620-560 жылдары өмір сүрген, грек халқының перзенті. Аты аңызға айналған мысалшы. Ол Самостан шыққан Иадмонның басыбайлы құлы болған. Бостандық алған соң Лидия патшасы Крездің сарайында қызмет етеді. Бір мәліметтерде оны ақсақ құл десе, бірде бүкір құл дейді. Қалай болғанда да, ақиқат – біреу, Эзоптың шыққан тегі – құл болған. Әрі ол кемтар жан болған. Мұны М.Л.Гаспаровтың «Эзоптың өмірбаяны» атты ғұмырнамалық дүниесінде келтірілген: «Эзоп өте ұсқынсыз, қор жаратылған кемтар жан болды. Барып тұрған сұрықсыздың өзі, қарыны шартиған, басы қазандай, таңқы танау, үсті кір-қожалақ, терісі қара, кемтар, тілі мүкіс, қолдары қысқа, арқасы бүкір, еріндері салпайған» деген жолдар арқылы бекітуге болады. М.Л.Гаспаровтың Эзоп жөніндегі ғұмырнамалық еңбегін Т.Сәукетаев қазақ тіліне көркем тілмен аударып, әсерлі хикая түрінде «Жұлдыз» журналының бірнеше нөмірлерінде «Көне дәуірдің кемеңгерлері» айдары бойынша жариялап отырған. [8] Қазақ оқырмандарына Эзоп жөнінде бірден-бір толыққанды мағлұмат берген еңбектің бірі – осы. Эзоп мысалдарын ағылшын тілінен қазақ тіліне қарасөзбен аударған С.Ақатаев. Оның «Эзоп. Мысалдары» деген еңбегі «Жалын» баспасынан 1976 жылы жарық көрген.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 55 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав