Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дүниетанымдағы Н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсыз

Читайте также:
  1. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  2. Жанжалсыз қоғам дамымайды дегенді қалай түсінесіз. Неліктен, нақты мысал келтіре отырып, анықтама беріңіз

Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым
Қайта Өркендеу ғылымы негізінен үлкен екі ошақта шоғырланды:
1)университеттер мен мектептер — схоластикалық пайымдау басымырақ, тәжірибе-эксперимент аз; 2) суретші, сәулетші, мүсіншілер шеберханасы — өмірдің өзі өнерді ғылыммен, әсіресе, математикамен ұштастыруға итермелеп отырды.
Қайта Өркендеу Дәуірі ойшылдарының көбі ғылым мен өнердің бірне- ше саласын бір басына жинаған тұлғалар ретінде белгілі болды. Солардың бірі – Николай Коперник. Николай Коперник (1473-1543) — поляк астрономы және философ Өркендеу дәуірінде астрономия жақсы дамыды; оның себебі теңіз сал сының дамуы еді. Астрономия ғылымын тереңдеп зерттеген Коперникт басты еңбегі: «Аспан сфераларының айналуы». Негізгі идеясы: Аристель-Птолемей теориясын терістеу немесе дүниенің гелиоцентрист жүйесін ашу:
1) Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің өсімен ай-наладық
2) Дүниенің ортасы — Күн, Жер осы Күнді айналады;
3) Ай Жердің серігі.
Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыру деген талпыныс еді:,
«Дүние шексіз, ол жер субстанциясы және аспан субстанциясы болып бөлінбейді, яғни, жер мен аспанды теологиялық қарама-қарсы қою деген жоқ
«Жер аспан денелерінің біреуі ғана, қозғалыс заңдылықтары Жер үші де, басқа планеталар үшін де бірдей. Қозғалыс планеталардың бәріні қалыпты жағдайы».
«Денелер өздігінен қозғалады, қозғалмайтын Күш беруші деген жоқ’
«Құдай әлемдік механизмді жаратушы, бірақ оның кейінгі ісіне ара- ласпайды».
«Дүниенің абсолюттік шегі де жоқ».
Коперниктің осындай революциялық жаңалықтары Джордано Брун жалғастырды (1548-1600).


26. Ф. Бэконның ғылыми танымға кедергі жасайтын елестерінің бүгінгі ғылымдағы көрінісі туралы айтып беріңіз

Фр.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш». Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды: 1.Тектік елестер; 2.Үңгір елестері; 3.Базар елестері; 4.Театр елесі. Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық). Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды (мысалы, схоластикалық философияның танымға әсері). Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергелерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.

Фр.Бэкон ғылымдар классификациясын жасауға тырысты. Классификация негізі – адам ақылының қасиеттері: ес, қиял, пайым (рассудок)Еске – тарихи ғылымдар,қиялға – поэзия,пайымға – барлық ғылымдардың негізі – философия сәйкес келеді.

 

  Ф. Бэконның “жемiстi² және “сәулелi² тәжiрибелер жөніндегі ойлары туралы талдау жасаңыз

Ф.Бэкон - Жаңа дәуiрдегi философияның алғашқы өкiлiАғылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлiк - әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков 1 оған Верлуам деген жердегi үлкен қорғанды сыйға тартып, “Верлуам лорды² деген атақ бередi. Алайда, саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан, жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Ендi оның философиямен айналысуына жол ашылады.Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерiнiң iшiнде “Ғылымдардың қадырлығы мен көбейуi жөнiнде², “Жаңа Органон², “Жаңа Атлантида² деген еңбектерiн атап өтуге болады. Ф.Бэконның шығармаларының ерекшелiктерi - ол бiлiмнiң өмiрге деген қажеттiлiктен пайда болатындығын асыра көрсетуi. Ол әсiресе, табиғатты зерттеудiң қажеттiгiне көп көңiл бөледi, ал оның негiзгi жолы - тәжiрибелiк зерттеулер. “Не iс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты², ғылымның жетiстiктерi мен жемiстерi - оның ақиқаттығының көрiнiсi,- дейдi ұлы ойшыл. Тәжiрибенi талдай келе, Ф.Бэкон оны екiге бөледi. Олар - жемiстi тәжiрибе мен сәулелi тәжiрибе. Бiрiншi өмiрге пайдалы нәтижелер әкелсе, екiншi табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседi. Сәулелi тәжiрибелер өмiрге дереу пайда әкелмегенiмен, жемiстi тәжiрибелердi жүргiзуге көмек бередi, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар едi. Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу мәселесiне (классификацияға) көп көңiл бөледi. Оның ойынша, адамның жан-дүниесiндегi үш қабiлетi ғылымды топтастырудың негiзiнде жатуы қажет. Олар -1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетiне сай ғылым - тарих, қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия. Тарих ғылымын Ф.Бэкон екiге бөледi. Олар - жаратылыстану тарихы (historia naturalis), екiншiсi - азаматтық тарих (historia civilis).Қиялға негiзделген поэзия дүниенi шынайы бейнелемей, керiсiнше, адамның жүрегiнен, сезiмiнен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетедi.Ал ендi философияға келер болсақ, оның пәнi үш мәселенi қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелерi. Өз заманындағы түсiнiктерге сай, Ф.Бэкон Құдай мәселесiн “қос ақиқат² тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-бiлу мүмкiн емес. Сондықтан, ол теологияның шеңберiнде сенiм арқылы қаралуы керек. Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екiге бөледi. Олар - теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелi тәжiрибелерге негiзделсе, практикалық философия -жемiстi тәжiрибелерге сүйенiп, табиғатта бұрынғы-соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады. Адам мәселесi де екiге бөлiнедi. Табиғат туындысы ретiнде оны философиялық антропология (philosophia humana), ал қоғамның мүшесi ретiнде азаматтық философия (philosophia civilis) зерттейдi.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 39 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав