Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тоталитаризм 4 страница

Читайте также:
  1. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 1 страница
  2. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 2 страница
  3. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 3 страница
  4. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 4 страница
  5. БИЛЕТ № 4. 1 страница
  6. БИЛЕТ № 4. 2 страница
  7. БИЛЕТ № 4. 3 страница
  8. БИЛЕТ № 4. 4 страница
  9. Буронабивные сваи 1 страница
  10. Буронабивные сваи 2 страница

12. Саясаттану ғылым шеңберінде «мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз. Мемлекет түрлері мен типтерін қысқаша суреттеп өтіңіз.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекеттің белгілері

мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

Мемлекет түрлері

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

Мемлекет басқаруы бойынша

Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады

Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

13. «Унитарлы мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз

Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [1]

Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания,Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан,Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.

14. «Федеративті мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз

Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдікфактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:

территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла, Бразилия, Мексика);

ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан);

аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария). Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер: 1) федералды заңның жоғарылығы; 2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы; 3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы; 4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу; 5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу

15. Конфедерация дегеніміз не? Анықтама беріңіз және ерекшеліктерінтүсіндіріңіз

Конфедерация (кейінгі лат. confederatіo – одақ, бірлестік) – мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады. Конфедерацияға мүше елдердің бәріне бірдей ортақ заң шығарушы орган, ортақ азаматтылық, территория, әскери күштер, салық жүйесі болмайды. Осындай егемен елдер одағына мүше әрбір мемлекет өкілдері Конфедерация органдарын құрады, олар қабылдаған шешімдер одақтас мемлекеттердің үкіметтері және заң шығарушы органдарының келісімі мен бекітуі арқылы жүзеге асады. Конфедерация құру туралы келісім Конфедерацияның құрылуының құқықтық негізі болып табылады. Конфедерацияқаржысы оған мүше мемлекеттердің жарналарынан құралады. Конфедерация бірқатар проблемаларды шешуде оң рөл атқарады. Атап айтқанда, ажыратылған ұлттарды біріктіру процесінде (мысалы, Корея Республикасы мен КХДР); жаһандық интеграциялықпроцестер шеңберінде бірнеше мемлекеттерді халықаралық құқықтық, аймақтық бірлестіктерге біріктіруде (мысалы, Еуропалық одақнегізіндегі Еуропалық Конфедерация) тиімді рөл атқарды немесе атқаруы мүмкін. Тарихта Рейн Конфедерациясы (1254 – 1350 жылдары), Ганей лигасы (1367 – 1669), Швейцария (1291 – 1798 және 1816 – 1848), Нидерланд (1579 – 1795), АҚШ (1781 – 1789),Германия Конфедерациясы (1816 – 1848), Америка конфедерациялық штаттары болды. Сондай-ақ, Конфедерация федеративтікмемлекеттің құрылуына алғышарттар қалыптастырады. 1918 – 1922 ж., КСРО құрылғанға дейін, ұлттық республикаларды біріктірудің бастапқы кезеңінде Конфедерация және федерация элементтерінің үйлесуі орын алды. Сонымен қатар “Конфедерация” термині кейдеодақ мағынасында әр түрлі ұйымдардың атауы ретінде де қолданылады (мысалы, Франциядағы Жалпыға бірдей еңбек Конфедерациясы, Британия өнеркәсібінің Конфедерациясы, Италиядағы Конфиндустрия, т.б.).

16. Т. Парсонстың «жүйе және жүйешіктер» ұғымын түсіндіріңіз әрбір жүйешіктің ерекшеліктерін сипаттап беріңіз

17. Г.Алмонд бойынша «саяси жүйелер» типологиясын түсіндіріңіз, мазмұнын ашыңыз.

Г. Алмондтың айтуынша саяси жүйе «кіріс» және «шығыс» қызметтері арқылы қоғамда көрініс табады.

Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми деуге болмайды. Саяси жүйелерді әр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеуге болады. Мысалы:

- саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан саяси жүйелер – англо-американдық, континенталды-европалық, индустриалды елге дейінгі, жартлай индустриалды, постиндустриалды (Г.Алмонд);

Институционалдық тармаққа, мысалы мемлекеттік мекемелер, партиялар, қоғамдық саяси ұйымдар жатады. Олардың ең бастысы - мемлекет. Мемлекет - саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады. Мемлекет Г.Алмондтың айтуы бойынша саяси жүйенің негізгі институты. Демократиялық мемлекеттерде билік үш тармаққа бөліну арқылы жүзеге асады. Билік бөліну деген мемлекет билігінің өкілеттілігін бөлу. Бірақ мемлекеттік билік тұтас болу тиіс, оны бөлшектеу дұрыс болмайды.

18. М.Вебер бойынша «саяси партиялардың даму кезеңдері және олардың ерекшеліктерін» түсіндіріңіз.

Саяси жүйе жалпы адами адамгершілік нормалар мен талаптардың басымдығын сезінгенде ғана берік бола алады. Жалпы алғанда адамзат қоғамы шексіздікке, адам болмысының ақиқаттығына деген сенімді қажет етеді. Бұл өте жұқа материя нағыз шынайылық, онымен есептеспеуге ешқашан жол берілмейді.

Адамгершілік мақсаттардың, жалпыға маңызды құндылықтардың ақиқаттығын, нормативтілігін тануда әртүрлі әлеуметтік күштердің, саяси қозғалыстар мен партиялардың бірігуі өтеді.

Құндылықтарға деген қатынастың деңгейін саяси жүйенің сипаты, полюстері дсспотия мен демократия болып табылатын олардың барлық спектрі анықтайды.

Саяси жүйелер әр алуандығымен ерекшеленеді. Саяси ғылым осы өр алуандықты талдауға, жекелей алғанда шатаспас үшін және оларды түсінуге қол жеткізу үшін олардың формалары мен типтерін анықтауға әрдайым талаптанып келеді. Саяси ғылымда саяси-жүйелердің белгілі бір критерилері бойынша бірқатар типологиясы бар:

1) Әлеуметтік-экономикалық формация типі маңызды критерий болып табылады. Осы тип бойынша саяси жүйелердің маркстік типологиясы құрылған. Формациялық принциптерге сай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік саяси жүйелерді бөліп көрсетеді. Формациялық төсіл шекарасы туралы мәселе ашық болып қалса да қарастырылып отырған типология барынша ғылыми. Әлеуметтік топтар мүдделерінің келісімі мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету тәрізді саяси жүйе типі қоғамдық қатынастардың сипатымен, үстем таптың мүдделерімен анықталынады. Бірақ саяси жүйені лайықты түсіну үшін фориациялық

тәсіл антикалық дәуірден бастау алған өркениеттілікпен толықтырылуы қажет. Бұл әсіресе қазіргі саяси жүйелердің типологиясы үшін маңызды, өйткені қазіргі дөуірде формациялық принцип толықтай жоғалып кетпесе де екінші орынға ығыстырылған.

2) Мұндай тәсілдің негізін М. Вебер қалаған. Саяси жүйені типологияландырудың критерийі немесе негізі билікті негіздеудің, оның легатимділігінің әдісі болады. Осы критерийге сай саяси жүйелер дәстүрлі және рациональды болып бөлінеді.

Біріншіден, бағыну түрткілері болып дағды мен харизма, екіншіден — мүдде қызмет етеді. Биліктің дәстүрлі типі дәстүр көрсеткенді атқаратын принциппен қызмет етсе, рационалды немесе легитимді-құқықтық жүйеде билік принциптер мен құқықтық нормаларға негізделінген.

Вебер бойынша билікті, оның легитимділігін негіздеудің бұл дәстүрлік әдісі тек қана заңдылыққа деген сенімге ғана емес, өмір сүріп отырған тәртіп пен биліктің қасиеттілігіне де негізделінген. Өзінің мотивациясы бойынша бұл тип көп жағдайда үлкенге және отбасы иесіне ерікті бағыну дәстүрі берік және тұрақты болатын патриархалды отбасы қатынастарына ұқсас. Легитимацияның дәстүрлі әдісі феодалдық Еуропа мен Шығыс үшін тән. Вебер Батыста да құқықтық мемлекеттің тұрақтылығын нығайту үшін саяси дәстүрлермен бекіту керек деп есептейді. Сол себептен де ол демократияның тұрақтылығы үшін билікті мойындаудың көпғасырлық дәстүрімен мемлекет беделін көтеретін және азаматтардың мемлекетке ерікті бағынуын қолдайтын мұрагерлік монархтың сақталуы пайдалы болар еді деп есептейді.

Сонымен, қазіргі кездегі саяси жүйе туралы алуан түрлі концепциялар бар. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы десе, екінші біреулері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді. Саяси жүйе туралы ғылыми анықтамалардың бәрін құрылымдық, міндеттік және жүйелі бағыттарға бөлуге болады.

Жалпы алғанда қоғамның саяси жүйесі дегеніміз белгілі бір таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың, тіпті жеке адамдардың әрқайсысына және бәріне тән мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған-мемлекет, мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және басқа да түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді.

19. М.Вебер, К.Мангейм, Э.Дюркгейм ұсынған: «саяси идеологиялардың» мәдени трактовкаларының ерекшеліктерінің мазмұнын ашып түсіндіріңіз.

20. Саяси даму және саяси модернизация ұғымдарына анықтама беріңіз. Дихотомиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отырады.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп,бір күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады.Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн.Себебі,соңғысы қоғамдық саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді.Ал,саяси даму бейтарап ұғым,ол тек даму процесін,өзгерісті ғана бейнелейді.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан,олар сырт көзге онша байқала бермейді.Революцияда қоғамның барық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.Мысалы,бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды.Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп,жаңарып шықты.

Критерийлері:

1) Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу,институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес;

2) Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлі, әлеуметтікэкономикалық құрылымы өзгеше;

3) Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктер. Соған орай ол қазіргі тарихи жағдайды,мәдени мәнін, мазмұнын қабылдайды. Саяси модернизация түсінігі мен мәні.Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды єдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы;үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы;төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту. Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағыдиалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты. Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт.Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеуметтік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет. Модернизацияның мәні неде? Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты. Қазіргі саяси модернизацияның мәнін тек пәнаралық құралға арналған кірігуші зерттеу бағдарламалары негізінде ірі сараптамалық сызбалар мен жетістіктерді игеруді тарту тұрғысында түсіндіруге болады. Модернизация мәселесінің күрделілігі мен әрқырлылығын ескере отырып, кірігу теориясының модернизацияланған демократияға өтуін және оның консолидацясын құру қажет. Мұндай ұзақ құрылымдық процесс бірнеше күрмеуі күрделі мәселелерді туындатады:




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 83 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.016 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав