Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға жобалауға бағыт алуы деп көрсетеді. 2 страница

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  3. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 1 страница
  4. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 2 страница
  5. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 3 страница
  6. АЛЬМИНА ЛЕБЕДЕВА 4 страница
  7. Антикалық философияның классикалық кезеңі
  8. БИЛЕТ № 4. 1 страница
  9. БИЛЕТ № 4. 2 страница
  10. БИЛЕТ № 4. 3 страница

Егер білім беру жүйесі ғасырлар бойы мұғалімге, оқытушыға, ғалымдарға байытылса, бүгінде білім беру жүйесі білім деңгейіне қатыссыз ақпаратын меңгеруші кез келген тұлға болады. Білім беру деңгейіндегі оқушылар өз бетінше анықтау ситуациясында ақпараттың қозғалыс траекториясы, білім беру мазмұнын өз бетінше құру, оқу құралын өз бетінше жобалауы, білім беру жобалау арасында басқаларға қажетті болуы мүмкін.

Инновациялық мектептер қатарында жобалау балар мен үлкендермен іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде бекер белсенді дамыды.

Ақпараттың қоғамды білім беру көпшілік таныған дайын білімді меңгеру құралы болып өсуі мүмкін, ол тұлға мен оны қоршаған адамдармен ақпарат алмасу тәсілі бола бастайды. Бүкіл өмір бойы болатын алмасу ғана емес, сонымен қатар ақпаратты да меңгеру болып табылады Педагогикалық жобалауға назар аудару- қазіргі білім берудің тек бейнесі ғана емес. Ол тарихи объективті қажеттіліктің педагогикалық іс-әрекеттің жобалау бейнелеуінің, ойлануы, іс-әрекет тәсілінде дамуы.

Өркениет дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде ұйымдастырушылық әрекеттердің негізгі түрлері пайда болды, оны бүгінгі зерттеушілер ұйымдастырушылық мәдениет деп белгілеп отыр. Қазіргі әлеуметтік жүйелерде ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалауға негізделген түрі пайда болуын ғалымдар түрліше түсіндіреді. Мысалы, ХХ ғасырда әлеуметтік–мәдени жүйелерді интеллектуалдық ұйымдастыру теориясымен қатар олардың жобалау бағдарламаларын құрастыру мен жүзеге асыру теориялары кеңінен тарай бастады. Сонымен қатар, оның негізіне тек теориялық білімдер емес, көбіне осы бағыттарды тәжірибелік талдау қызметтері алынғаны байқалады. Бұған дейінгі ұйымдастырушылық мәдениетте теориялық таңбалаудың жаңа түрлері – модельдер, алгоритимдер, ақпараттар қоры, т.б. – жасалған болатын, кейін бұлардың барлығы да жаңа теориялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша таңбалар түрінде пайда болған жаңа теориялар мен технологиялар алынатын өнімді ғана емес, жалпы технологияларды, бағдарламаларды жобалау қызметін ұйымдастырудың басты түріне айналды.

13. Жобалаудың иновациялықты дамытудағы ролі

Жобалаудың иновациялықты дамытудағы ролі. «Инновация» термині ғылымға XIX ғасырдан бері қоғам дамуын көрсететін қажетті көрсеткіштерінің бірі ретінде белгілі болды. Ең әуелі бұл ұғым антропология және этнография ғылымдарында пайдаланылып, мәдени өзгерістерді зерттеулер барысында «дәстүрлі» деген түсініктің қарама - қарсы мәні ретінде қолданылды. XX ғасырдың басында «инновациялық жаңғыртулар» терминін экономика саласы кеңінен пайдаланып, шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік табыстарын қамтамасыз ететін элементтер комбинациясы ретінде қарастыра бастады. 30-жылдардан бері бұл түсінік менеджерлер арасында белгілі бір «фирманың инновациялық саясаты» термині ретінде кеңінен тарап, инновация «дәстүрлі» ұғымына қарама - қарсы колданылатын болды.

14. Н.Г.Алексеев бөліп көрсеткен жобалауды жүзеге асырудың екі кезеңі

Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы екі кезеңді бөліп көрсетеді. Оның бірінші кезеңі қоғамдағы жалпы өзгерістермен тығыз байланысты болып, жобалау қызметінде еркіндіктерге ие болған кездермен сипатталады. Бұл кезеңде стихиялық жобалау тәжірибесі, әсіресе білім беру саласында, кеңінен қанат жайып, өз «жобаларын» құрастыру мен ұсыну жаңашыл мұғалімдерден бастап білім мекемелеріне дейін орын алды. Осы жағдайларды талдау қорытындылары жобалау тәжірибесі мен оның мәдениеті қалыптаспағандығын көрсетіп, жобалауға мәдени түр беру, оны мәдени тәжірибеге айналдыру міндетін алға қойған болатын. Сөйтіп, жобалаудың екінші кезеңі басталды, ресейлік және отандық ғалымдар осы кезеңнен бастап жобалаудың педагогикадағы инновациялардың мәдени түрі деп белгіленуіне негіз қалыптасты деп санайды.

Жобалаудың мәдени контекст алуы оны басқа ғылымдар тұрғысынан, соның ішінде, педагогикалық - психологиялық тұрғыдан, педагогика тарихында қалыптасқан үрдістерге сай зерделеуге мүмкіндік берді.

Инновациялық үрдістерді жобалау негізінде мәдени дамыту тәжірибесі екі түрлі бағытта қалыптасқандығын айта кету керек. Біріншісін эмпирикалық деуге болады, ол – бәсекеге қабілетті жобаларды таңдау мақсатында тиімді жобаларды құрастыруға үлгі ретінде қолдануға болатын жобалаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу жолы. Екіншісі, процестерді дамытуды көздейтін жобалар үшін қажетті арнайы заңдар мен заңдылықтарды теориялық зерделеу болып табылады.

15. Жобалаудың әлеуметтік– мәдени қызметі.

Әлеуметтік жүйелердегі жобалау оның құрамындағы компоненттердің өзіндік ерекшелік сипаттарын, олардың өзара (заттық, ақпараттық, энергетикалық, т.б.) және жүйенің сыртқы байланыстарын (әлеуметтік орта, табиғи орта), жүйе компоненттері мен тұтас жүйенің даму тенденцияларын жүйелік және кешендік тұрғыдан жүзеге асырылады.

Бұл жүйелердің басқа техникалық, жаратылыстанудағы жүйелерден ерекшелігін оның адам мен қоғамның дамуына байланыстылығы құрайды. Әлеуметтік жүйелердің басты компоненті болып табылатын адамдардың іс- әрекеттері жүйенің өзгерістерімен, сыртқы ортаның талабымен ғана анықталмайды, олар негізінен, адамның өзіндік мүмкіндіктеріне, түрлі жағдайларына сай шешім қабылдай білуіне қатысты анықталады. Сондықтан, әлеуметтік жүйелердің моделі жүйенің объективтік заңдылықтарын жүйенің және оның компоненттерінің мақсаттарымен интеграциялауды қажет етеді. Тәжірибеде осы интеграцияны қамтамасыз ету, үйлестіру оны басқарудың басты мақсаты болып табылады. Нақтылай айтқанда, әлеуметтік жүйелерді дамыту қызметі сол жүйеге тән объективтік заңдылықтарға сай жүйенің мақсатын ондағы адам компоненттерінің мақсатымен үйлестіру жолдарын анықтайды. Сөйтіп, әлеуметтік жүйелерді дамыту ондағы адамдар үшін маңызды өзгерістерді ендіру негізінде жүзеге асырылады.

Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік жүйелерді басқаруда ондағы адамдардың өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру, түрлі қабілеттерін дамыту және пайдалану мақсатында белгілі бір ұйымның қызметін қамтамасыз етуге, оны жетілдіруге және қайта құруға бағытталған кешенді, көпқырлы қызметтің арнайы ұйымдастырылуы қажет болады. Әлеуметтік жүйе құрамындағы қызметтік және адами компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа сәйкес нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді механизмі – жобалау болып табылады.

В.М.Розиннің айтуынша, жобалау қызметі әрбір кіші жүйенің құрылымы мен деңгейлеріндегі дербес мақсат пен міндеттерін нақтылауды және оның орындалуын ресурстық қамтамасыз етуді көздейді, сонымен қатар, кіші жүйелердегі мақсат – міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жүйелерді жобалау шын мәнінде әдіснамалық– теориялық контекст ретінде қолданыла алады, өйткені, оның шығу көзі әдіснамадан, нақтылап айтқанда жүйелі ой–әрекеттері әдіснамасында пайда болған болатын.

Жобалауды бүгінгі оның идеологтары «технологиялық универсум» - лат. universum.summa rerum- деп бағалайды, ал жобалауды жүзеге асыру кезеңі адамның қайта құру әрекеттері деп бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда кез келген жобалау қызметі әлеуметтік жаңғыртуды жобалау болып табылады».

Жобалаудың негізіне трансцендентік (transcendens - лат. мүмкіндіктің шегінен өту) міндет жатады, сөйтіп кез келген жоба трансцендентік, өйткен ол осы шақтан болашақты жоспарлайды. Жобалаудың мәні оның келесі қайшылықтарды (антиномияларды) шешуге бағытталғандығында:

− әлеуметтік жүйедегі мүмкіндіктер мен қабілеттіліктердің арасындағы;

− идеалдық құрылым мен (идея) шектелген түрдегі құрылымның (нормаланған) арасындағы;

− әлеуметтік жүйенің потенциалдық мүмкіндіктері мен құндылықтардың мақсаттарға ауысуының және мақсаттың құралдарға ауысуының арасындағы.

Осыдан келіп әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалаудың адам қызметін жүзеге асыру және әр адамның өз идеясын ұсыну және орындаудың негізгі құндылық екендігін мойындайтын жаңа сананы бекітеді. Жобалаушының қоршаған ортаға қатынасы төрт мазмұндағы кеңістікке шығуы деуге болады. Олар: ситуативтік, әлеуметтік, мәдени және экзистенциалдық. Осы тәрізді трансценденттік кеңістікке шығу жобалаушыға жобаның тұтас үрдістігін және болашаққа бағытталғандық сипатын сақтауға мүмкіндік береді.

16. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың теориялық негіздері.

Жобалаудың философия, мәдениеттану, әлеуметтану және психология ғылымдарының әдіснамасында орын ала бастауы оны гуманитарлық тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі ғылыми әдебиеттерде жобалау – «алда болуы тиіс нәрсенің өте қысқаша және өте нақты сипаттамасын жасау қызметі» деп түсіндіріледі, бұл жерде ең маңызды нәрсе – бір нәрсенің болашақ сипаты туралы, оның қолжетімдігі туралы мақсаттық -құндылықтық ұстаным болуы. Басқаша айтқанда, адамның ойлау әрекетінің қалыпты шеңберінен шыға алуы – трансценденттенуі – ойлау қызметінің дамытушылық функциясы іске асырылады. Жобалаудың осы тұрғыдан алғанда төмендегі қызметтерін атап көрсетуге болады:

−нәтижелік өнім ретінде белгілі бір жобаны орындаудың мақсатына сай нәтижелік көрсеткішін бере алады;

− қоршаған ортаны не белгілі бір объектіні зерттеудің, немесе жаңартудың ғылыми - тәжірибелік әдісі бола алады;

− технологиялық мәдениетке тән инновациялар тудырудың бір түрі ретінде қолданылады;

− басқару әрекетінде ұйымды дамыту қызметін атқара алады.

Жобалаудағы жүйелік тұрғы жаратылыстану ғылымының танымдық парадигмасынан пайда болды. Әлеуметтік тұрғыдан қарастыру жобалаудың адам қызметінің қазіргі заманға тән конфликтілері мен белгісіздік жағдайындағы ситуацияларды шешуді көздейтін жобалаудың жаңа тұжырымдамасын жасауға негіз болды. Сонымен қатар, қоғамдық санадағы әлеуметтік көзқарастың болуы «әлеуметтік жоспарлаудың», «әлеуметтік құрастырудың», «әлеуметтік басқарудың» негізіне адам әрекеттері алынып, оның барлық әлеуметтік қызметтердің объектісі болуына ықпал етті.

Жобалау тарихы техникалық саладан бастау алатыны, басқа салаларға одан кейін көше бастағаны белгілі. В.М.Розин оның эмпирикалық сипатын анықтай отырып, жобалаудың «құрастыру» ісіне қатысты екенін, «бұйымды» алдын - ала кескіндеу және оның нобайы мен детальдарын дәл есептеу арқылы жасалатынын атап өтеді. Ал «құрастыру» әрекетінің бірте - бірте жетілдірілуі мен дамуына орай, жоспарлау мен дәлдік есептеулерге қатысты семиотикалық және ойлау әрекеттері де күрделене бастады, бірақ алғашқы жобалау әрекеттерінің ерекшелігі олардың ішкі үрдістер сипатында болуы еді. Жобалаудың өз алдына бөлек салаға айналуы оның «үлгісін құрастырушылар» мен «бұйымды жасаушылардың» әрекеттерінің бөлінуінен басталды. В.М.Розин «құрастыруды» өзара байланысты төмендегі бөліктерге:1) интеллектуалдық (семиотикалық) құрастыру (жобалаудың өзі), және 2) бұйымды жобаға сай жасау (жобаны жүзеге асыру) әрекеттеріне бөліп қарастырды. Мысалы, педагогикада жобалау қызметінің «идеядан –соңғы нәтижеге дейінгі» толық цикл жобаны таңдау, құрастыру ғана емес, идея берушілер мен жобаны құрастырушылардың жобаны тәжірибеге ендіруге де тікелей араласатын болғандықтан, педагогикадағы жобалау қызметінің құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық жобалау тәжірибесінен айқын көруге болады.

Жобалаудың ғылыми негізіне «жоба», «жобалау», «жобалық», «жобалаушылық» сияқты осы ұғымнан туындайтын түсініктер алынады. «Жобалау» – (орыс тілінде «проектирование»), латынның projektusалға қарай тастау, алға жүру деген түсінікті береді, оның мағынасы алдағы уақытта болатын құбылыстың бейнесін жасауға қатысты ғылыми және инженерлік әрекеттермен байланысты айқындалады. Адам еңбегіне қатысты өнімдердің барлығы да алдын ала жобалау арқылы жасалатын болғандықтан, осы тұрғыдан қарастыру жобалауды жоба құру үрдісі, яғни, белгілі бір объектінің болашақтағы бейнесін алдын ала құрастыру үрдісі дей аламыз.

Жобалау қызметінің алғашқы кезеңдерінде жобаны ғылыми-негізделген, дәл есептелген күйінде жасалатын, үнемі технологияда пайдалана беруге болатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Одан кейінгі кездерде жобалаудың кең таралуына байланысты оның өнімнің арзандауын қамтамасыз ететен экономикалық тиімділігі, халықтың көп бөлігіне жеткілікті болатын әлеуметтік тиімділігі, өнім сапасы мен тұтынушылар мәдениетін көтеруді көздейтін мәдени тиімділігі күтілетін болды.

Осылайша, тәжірибенің өзгермелілігі бүгінгі қоғамның атрибутына айналып, оны басқару мен ұйымдастырудың өзгермелі жағдайларына сай жобалау қызметі қалыптаса бастады.

Жобалау ұғымын зерделеу үшін әлеуметтік жүйелердегіі жобалау феноменіне терең назар аудару қажет. «Феномен – гр.phainomenon – таным мен тәжірибедегі ерекше құбылыс туралы философиялық ұғым. Әлеуметтік жүйелерде жобалау қызметінің кеңінен тарай басталғанына қарамастан, оның алатын орны ғылыми түрде бүгінгі күнге дейін жеткілікті дәрежеде негізделмеген деуге болады. Сонымен қатар, жобалау қызметіне қызығушылықтың өсуі оның баршаға түсініктілігінен, немесе жеткілікті зерттелгендігінен емес, оның көпфункционалдық және көпқырлылық сипатынан дей аламыз.

Жобалау феноменіне қатысты дәстүрлі ғылыми көзқарас қазіргі заманның қайта жаңғыртуларды батыл да жедел жүргізу талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқан тәжірибеге тікелей ықпал ете алмады, сондықтан жобалау әрекеті таза ғылымилық емес, тәжірибелік - бағдарлы ғылым контекстіне енгізілді. Осылайша, жобалау ғылымилықтың жаңа түрінің негізгі әдісі ретінде ұсынылды, оны кейбір авторлар тәжірибелік - бағдарлы ғылым деп атаса, әдіснамалық бағдарды ұстанушылар «бағдарламалық -жобалық» ұғымын ендіру арқылы түсіндіреді.

«Тәжірибелік – бағдарлы ғылым» ұғымын білдіретін термин ретінде М.А.Данилов «бағдарламалық–жобалық тұрғыны» енгізіп, оның қарастыратын пәнін «белгіленетін, сипатталатын, қайта жаңғыртылатын практикалық әрекеттер жүйесі» деп, мақсатын «белгілі бір жүйені және оның мазмұнын дамыту» деп көрсеткен болатын. Бұл жерде әлеуметтік–мәдени құбылыстарды зерттеуде классикалық түрлермен қатар қолданылатын ғылымилықтың жаңа тұрпаты қалыптасып келе жатқаны туралы айтуға болады. Дәстүрлі сипаттағы тарихилық, дамытушылық және тәжірибедегі жаңартушылық принциптерімен бірге жобалау принципі білім берудегі кешенді проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдаудың басты әдіснамалық міндеттерінің бірі болып қалыптасып келеді.

Тәжірибелік–бағдарлы педагогикалық ғылым «...ендігі жерде жекелеген психологиялық–педагогикалық феномендердің өзін зерттеумен қанағаттанбауы сөзсіз; бұл зерттеулер енді кешенді түрде жүргізілуге тиіс. Осының өзі жобалау қызметінде көптеген нақты зерттеулер мен білім беру саласындағы жобалауды, адамның өмір бойы алатын үздіксіз білімнің бағдарламалары мен технологияларын, бағалаудың эксперттік жүйесі мен оның тиімділігін бағалау құралдарын қамтитын бірнеше күрделі объектілердің синтезделуін талап етеді».

Ғылымилықтың дәстүрлі түрімен салыстырғандағы жаңа түрінің айырмашылығы – жобалауды ұйымдастыру мен одан әрі қарай жүзеге асыру барысындағы ғалымдар мен практиктердің нақты білім беру алаңында жүргізетін бірлескен әрекетінде, сонымен қатар, осы қызметті қолға алуды бастаушыларпрактик адамдар екенінде болып отыр.

Тәжірибелік-бағдарлы ғылымның тағы бір ерекшелігі – көппәнділігінде, (полидциплинарность), ол білімдік және пәндік салалардың бірнеше түрлерінің өкілдерін бірлесе отырып білім беру тәжірибесін интегративтік сипатта дамытуға қатысуын қажет етеді. Білім берудегі ғылымилықтың жаңа көппәнділік тұрпатын негізге ала отырып, зерттеушілер жобалаудың екі түрін атап көрсетеді. Олар: психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық.

Біріншісі, психологиялық–педагогикалық түрі – білім беру үрдісін жобалауға тән, яғни «оқыту–әрекеттің тәсілдерін меңгеру, қалыптастыру–әрекеттің жасалған түрін меңгеру, тәрбиелеу – есею мен әлеуметтену». Екінші әлеуметтік-педагогикалық түрінің объектілері ретінде білім беру институттары мен білім берудің түрлі орталары алынып, олардың әрқайсысында атқаратын қызметтеріне сәйкес үрдістер жүргізіліп отырады.

Егер таным бұған дейін өмір сүріп келген, зерттеушінің пікіріне тәуелсіз белгілі бір объект туралы шынайы білім алуға бағытталған болса, жобалау дүниеге бұдан бұрын болмаған жаңа объект әкеледі. Осы мағынада олардың айырмашылығы шығармашылық пен оның айнадағы бейнесіне ұқсас болады.

Өткен ғасырдың екінші жартысында көптеген зерттеушілер «жобалау» ұғымын кеңінен қолдана отырып, оның болашақты көздейтін мәніне көңіл аударғанымен, жобалау қызметінің өзіндік мәні мен құрылымдық компоненттерін терең қарастырмайды. Солай бола тұра, сол кездерден бастап «жобалық сана», «жобалық тұрғыдан ойлау», «жобалау онтологиясы», «жобалау тұрғысы», «жобалау технологиясы», «жобалау әдістері», т.б. осы сияқты көптеген жаңа ұғымдардың енгізілуі арқылы адам танымында жаңа бір саланың жүйесі пайда болып келеді.

Жобалау феномені туралы қалыптасқан теория мен тәжірибелерді қарастыру барысында, оның төмендегі іргелі зерттеулер мен идеяларға негізделгені анықталды. Олар:

жобалау қызметін бүгінгі таңда өзекті болып отырған ұйымдастырушылық мәдениеттің жобалық - технологиялық жаңа түрі тұрғысынан қарастыру идеясы;

жобалауды ой - әрекет жүйесі әдіснамасы негізінде қалыптасатын басқару қызметі ретінде жүзеге асыру идеясы;

әлеуметтік салаларды дамыту мақсатына сай жобалауды ресурстарды тиімді ұйымдастыру қызметі ретінде пайдалану идеясы, т.б.;

17. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың негізгі ұғымдары

«Егер де педагогикалық түсініктемелерге аса көп зейін қойылған жағдай да ғана, олар тірі қалыптарында болады. Көптеген жұмыстарда терминологиямен байланысты жұмыстар келтірілген, бұл әсіресе кәсіби әрекеттің спецификалық анализіне бағытталады.

Педагогикалық жобалауды қарастырудағы ғылыми контекстінің негізін түсінік, жоба, жобалау, жобалық секілді категориялар қарастырады».

Жобалау (лат. Projectus – алға қарай бағытталған) ғылым мен жобаны құрудағы инженериялық әрекетпен, болашақтағы ұсынылып отырған құбылыстың үлгісін құрумен тығыз байланысты. Адам еңбегінің көптеген өнімдері оны алдын ала жобалау нәтижесінде жүргізілетіні анықталды. Бұл контексте жобалау - жобаны, яғни ұсынылып отырған обьектінің үлгісін, прототипін құрудағы үдерісс болып табылады. Қазіргі кезде, жобалау – бұл білім берудің жаңа құндылықтары. Бұл жерде қандайда бір нәрсенің толықтай бір көрініс орнатылады және де шынайы болашаққа деген ұмтылыс та өте жоғары. Яғни ойлаудағы басты нәрсе ойлаудың шынайы бір функцияның дамуына байланысты болатын қарым қатынас жобалауды былайша қарастыруға болады:

· өнімнің ерекше түрі ретіндегі жобаны құруға бағытталған әрекеттің спецификалық түрі.

· шынайылықты игеру мен қайта өңдеудің ғылыми практикалық әдісі.

· техникалық мәдениетке тән инновациялық қалыптасуының формасы.

· басқармалы процедураны.

Осыған байланысты педагогикалық жоба былайша түсіндіріледі:

· Практикалық бағытталған әрекет, мақсаты білім беру жүйесімен педагогикалық әрекет түрінің практикасында жоқ жаңа әрекеттерді өңдеу. (мысалы, жобалау пәніне, болашақ программалардың, оқулықтардың үлгілері жатады).

· Білімнің жаңадан дамытылған аймағы, педагогикалық әрекеттің трактовкалық қабілеті.

· Педагогиканың қосымша ғылыми бағыты, ол дамудың тапсырмаларының шешілуіне, орындалуына бағытталған.

· Педагогикалық және ғылыми зерттеушілік әрекеттің трансляциясы мен нормалау қабілеттілігі.

· Педагогикалық жобаның құрылу және жүйелендіру процесі.

· Тұлғаның спецификалық даму қабілеттілігі.

· Білім беру технологиясы.

Білім беруде жоба әрекеті жиі педагогикалық әрекеттің басқа түрлеріне қатысты қосымша рөлді орындай отырып, тәрбиелік білім берудің құралы болып табылады. Оған мысал ретінде оқу жобаларын (диплом, курстық жұмыс) жатқызуға болады. Жобалау педагогтар мен қатысушылар әрекетінің екі негізгі сызығына бағыттала отырып, педагогикалық өзара әрекеттің ұйымдастыру формасы бола алады.

Мәнді және мазмұндық қарым-қатынаста «педагогикалық жобалау» және «білім берудегі жобалау» түсініктері ерекшеленеді. Солардың ішіндегі соңғылары педагогикалық сфера құрамына енеді. Сонымен қатар экономика, құқық, менеджменттің кеңістігінде орналаса отырып әрекеттерді қамти алады.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 81 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав