Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 6. Ұйымның міндеттемелерінің есебі

Читайте также:
  1. АзҰУ – білім мен ғылымның ордасы» деген тақырыпта әңгімелеңіз.
  2. Бухгалтериядағы ТМҚ есебін ұйымдастыру.
  3. Дәріс 6. Транспорт есебі. Потенциалдар әдісі.
  4. Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі
  5. Емтихан тақырыптарының тізімі
  6. Емтихан тақырыптарының тізімі
  7. Жаһандану және жастар» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз.
  8. Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі
  9. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.
  10. Займдар есебі

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.

2. Займдар есебі

3. Салықтар, басқада міндетті және ерікті төлемдер бойынша есеп айырысулардың есебі

4. Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі

5. Дивиденттер бойынша есеп айырысулар және болашақ кезеңдердің табыстарының есебі.

6. Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі

 

1. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.

Міндеттеме қарыз немесе міндеттеме, бір нәрсені белгілі бір жолмен қызмет етуі немесе орындау. Міндеттеме – өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің қарызы және оларды реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстардың ұйымнан кетуіне әкеледі. Міндетті түрде қазіргі және болашақтағы міндеттемелерді ажырата білу керек.

Міндеттеме 3 белгісі бойынша анықталады:

1. Міндеттемені туғызған құбылыстың орын алған жері;

2. Міндеттемелерді реттеу тек активтерді ауыстыру немесе қызметті басқа субъектіге жеткзу жолымен жүргізілуі мүмкін;

3. Міндеттеме пікір таластырылмайтын болуы керек.

Осы анықтамаға сәйкес міндеттеме қабылданса, онда ол міндетті түрде бухгалтерлік кітапқа енгізілуі керек. Міндеттеменің сомасы бірге жүретін тәуекелге барлық болашақ төлемдерінің ағымдық құнымен есептелеуі керек (ақшалай емес активтер немесе қызметтердің ақшалай эквиваленті). Міндеттемеге негізгі пайыз бен сома кіреді.

Міндеттемелерді реттеу әртүрлі әдістермен жүргізіліу мүмкін:

-ақша қаражаттарын төлеу;

-басқа активтерді беру;

-қызмет көрсету;

-бір міндеттемені екішісімен ауыстыру;

-міндеттемелерді капиталға ауыстыру.

Реттеудің басқа да бастарту немесе кредиторлармен өз құқығын шығару сияқты түрлі әдістері бар болуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болуы болашақта ресурстың кетуін білдіреді, берілген міндеттеменің орындалу мерзімі субъектінің қаржы жағдайын дұрыс бағалау үшін маңызды. Активтермен ұқсастығына байланысты міндеттемелер қысқа мерзімді кредиторлық қарыз және ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз.

Қысқа мерзімді міндеттемелер ұйымның қызметіне әсер ете алады, ал ұзақ мерзімді әсер ете алмайды. Өйткені ағымдағы міндеттеме ағымдағы ресурсқа өз наразылығын көрсете алады. Бұл наразылықтар ұзақ мерзімдіктен ерекшеленеді, өтеу уақыты бірнеше жылдарды құрауы мүмкін.

Мынадай жағдайларда міндеттемелер қысқа мерзімдік болып жіктелуі керек: оны ұйымның операциялық циклының қалыпты жағдайымен өтеу көзделеді; есепті күннен бастап 12 ай аралығында ол өтеу уақытына жатқызылады.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге келесілер кіреді:

1. қысқа мерзімді несиелер жәнеовердрафт;

2. ұзақ мерзімді несиенің ағымдағы бөлігі;

3. кредиторлық қарыздар:

- төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;

- сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден алынған аванстар;

- салық бойынша қарыздар;

- төленуге дивидендтер;

- негізгі шаруашылық серіктес тікпен оның еншілес серіктестері арасындағы қарыз;

- акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының қарызы;

- басқа да кредиторлық қарыздар.

4. төленуге тиісті есептелген шығындар;

5. алдағы кезең табыстары;

6. көрілмейтін жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

Төленетін шоттар – жабдықтаушылармен есеп айырысу шоты. Кәдімгі қызмет барасында пайда болатын қайталанатын сауда міндеттемелері үшін қолданадды.

Берілген вексельдердің негізгі қайнар көзі – банктік ссуда және тауар мен қызмет үшін төлем. Вексельдер кепілмен қамтамасыз етелген немесе қамтамасыз етілмеген болуы мүмкін. Вексель пайыздық немесе пайыздық емес болуы мүмкін. Пайыздық вексельде пайыздық қойылым вексель сомасынан бөлек көрсетіледі. Пайыздық емес вексельде дисконтты қалыптастыру жолымен пайыз алдын ала төленеді және онда нақты пайыздық немесе пайыздық кіріс деп аталатын нақты пайыз нормасы жанама түрінде көрсетіледі.

Атына байланыссыз барлық қарыз құралдары заемщиктерден тура немесе жанама пайызды төлеуін талап етеді. Бұл уақытқа байланысты ақшаның құнсыздануына жол бермеу үшін жүргізіледі. Ұзақ мерзімдік міндіттеме бойынша кезеңдік пайыз сомасы

бұл – негізгі қарыз сомасы • пайыздық қойылым • уақыт = пайыз сомасы.

Белгіленген пайыздық қойылым – бұл қарыздың құжаттарда көрсетілген пайыз нормасы. Белгіленген пайыздық қойылым қарыздың негізгі сомасына төленетен пайыздық төлемдердің негізгі сомасын анықтайды. Пайыздық қойылым қаржы нарығында толығымен экономикалық жағдайынан және осы уақыт аралығында өзгереді және ол кредиттің ұзақтығы да байланысты.

Нақты қарыз бойынша пайыздық қойылым – деп сондай уақыт мерзіміне алынған қаржыны заемға алу кезіндегі нақты пайыздық қойылыммен әйкес келеді. Нақты пайызды қойылым болашақта ақшалай қарыздарды төлеуде дисконттағы қолданылады. Заемщиктен алынған ақша қаражаттарының немесе ақша эквивалентінің сомасына нақты пайыздық қойылым қолданылады.

Қарыздың толық сомасы – бұл қарызды өтеу күнінде төленуі керек сома, осы күнде жүргізілуі тиіс әр қандай пайыздық төлемдерді алып бастағанда.

«Пайыздық емес» деген сөз мұндай типтегі векселге ең жақсы анықтама емес, өйткені бұндай векселдер шын мәнінде төлеуге жұмылдырады. Мұндай векселдердің номиналды құнының құрамына қарыз сомасы мен төлену мерзіміне бырыңғай соманы құрайтын осы қарызға байланысты пайыздар. Қарыз алушы векселдің номиналды құнына емес, ал вексельдің номиналды сомасы мен пайызының айырмашылығына тең соманы алады. Алыну ақша қаражаты түрінде вексельде көрсетілген сома – бұл нақты пайыздық қойылымды қолданумен номиналды соманың дисконтталған құны. Ақша қаражатының дисконттық құны мен вексельдің номиналды құны арасындағы айырмашылықтың қалған сомасы пайыз болып табылады. Нақты пайыздық қойылым тәуекелділіктің нақты ұқсатушы деңгейімен құжаттарда қолданылатын нарықтық пайыздық қойылымға қарап анықталады. Нақты пайыздық қойылым вексельде көрсетілмейді, бірақ қысқа мерзімдік пайыздық емес векселдерге белгілі бір нақты шартпен пайыздық қойылым анықталуы керек.

 




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 58 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав