Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Займдар есебі

Читайте также:
  1. Бухгалтериядағы ТМҚ есебін ұйымдастыру.
  2. Дәріс 6. Транспорт есебі. Потенциалдар әдісі.
  3. Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі
  4. Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі
  5. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.
  6. Кредиторлық қарыздардың есебі
  7. Рылыстағы материалдар шығындарының есебі.
  8. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері
  9. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар.

Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғағаәдетте келісілген мөлшерде пайыз алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.

Коммерциялық несие - бір субъектінің екінші бір субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.

Банк несиесі - субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтерге байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Берілетін уақыт аралығына байланысты банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.

Несиенің объективті қажеттілігі- бұл, субъектінің өндірістік және сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды.

Б анкке несие алу үшін бірінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерді, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттін кредит алу құқығының барлығын растайтын құжаттар ұсынады.

Қарыз алушыға несие жасалынған несие шартына сай беріледі. Бұл келісімде кредиттің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, кредиттің мақсатты пайдаланылуын және қамсыздандырылуын тексеру нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің есебіне кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдері, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны көзделді.

Қысқа мерзімді кредит әдетте 12 айдан аспайтын мерзімге кредиттелетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі.

Банктер несиені кәсіпорындарға қаржы бөлу үшін құрылыс, қалпына келтіру және өнеркәсіптік және әлеуметтік жәене тұрмыстық бағыттағы объектілерді техникамен қайта жабдықтауы техника, жабдық, көлік саймандарын, ғимараттар мен құрылыстар алуға; бірлескен кәсіпорындар құруға; ғылыми-техникалық өнімдер және басқа да (кәсіпорын) меншіктік объектілер бойынша шығындар жасауға береді.

Несие бойынша қарыздарды өтеудің әдістері және нақты мерзімдері, тәртібі несие шартында қарастырылады.

Несиелеу қарыз капиталының қозғалысы болып табылады – ол пайыз түрінде үстеме төлем қайтару шартымен қарызға берілген капиталдың қозғалысы.

Алынған несиелерді есепке алу 3010 «Қысқа мерзімді банк займдары», 3020 «Алынған қысқа мерзімді займдар», 4010 «Ұзақ мерзімді банктік займдар», 4020 «Ұзақ мерзімді алынған займдар» пассивті шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың кредиті бойынша банк және басқа мекемелер алдындағы несиелер бойынша қарыздардың қалдығы және алынған несиелер сомалары, ал дебеті бойынша несиелердің қайтарылуы, яғни қарыздардың азайтылуы көрсетіледі.

 




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 40 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав