Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі

Читайте также:
  1. A) бірінші спирттік топқа ең жақын орналасқан асимметриялық атомының конфигурациясы өзгеше стереоизомерлер
  2. A) еңбек рыногындағы ұсыныс пен сұраныс арақатынасымен
  3. Access программасын қалай шақыруға болады?
  4. B) Бине-Симонның ақыл-ой дамуының шкаласы
  5. B) Жұмыссыздық бойынша пособия.
  6. C) Сатып алушылардың белгілі уақыт аралығында бағасы анықталған тауарларды сатып алу қабілеттілігі.
  7. E) бақыланатын объекттің бөліп алынған белгілерінің көріну жиілігін тіркеу
  8. E) Еңбек қатынастарын заңцылық құқылық нормалармен камтамасыз ету.
  9. E) сатылым сипаты бойынша.
  10. E)& жеңіл зақымдалу ауруханасы

Өндірістік қызметке жұмысшылардың қатысуына байланысты персоналдар өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Жұмысшыларды тізімдік және тізімдік емес құрамға бөледі. Тізімдегі құрамға бір күннен артық негізгі қызметі бойынша, ал басқа қызмет түрлері бойынша бес күннен кем мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, кезеңдік және уақытша жұмысшылар жатады.

Ұйымда атқаратын функцияларына байланысты жұмыс істеушілерді екі топқа бөледі: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер тобынан келесідей категорияларды бөлуге болады: жетекшілер, мамандар және қызметкерлерге жататын басқа да мамандар.

Жұмысшылар - математикалық игіліктерді жасау процесімен тікелей айналысатын тұлғалар.

Жетекшілер (басшылар) кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімдерінің басқарушылары, сонымен қатар бас мамандар мен оның орынбасарлары.

Мамандар - өндіріс процестерін ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыратын, инженерлі – техникалық және басқа жұмыстармен айналысатын қызметкерлер, мысалы: инженер, экономист, бухгалтер, механик т.б.

Қызметкерлерге жататын басқа да мамандар - құжаттарды дайындайтын және толтыратын, есептеу мен бақылауды, шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жұмысшылар.

Кадрлар есебі үшін жеке карточкалар, ғылыми жұмысшылар үшін ғылыми жұмысшының есеп карточкалары алғашқы құжаттар болып табылады. Жұмыс уақытының есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттар- жұмыс уақытын пайдаланудың есебі мен еңбек ақыны есептеу табелі және жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелі болып табылады. Табель жұмысшылардың барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалануын есептеу үшін, сондай- ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген жұмыс күні режимін сақтауына бақылау жасау үшін, олармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу және атқарылған уақыт туралы деректер алу үшін қолданылады. Табельді табель толтырушы немесе мастер бір данада толтырады және еңбекақы есептеу үшін бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне жіберіледі.

Жұмысқа келулер және жұмыс уақытын пайдаланудың есебін табельде жалпылау тіркеу әдісімен жүргізіледі, яғни барлық келгендерді, кешіккендерді белгілеу немесе тек қана ауытқуларды тіркеу арқылы. Күндер мен сағаттардың санын ондық белгімен көрсетіледі. Ай соңында табельдер әрбір жұмысшымен атқарылған уақыттың қорытындысы жазылады және жұмысқа келген, келмеген күндер есептеледі. Осы деректер жұмыс категориялары бойынша және жалпы табель бойынша қосылады. Жеке құрамның есебі категорияның кадрлар бөлімінде жүргізіледі.

Еңбек ақының екі түрі болады: негізгі және қосымша.

Негізгі еңбек ақыға атқарылған (жұмысқа) уақытқа және орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақы: тарифтік ставка, оклад, кесімді бағалау бойынша төлеу, сыйақылар, мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, жұмыскерлер кінәсінің болмаған тұрып қалған уақытқа ақы төлеулер жатады.

Қосымша еңбек ақыға еңбек туралы заңдарда қарастырылған атқарылған уақытқа төленетін төлемдер жатады. Оған: кезекті демалыс уақытына ақы төлеу, мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағаны үшін ақы төлеу, жұмыстан шығу кезіндегі төленетін жәрдем ақы және болып табылады.

Еңбек ақының негізгі формалары мерзімді және кесімді болып табылады. Мерзімді еңбек ақыны төлегенде жұмыс істеушінің ақысын жұмсаған еңбегінің іс жүзінде атқарған уақыты мен сапасына тікелей тәуелді түрде төлеу қарастырылады. Мерзімді еңбек ақыны төлеу екі жүйеге бөлінеді : жай мерзімді және мерзімді - сыйақылы.

Жай мерзімді еңбек ақы төлеуде жалақы сағаттық, күндік, айлық тарифтік ставкалар бойынша немесе нақты атқарған уақыты үшін оклад бойынша есептеледі. Еңбек ақының мөлшері тарифтік ставканы атқарылған уақыт мөлшеріне көбейту арқылы немесе окладты есептеу арқылы анықталады.

Еңбекті төлеудің мерзімді - сыйақылық жүйесі кезінде тариф бойынша есептелген еңбек ақы сомасына тарифтік ставкаға белгілі бір процент мөлшеріндегі сыйақыны қосады.

Еңбек ақының есептелуі есептік төлем ведомосында, жеке счеттарында, ал берілуі төлем ведомостары бойынша жүргізіледі.

Еңбекті төлеудің кесімді формасы - өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың және көрсетілген қызметтің сапасын ескере отырып, бірлік санына төлеуді білдіреді. Кесімді еңбек ақының келесідей жүиелері бар: тікелей кесімді, кесімді-сыйақылы, кесімді – прогрессивті, аккордты.

Тікелей кесімді еңбек ақы төлеуқажетті біліктілікті ескере отырып, тағайындалған тұрақты кесімді баға негізінде өндірілген өнім бірлігінің саны үшін жүргізіледі. Еңбекақы мөлшері тұрақты кесімді бағаны өндірілген өнім санына көбеиту арқылы анықталады.

Еңбекті төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі кезінде өндірілген өнім санына есептелген еңбек ақы сомасына белгілі бір сапалы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін төленетін сыиақы қосылады.

Кесімді – прогрессивті жүйе кезінде төлеу норма шегіндегісі тұрақты баға б-ша,ал нормадан артығы прогрессивті өспелі баға бойынша жүргізіледі.

Аккордты жүйе кезінде еңбекақы төлеуді алдын-ала нормаланған тапсырма және бағасы анықталған жұмыс көлемінің орындалуы бойынша анықтайды. Аккордты еңбек ақы төлеудің мөлшерін іс жүзіндегі нормативті тапсырмалар бағалар негізінде бекітеді, ал олар болмаған жағдайда - ұқсас жұмыстар үшін қолданылатын нормаланған тапсырмалар мен бағалардан шыға отырып бекітеді.

Еңбекақы төлеудің кесімді формасы кезінде есеп айырысу еңбек өнімділігі туралы құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Әрбір жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан еңбектік үлесінің мейілінше толық есебі үшін оның мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылады.

Қосымша еңбек ақының есептелуі орташа еңбек ақы бойынша жүргізіледі. Орташа еңбекақы дегеніміз өткен уақыт үшін нақты алынған еңбек ақының негізінде есептелген жұмысшының еңбек ақы мөлшері.

Кезекті демалыс уақыты үшін ақы төлеу. Еңбек демалысы жұмысшылармен қызметкерлерге жұмыс жылында бір рет беріледі. Еңбек демалысы жұмысқа қабылданған күннен бастап есептелінеді. Жұмысшы берілген кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істеген мерзімнен кейін еңбек демалысын алу құқығына ие болады. Еңбек демалысының ұзақтығы жұмыс істеушілердің әртүрлі категориялары мен ұжымдық шарттар және қолданыстағы ережелер бойынша белгіленеді. Еңбек демалысы уақытына төлеуді демалысқа кететін айдың алдындағы 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыдан, осы кезеңге бекітілген үстемелер, қосымшалар және сыйақының орта мөлшерін есепке ала отырып есептейді. Сыйақының орта мөлшері 12 күнтізбелік ай үшін сыйақының орташа айлық процентін 12 күнтізбелік айдағы орташа жалақыға көбейту арқылы анықтайды.

Демалыс ақыны есептеу үшін қабылданған еңбекті төлеу сомасы 12-ге және осы уақыт аралығында жұмыс істелген күндер санына бөлінеді, орташа жалақыны есептеуге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы да қосылады. Алынған орта күндік еңбек ақыны демалыс күнінің санына көбейтеді.

Жұмысшы айдың аяқталуына дейін жұмыстан босағанда немесе еңбек демалысына кеткенде жалақы бойынша есептеу жасалады, оның мәліметтері айдың аяқталуы бойынша есеп айырысу төлемдік ведомостында немесе еңбек ақы төлеу бойынша есептеу кітабына жазылады.

Еңбек ақы төлеу бойынша қызметкерлер мен есеп айырысудың синтетикалық есебі 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шоты бойынша жүзеге асырылады.

3350 шоттың кредиті бойынша айдың басы мен айдың аяғына жұмыс істеушілердің алдындағы қарыздардың қалдығы және оларға еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы түрінде есептелген сомалар, яғни қарыздардың көбеюі, ал дебеті бойынша барлық ұстаулар түрлері мен берілген еңбекақы сомалары көрсетіледі.




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 50 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | <== 6 ==> | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав