Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Меншік мүддесі, жалпы ережелер

Читайте также:
  1. B. жалпы экология
  2. C) Өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру.
  3. D) Жалпы ішкі өнім.
  4. E) меншікті арзан бағамен сатып алу.
  5. G) Мемлекет араласуы арқылы жалпы тепе-теңдікке жету мүмкіндігін
  6. G) меншік қаражаттар
  7. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
  8. Дәріс. Музей менеджменті туралы жалпы түсінік.
  9. Жалпы құрылымы және қызметі.
  10. ЖАЛПЫ ДЕРМАТОЛОГИЯ

Меншік – бұл бір жағынан заттардың, материалдық және рухани құндылықтардың белгілі тұлғаларға қатыстылығы, екінші жағынан мүлікке ие болып оны пайдалануды іске асыратын әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесі.

Меншік түсінігінің ең бірінші құрамдас бөлігі оның материалдық негізін, табиғи – заттық бейнесін көрсететін заттар, мүліктік және мүліктік емес құқықтар, ақпараттық, интелектуалдық іс-әрекет нәтижелері және оларға деген иелік құқығы құрайды.

Екінші құрамдас бөлігі ол – қоғам субьектілері арасындағы қарым – қатынасты білдіретін, өндіріс, қайта бөлісу, материалдық немесе коллективті түрде игеру немесе қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында иеліктен айыру, берілген обьектілерді мемлекет берген керілдік бойынша пайдалану мен басқару процесінде пайда болатын әлеуметтік қатынастар жүйесі.

Меншіктің үш түрі белгілі, олар: жылжитын мүлік; жылжымайтын мүлік; интелектуалдық мүлік.

Мүлік субьектілері ретінде жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, қоғамдық, ұйымдары мен ұйымдары бола алады. Меншік субьектілері арасында иелік ету дәрежесі мен сипаты, құқықтық статусы мен өкімдік функциялары ауқымына қарай меншік субьектілері арасында иелік ету дәрежесі мен сипаты, құқықтық статусы мен өімдік функциялары ауқымына қарай меншік иелерін, иегерлерді және пайдаланушыларды бөліп айтуға болады.

Меншік иесі обьектіге иелік етуде толық, мерзімсіз құқықтарға ие. Пйдаланушы өзіне тиесілі емес меншік обьектісін тек қана пайдалану және оған минималды ауқымда ғана өкім жүргізу құқықтарына ие. Иегер обьекті заңды түрде, шектелген уақыт аралығында пайдалнуға, оған минималды ауқымда өкім жүргізіп иеленуге құқылы.

Меншік құқықғы, ол меншік субектілерінің құқықтарын бекітіп сақтайтын, олардың меншік обьектілеріне қатысты заң шеңберінде белгіленген тәсілмен ие болуын, пайдалануын иеліктен айыруын өкім етуін білдіретін заң нормаларының жиынтығы. Бір мүлікке бірнеше тұлғалардың бір уақыт аралығында иелік құқығына ие бола алатындай жағдайлар да болуы мүмкін. Мұндай жағдайларды меншік құқығы субьектілерінің көптігі, ал тұлғалардың өзін меншіктестер деп атайды. Екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығы бойынша тиесілі. Екі немесе бірнеше тұлға меншігіне тиесілі, заң жүзінде бөлуге болмайтын мүлік келген жағдайда ортақ меншік пайда болады.

Ортақ меншік шеңберінде әр меншік иесінің үлесі белгіленуі мүмкін. Мұндай ортақ меншік үлестік меншік деп аьалады. Егер ортақ меншіктің үлестері белгіленбеген болса онда меншік иелерінің ортақ иелігінде болады.

 

Интелектуалдық меншік обьектілері адам ақылы, адамзат интелектісінің тумасы болып табылады. Интелектуалдық меншікті зат түрінде берілуі мүмкін ақпарат деп айтуға болады.

Авторлық меншікті авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге жататын көркем шығармалар мен ғылыми еңбектер құрайыд, ал фонограммалар, теле-радио хабарлар сияқты атқарушылық қызметі аралас құқығымен қорғалады.

Авторлық құқық – автордың өз туындысына деген құқы. Авторлық құқықпен идеяның өзі емес сол идеяны айқындау қорғалады.

Авторлық құқықпен немесе копирайтпен қорғалуы үшін ол материалданған кескінде болуы шарт. Ақыл-ой өнімін жасаушы үшін авторлық меншік сол шығарма әкелетін пайданы табу үшін керек.

Интеллектуалдық меншік
Ғылыми техникалық және өндіріс аумағындағы обьектілер
Гуманитарлық аумақ обьектілер аумағындағы обьектілер
Өнеркәсіп меншігі
Авторлық құқық
Құпияға қатысты құқық
Авторлық құқық обьекьтілері
Өнертабыстар
Әдебиет шығармалары
ЭЕМ программалары
Музыкалық шығармалар
Өнер туындылар
Деректі базалар
Интегралдық микросхеалар типологиясы
Интегралдық микросхеалар типологиясы
Ғылыми басымыдар
Пайдалы модельдер
Өнеркәсіп үлгілері
Қызмет ету мен тауар белгілері
Әділетсіз конкуренцияға тиым салу құқығы
Селекциялық қозғалыс

 

Өнеркәсіптік меншік – нәтижелері өндірісте, саудада және басқа да салаларда қолдануы мүмкін интеллектуалдық меншіктің түрі. Ол патент, куәлік немесе патенттік құқықпен қорғалады.

Өнеркәсіптік меншік обьектілеріне өнертабыстар, пйдалы модельдер, өндіріс үлгілері, тауарлық белгілер, фирмалық атаулар, дерекке қатысты нұсқаулар, әділетсіз конкуренцияның жасалған жерінің атауымен оған кедергі жасалуы жатады. «Өнеркәсіптік меншік» термині алғаш рет өткен ғасырда француз заңдарында пайда болған, ол бойынша тауар белгісіне деген құқық меншігінің ерекше бір түрі ретінде қарастырған.\

Пайдалы модель түсінігі тек кейбір елдерде қана қолданады, мысалы Ұлбританиямен АҚШ та бұл жоқ. Пайдалы модель үшін екі белгі тән: Өнертабыс деңгейі мен өнертабыспен салыстырғандағы қрғаудың максималды мерзімі.

Өнертабыс пен айдалы модель белгілі қоғамдық қажеттілік тудырған, адамның практикалық іс әрекеті аясында пайда болған мәселенің техникалық шешім табуы деп анықтама жасауға болады. «Техникалық шешім» термині өзінің жалпы мағынасында нақты қажеттіліктерді қанағаттандыратын іс-жүзіндегі құрал ретінде түсіндіріледі. Бұл жерде есте ұстаған жөн, кез келген техникалық шешім қорғауға алынбайды, тек қана белгіленген құқық нормалары мен критериилеріне сәйкес келетіндеріне ғана. Өнертабыстық патентпен қорғаған жағдайда патент иесінде, ал егер авторлық куәлікпен болса да онда мемлекет те ерекше құқықтар болады, ондайда өнертапқыш белгілі сияқы алуы құқылы.

Өнеркәсіптік үлгілер – пайдалы бұйымның естетикалық декоративтік жағының шешімін тауып, дизайн саласына салады, бірақ сонымен қатар өндіріспен өнеркәсіпте де модельдер ретінде қызмет атқарады.

Фирмалық атаулар мен коммерциялық атаулар кәсіпорындарды танып, оларды басқаларының арасында даралау үшін қажет.

Коммерциялық құпия болып табылатын обьектілер қарым-қатынастар кезінде ерекше орынды иеленеді. Егер меншік иегері құпияны сақтау үшін қажетті шаралар қолданған болса, онда рұқсатсыз заңсыз түрде болып құпияны ашуға тыйым салынады. Қорғаудың бұл жүйесі өнеркәсіптер құпияларға да қатысты, оның негізін азаматтық, қылмыстық заңдар және әділетсіз конкуренцияны тыйуға бағытталған заңдар құрайды. Әділ жүретін өндіріс пен сауда тәжірибесіне қайшы конкуренция актілерін тыйатын әділетсіз конкуренцияға тосқауыл қою құқығы да өндірістік меншіктің бір элементі болып табылады.

Ғылым техника және технология дамуымен жаңа обьектілер пайда болуда, оларды құқықтық қорғау қажет болып қалуы мүмкін, Сондықтан өндірістік меншік обьектілерінің саны үнемі өсуде.




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 26 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав