Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сценарилік туындылар

Читайте также:
  1. Тақырыбы: Цефалоспориндер туындыларының дәрілік препараттарын талдау

Авторлық құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншіктер арасында фильдер, спектаклдер, балеттер, бұқаралық көріністердің т.б. негізгі болатын сценарилерді де айтады. Сценарии, оригинал немесе басқа драмалық, баяндамалық туындының өңделген түрі болса да заңмен қорғалатын интеллектуыалдық меншік обьектісі болып табылады.

Аудиовизуалдық туындылар

Аудиовизуалдық шығармалар аудиторияның есту мен көру арқылы қабылдауына бағытталған кино және бейне шығармалардың кең ауқымын қамтиды. Бұған ең алдымен жанры мен бағытталуына, көлеміне, орындау тісліне байланысты емес кино, теле, бейнефильмдер, диафильмдер т.б. теледидарлық шығармаларжатады.

Бейнелеу және декоративтік өнер туындылары

Сурет, скульптура, графика, дизайн, комикстер, графикалық әңгімелер, монументалды, декоративтік, қолданбалы өнер – осылар көркемсурет және декоративтік өнер туындыларына жатады.

 

Нертабыстар, пйдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері

Өнертабыстар

Интеллектуалдық меншік обьектісі егер ол қондырғы, тәсіл, зат, микроағза штаммы, өсімдік немесе жануар жасушасының түрі болса және белгілі зат, қондырғы жаңа мақсаттарда жұмсалса өнертабыс болып саналады. Машиналар, аспаптар, механизмдер, саймандар, транспорттық құралдар, ғимраттар, жабдықтар т.б. құрылғылар өнертабыс обьектілері ретінде саналады.

Пайдалы модельбер.

Жаңа өнеркәсіпке қолдануға жарайтын, өнлы Мадрид келісімі,Тауарлардың шыққан жері мен олардың халықаралық тіркеу атауларын қорғау жайлы Лиссабон келісімі,Өнеркәсіп үлгілерін халықаралық сақтауға алу туралы Гаага келісімі,Өнеркәсіп меншігі объектілерін классификациялау туралы шарт (Стасбургтік,Локарндік,Ниццалық,Веналық). Осылардың бірқатарының маңызы мен ролі жайлы берілген зерттеудің тиісті тарауларында сөз болмақ.

1991–ші жылдан,бұрыңғы КСРО субъектілерінде ұлттық патенттік жүйе құрылуымен қатар,өнеркәсіп меншігін құқықтық қорғау саласындағы ынтымақтастық процессі де жүріп жатыр.Мысалы,1993 –ші жылдың 12–ші наурызында осы сала бойынша мемлекетаралық келісім қабылданады,бұл сәйкес ұйымдарымен жұмыс органдары бар Еуразиялық патенттік конвенцияны дайындауға бастама болды.Конвенция бойынша бір өтінімді бір тілде жазып,сол конвенция елдерінің қайсында болмасын патенттің өз күшін сақтау мүмкіндігі қарастырылған.

 

Тақырып. Авторлық және шектес құқық. «Авторлық құқық және шектес құқық туралы» ҚР заңы

Сұрақтар:

Авторлық меншік,авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалады.

Авторлық құқық азаматтық құқықтың бір бөлшегі болып табылады,ол әдебиет,ғылым мен өнер туындыларының жасалып,қолданылуындағы қатынастарды реттейді.Алдыңғы қатарлы елдердің заңдары авторлардың өз шығармашылық өнімдерін жасап таратуға қолайлы жағдай туғызу авторлық құқық жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.

Бұл жерде шығармалардың авторлары болып табылмайтын,бірақ интеллектуалдық еңбек объектілерінің таралып материалдық күйге өтуінде ерекше роль атқаратын заңды және жеке тұлғаларды атап өту қажет.Бұл тұлғалардың құқықтары сабақтас деп аталады,және авторлық құқықпен тығыз байланысты.

Авторлық құқық қандайда да бір объектілеріне таралады,олар:

–жазбаша (қолжазба,машинаға басылған,нота жазбасы т.б.);

–ауызша (көпшілік алдында айту,көпшілік алдында орындау);

–дыбыстық және бейне жазу (механикалық,цифрлік,магнитті,оптикалық);

–бейнелеу (сурет,эскиз,картина,жоспар,сызба,кино,теле,бейне немесе фотокадр);

–көлемдік–кеңістікті (мүсіндеме,модель,макет,құрылыс);

–басқа да нысандарда.

Авторлық меншік объектісі болып табылатын шығармаларға авторлық құқық жалпыға бірдей мәлімдеу нәтижесінде таралады.

Халыққа жарияланған шығарма дегеніміз–автордың келісімімен,шығарманы алғаш рет көпшілік тани алатындай ету әрекеті.

Ол мынадай жолдармен іске асырылады:

–басқа адам немесе көпшілік оқырман таныса алатындай етіп шығарманы баспадан шығару;

–ЭЕМ программаларының даналарын,деректер базасын анықталмаған тұлғаларға ұсыну немесе ЭЕМ есіне жазу арқылы;

–түпнұсқаны немесе данасын нақты немесе техникалық құралдар көмегімен (сахналық қойылым,спектакль,опера,балет,кинофильм т.б.) көпшілікке көрсету.

–көпшілік алдында орындау (өлен оқу,конференциядағы баяндама,музыкалық шығарманы орындау);

–эфирге жіберу немесе басқа амалмен (драмалық немесе басқа көркем шығарманы оқу,музыкалық шығарманы орындау).

Шығармаға деген авторлық құқық сол шығарма жасалған материалдық объектіге деген меншік құқығымен байланыспайды.Құқық меншігін материалдық объектіге беру,(мысалы кітапқа) шығарманың авторлық құқықтарын беру деген сөз емес.

Егер шығарма жарияланбаған,бірақ қандай–да бір объективтік күйде берілсе оған авторлық құқық қолданылады.

Авторлық құқық идеялар,фактілер,тәсілдер,процесстер,концепциялар,ашылулар мен жүйелерге қолданылмайды.

РК–ның заңы бойынша автор бірқатар мүліктік және жеке мүліктік емес сипаттағы құқықтарға ие.

Мүліктік құқықтарда экономикалық мазмұны бар.Оларға шығармаларда пайдалануға қатысты әртүрлі құқықтар жатады.

Шығарманың пайда болған сәтінен бастап жеке мүліктік емес құқықтарға мыналар жатады:

–авторлық құқығы.Автордың шығармаға қатысты өзінің авторлығын тануды талап етуіне байланысты.

–қол сұқпаушылық құқығы–автордың намысы мен беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өзгерістерден шығарманың атауы мен шығарманың өзін қорғау құқығы.(репутацияны қорғау құқығы).Автордың келісімінсіз шығармаға ешқандай өзгерістер не қосымша ақпарат,алғысөз,соңғы сөз,комментарий,иллюстрация енгізуге болмайды.

–шығарманы кез келген формада жария ету және жария етуге рұқсат беру құқығы.Жария ету тек бір –ақ рет жасалады.

–қайтарып алу құқығы,ертерек жария етуді қабылданған шешімді қайтарып алуды білдіреді.Осындай жағдайда ол шығып қойған даналарды өз қаржысына айналымнан алып тастауға құқылы.

Мүліктік құқықпен салыстырғанда аталған мүліктік емес құқықтар тек авторға тиесілі,оларды басқа тұлғаға,не мұра етіп қалдыруға болмайды.

Авторға өз шығармасын қолдануына қатысты айрықша құқықтар беріледі.Автор келісім–шарт бойынша берген құқықтар негізінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар шығарманы пайдалану құқығына ие болады.Бұл құқықтар мүліктік құқықтар деп аталып,мұраға және толық не бөлшектелген түрде келісім бойынша берілуі мүмкін.Олар автордың өмір бойына және ол қайтыс болғаннан кейінгі 50 жыл бойы күшінде болады.Келісім бойынша бұл құқықтардың әрекет ету мерзімі заңмен бекітілмеген.

Шығарманы пайдаланудағы айрықша құқықтар мынадай әрекеттер жасауға рұқсат етуге жол ашады:

–шығарманы кез келген тәсілмен жаңғырту(жаңғырту құқығы).Жаңғырту–шығарманы не оның бөліктерін кез келген материалдық формада дайындау.

–даналарды кез келген әдіспен тарату–сату,жалға беру (тарату құқығы);

–тарату мақсатында шығармаларды импорттау (импорттау құқығы);

–шығарманы көпшілік алдында көрсетіп орындау (көпшілік алдында көрсетіп орындау құқығы);

–таныту мақсатында,одан кейінгі бағдарламаларды қоса шығарманы эфирден хабарлау (хабарлау құқығы);

–шығармаға аударма,аранжировка,өңдеу жасау (аударма,аранжировка,өңдеу жасау құқығы);

–архитектуралық,дизайнерлік жобаларды іске асыру (жобаларды іске асыру);

–автор келісімімен шығарманың даналарын,фонограмаларды айналымға шығару (айналымға шығару құқығы).Егер заңды түрде баспадан шыққан шығарма даналары азаматтық айналымға сату арқылы еңгізілген болса,олардың бұдан бұлайғы таратылуы автордың келісімінсіз,оған сыйақы төлемей–ақ асырылуы мүмкін.Автор өзінің шығармасын пайдалануға деген құқықты Ресей Федерациясының және шетел территориясында заңды және жеке тұлғаларға оның ішінде шетелдіктерге де бере алады.Шығарманы пайдалануға қатысты аталған барлық мүліктік құқықтар әдетте автордың келісім–шарт жасауы арқылы іске асырылады.

 

Авторлық мүлік заң бойынша туындыңы шығармашылық еңбек нәтижесінде дүниеге әкелген жеке тұлға болып табылатын авторға тиесілі.Шығарманы жасаушы,автоматты түрде,шығарманы ешқандай рұқсат пен тіркеуден өткізбей–ақ,авторлық құқық субъектісі (тасушысы) болып саналады.

Екі не бірнеше тұлғаның бірлескен шығармашылық еңбегі нәтижесінде дүниеге келген туынды,шығарманың ажырамас бір бөліктен не әрқайсысының өзінше мағынасы бар бірнеше бөліктен тұратындығына қарамастан барлық тете авторларға тиесілі.

Егер бірнеше авторлармен жасалған туынды бөлінбейтін біртұтас болса,оған әр тете автор өзінше шығармашылық үлес қосса,бұндай тете авторлық бөлінбейтін болып саналады да олардың еш қайсысы да жеткілікті негізсіз оны пайдалануға тиым сала алмайды.

Егер шығарманың бір бөлігі өзінше мағынаға ие болып,басқаларынан дербес қолданыла алса,араларындағы келісімге қайшы келмесе,тете авторлар өз бөліктерін қалауынша пайдалана алады.

Тете авторлар арасындағы қарым–қатынас шарт бойынша анықталып отыруы мүмкін.Келісім –шартқа тете авторлардың бәрінің қолдары қойылуы тиіс.

Жинақтардың құрастырушылары–олардың шығармашылық еңбегінің нәтижесі материалдарды іріктеп орналастыру болып табылады.Егер шығармалары жинаққа енген авторлардың құқықтары сақталса,құрастырушылар жинаққа қатысты авторлық құқыққа ие болады.Сонымен қатар басқа тұлғалар дәл сондай материалдарды басқа жинақтар жасау үшін қолданылуы мүмкін.Бір жинаққа енген екі не бірнеше мақала авторлары тете авторлар болып табылмайды,және өз шығармаларын жинаққа тәуелді болмай–ақ пайдалануға құқылы.

Негізгі шығарманы аударуды,қайта жасауды,қайта өңдеуді іске асыратын тұлғалар да авторлық құқық субъектілері болып табылады.Бұндай шығармалар да туынды болып табылады және жасалған сәтінен бастап құқықтарға ие.Бұл авторлар негізгі туынды авторларының құқықтарын сақтауы тиіс.

Егер аудиовизуалды туынды авторлары бірнеше болса:қоюшы–режисер,сценарий авторы,музыкалық шығарма авторы.Олар шығармадағы өздерінің бөліктеріне байланысты авторлық құқықты пайдаланады.Аудиовизуалды туынды жасау кезінде авторлар осындай туындыны жасауға жауапкершілік алған заңды немесе жеке тұлғамен келісім –шартқа отырады.Авторлар осы келісім бойынша жаңғыртуға,таратуға, және басқа да жария етуге құқықтар береді (аудиовизуалдық туынды құқығы күшінде болатын мерзім шеңберінде).Қызметтік тапсырма ретінде жасалған туындыда авторлық құқық авторға тиесілі.Қызметтік тапсырмамен шарттыланған (обусловленно) қызметтік туындыны пайдалану құқығы және мүліктік құқықтар жұмыс берушіге тиесілі (егер автормен болған келісім–шартқа қайшы келмесе).Сонымен қатар жұмыс беруші қызметтік туындыны пайдаланған кезде өз атауының белгілеуін талап етуге құқылы.

Туындыны пайдалану құқықтары мұрагерлік бойынша,заң бойынша,өсиет бойынша беріледі.Заңды мұрагерлер қатарына кірмейтін кез келген заңды тұлға,мемлекет немесе азамат өсиет бойынша мұрагер бола алады.

Авторлық құқықтың барлық субъектілері өз мүліктік құқықтарын кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға келісім бойынша бере алады.Бұндай тұлғалар құқық иелері болып табылады және келісім шеңберіндегі құқықтарға ие болады.

 

Әдеби шығармаларға қатысты авторлық құқық объектілеріне мыналар жатады:кітаптар,мақалалар,брошюралар,(ғылыми,көркем сипаттағылар да) музыкалық шығармаларға текстер,жарияланған және жарияланбаған лекциялар,сөз сөйлеулер,шіркеулік уағыздар т.б. материалдық тасушыда бекітілген шығармалар.ЭЕМ прграммалары да авторлық құқық объектілеріне жатқызылған.

Бейнелеу өнері туындыларына қатысты авторлық құқық объектілеріне:сурет,мүсін,архитектура,дизайн,графика және декоративті–қолданбалы өнер туындылары,иллюстрациялар,сызбалар жатады.

Авторлық құқық объектілері ретінде заңмен қорғалады мыналар:фотографялық және фотографияға жақын тәсілдермен алынған туындылар,сонымен қатар аудиовизуалдық туындылар (кино–,теле–,видео–,радиотуындылар).

Авторлық құқық объектілеріне негізгі шығармадан туындаған еңбектер де жатады: аудармалар,аннотация,рефераттар, аранжировкалар, жинқтар және басқа да туындының құрамдас бөліктері жатады, олардағы материалдардағы іріктеу мен орналастыру шығармашылық еңбек нәтижесі деп есептеледі. ЭЕМ­на арналған деректер базасы жинақтарға жатады. Бул объектілер құралған материалдары авторлық құқық объектісі болса да, болмаса да авторлық құқықпен қорғалады.

Авторлық құқық объектілеріне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келетін туындылар авторлық құқықпен қорғалады. Авторлық құқықпен қорғалуға жарайтын объектілер саны үнемі өсуде. Бұл ең алдымен шығармашылық туындыларды жасауға қолданылатын жаңа техникалық құралдардың пайда болуына байланысты.Осылардың қатарына мысалы ақпаратты спутниктер мен ЭЕМ–рын программалық қамтамасыз ету арқылы тарату жатады.

Авторлық құқық қолданылмайды: халық шығармашылығы туындыларына және де ресми құжаттарға (заңдар, сот шешімдері т.б), ресми символдар мен белгілерге (жалаулар, ел таңбалар,ордендер, ақша белгілері т.б.), мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар қабылданған ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер жалы хабарлар.

Туындыны коммерциялық мақсаттарда қолдану автордың не басқа құқық иесінің келісімімен жазбаша шарт (авторлық шарт) негізінде мүмкін. Шарт заңды немесе жеке тұлғалардың авторлық құқықпен қорғалатын ғылым, әдебиет пен өнер туындыларын пайдалануына қатысты.

Мүліктік құқықтарды тапсыру айрықша құқықтарды тапсыру немесе арықша емес құқықтарды тапсыру жайлы авторлық келісім–шарттары негізінде іске асырылады. Авторлық шарт бойынша тапсырылған құқықтар егер шартта нақты басқасы көрсетілмесе айрықша емес болып саналады.

Авторлық шарт қарастыруы тиіс;

– туындыны пайдалану амалдарын:

– құқық тапсырылатын мерзім мен территорияны:

– туындыны пайдаланудың әр амалына байланысты сыйақы беру, оны белгілеу тәртібін, сыйақы көлемін, оны беру мерзімі мен тәртібін.

Қалған құқықтар екі-жақтың келісімімен шешіледі. Нақты авторлық шарт бойынша тапсырылмаған құқықтар тапсырылмаған болып саналады. Шарт бойынша тапсырылған құқықтар басқа тұлғаларға түгелімен не бөліктерімен берілуі мүмкін (егер шартта бұл туралы келісім болса).

Пайдалану бойынша ең кең тараған келісім-шарт түрлері:

- тапсырыстың авторлық шарты;

- туынды оригинал күйінде басып шығару мен қайта шығару туралы баспа шарттары;

- жарияланбаған туындыны кино немесе телевизиялық фильмде қолдану туралы-сценарилік шарт;

- бейнелеу өнері туындыларын жасап, көпшілікке көрсету мақсатындағы- көркемдік тапсырыс шарттары;

- туындыны өңделген, аударылған түрде жариялау туралы шарттар;

- ЭЕМ-на арналған программалар мен деректер базасын жасап тапсыруға арналған авторлық келісім;

- топологияларды жасап тапсыру туралы авторлық шарт;

- тете авторлық және т.б. туралы шарт;

Жарияланған туынды кей жағдайларда автордың келісімінсіз пайдалануы мүмкін, ал жарияланбаған туынды тек қана автордың келісімімен пайдаланылады.

Туындыдан баспадағы иллюстрация ретінде цитаталар беру, басқа да осыған ұқсас жолдармен пайдалану автордың келсімінсіз жасалуы мүмкін, бірақ пайдаланған деректе авторының есімі міндетті түрде аталуы тиіс.Бұндай жағдайда туындының қалыпты пайдалануына нұсқан келтірмеуі және автордың заңды қызығушылықтарының маңызы төмендетілмеуі тис. Осындай пайдалану негізінен ғылыми, зерттеулік, пікірталастық, сынау, ақпараттық мақсаттарда, цитата, басылым иллюстрациялары ретінде, радио және теле бағдарламаларда т.б. жасалуы мүмкін.

Сабақтас құқықтар тәуелді болып табылады/12/.

Сабақтас құқық иелері туындыны төмендегідей пайдалану мақсатында авторлардан келісім алуы тиіс:жазып алуға,орындауға,қойылым жасауға,эфирге не кабель бойынша бағдарламалар жіберуге (егер негізгі авторлық құқықтардың күшінде болу мерзімі бітпесе).Бұл құқықтар келісім–шарт негізінде беріледі.

Орындаушыларға жеке мүліктік емес және қолдану барысындағы орындау мен қою құқықтары беріледі.Фонограма жасаушылар мен эфир және кабельдік хабарлау ұйымдарына өз меншігін пайдалануға қатысты тек айрықша құқықтар беріледі.

Заң сабақтас құқықты үш дербес категорияға бөледі:

–атқарушылардың құқықтары;

–фонограма жасаушылар құқықтары;

–эфирлік және кабельдің хабарлау ұйымдарының құқықтары.

Орындаушылар дегеніміз –шығармашылық қызметіне қандай да бір әдебиет пен өнер туындыларын орындау,қойылым жасау жататын жеке тұлғалар.Бұлардың қатарына музыканттарды,актерлерді,әншілерді,бишілерді,спектаклдердің қоюшы–режисерлерін,дерижерларды т.б.жатқызуға болады.

Орындаушылардың сабақтас құқықтары алғаш орындаудан кейін пайда болады да сол сәттен кейінгі 50 – жыл бойы күшін сақтайды.(құқық пайда болған жылдан кейінгі жылдың 1–ші қаңтарынан есептегенде).

Туындыға заң күші қолданылмайды егер,ол көпшілік алдында орындалып,оған жазып алу немесе эфирден көрсету жасалынбаса.Жазба тек қана орындаушының келісімімен жасалады.Егер жазба коммерциялық мақсатта істелінсе,бұл келісімге эфир немесе кабель бойынша бағдарлама да кіреді.

Алғаш рет эфирден не кабельден бағдарлама жасалғанда орындаушы рұқсатын алу қажет.Бағдарламаны қайталаған кезде бұндай рұқсаттың қажеті жоқ.

Орындаушыға жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар тиесілі.

Жеке мүліктік емес құқықтарға мыналар жатады:

–есіміне деген құқық:

–орындаушының беделі мен намысына нұқсан келтіретін орындаудағы бұрмалаудан қорғау құқығы;

–орындау немесе қойылымды кез келген түрде қолдану құқығы;

–орындау не қойылымның әр түрін қолданғаны үшін сыйақы алу құқығы;

Орындаушылардың мүліктік құқықтары дегеніміз –өз шығармаларын басқа тұлғаларға коммерциялық мақсаттарда орындауға,қойылым жасауға,пайдалануға рұқсат беретін авторлардың айрықша құқығ.Ол бойынша орындаушылар құқылы:

–егер әу баста жазба коммерциялық мақсаттарда жасалынбаса,ертеректен эфирден берілмей,жазбаны пайдаланып іске асырылмаса,көпшілік құлағдар болу үшін эфирге не кабельден жіберуге;

–ертерек жазылмаған қойылым не орындауды жазбаға түсіруге;

–жазбаны жаңғыртуға;

–коммерциялық мақсатта баспадан шықан фонограманы жалға беруге.




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 31 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.016 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав