Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтас құқықтарды еркін пайдалану

Читайте также:
  1. E) Еркін баға қалыптастыру.
  2. Бір реттік құрал-жабдықты пайдалану
  3. Р оқушының еркін дамуына жағдай жасау идеясын ұсынған қазақстандық жаңашыл педагог

Кей жағдайларда сабақтас құқықтар авторлық құқық туралы заңда айтылғандай құқық иесінің келісімінсіз –ақ қолданылуы мүмкін.Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға қолданатын еркін пайдалануды сабақтас құқық объектілеріне де қолдануға болады.

Тек сабақтас құқықтарға тән жағдайлар:

–өтпелі оқиғалар шолуына кішігірім үзінділер қосу;

–оқыту және ғылыми ізденіс мақсаттарында қолдану;

–кішігірім үзінділерді дәйексөз ретінде ақпараттық мақсаттарда қолдану:

–жеке бас мақсаттарында пайдалану мен жаңғырту;

Авторлық және сабақтас құқықтарды бірігіп басқару.

Авторлық және сабақтас құқық иелері коллективтік негізде мүліктік құқықтарды басқару мақсатында коммерциялық қызметпен айналыса алмайтын қоғамдық ұйымдар құруы мүмкін. Олардың негізгі функциясы авторлық құқық иелерімен туындыларды пайдалануға пайдалануға қатысты өз еркімен жазбаша түрде істелетін келісім-шарттар жасау. Алайда өз бетінше бұл туындыларды пайдалануға бұл ұйымның қақысы жоқ, сондықтан олар пайдаланушылармен лицензиялық келісімдер жасайды.

Аталған ұйымдар авторлық құқық иелерінен алған өкілеттілік шеңберінде, Ресей Федерациясы заңдары бекіткен тәртіп бойынша құралған жарғы негізінде әрекет етеді. Бұндай ұйымдардың мүшелігінде авторлар, орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабарлау ұйымдары басқада кез келген заңды құқық иелері бола алады.

Авторлық және сабақтас құқық иелерінің пайдаланушыларға деген наразылықтарын, талаптарын осы ұйымдар шешуге тиіс.

ЭЕМ және деректер базасына арналған программалар.

Бүгінгі таңда, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың қарқынды дамуы кезінде ЭЕМ мен деректер базасына арналған программалар әртүрлі инженерлік-техникалық, экономикалық, логикалық, ақпараттық-іздестіру мәселелерін шешудің таптырмас құралына айналған. Ақпараттық жүйелерді құрудың бірінші кезеңінде техникалық қамтамасыз ету (ақпараттық құралдар) басымдық бағыттардың бірі еді. Электронды есептеу машиналары өте қымбат тұрып, әртүрлі модельдер бір-бірімен сәкес келмейтін. Жүйенің қызмет етіп тұруын қамтамасыз ететін программалар кешені ЭЕМ-нан бөлінбейтін күйде болатын. ЭЕМ шығаратын фирмалар іс-жүзінде бұл жүйелерді программалармен қамтамасыз ететін монополистер болды.

ЭЕМ-ның жаңа толқынының дүниеге келуі программалау бойынша дайындығы әртүрлі пайдаланушыларға арналған жеке компьютерлердің қарқынды дамуына байланысты программалық қамтамасыз ету үлкен сұранысқа ие болып келеді. Компьютерді қолданбалы мақсаттарды шешу құралы етуге мүмкіндік беретін программалар жасалуда.

Персональды (жеке) компьютер және белгілі программа көмегімен кез-келген сала маманы зерттеу, есептеу, текстерді өңдеп құруды іске асыра алады. Сонымен қатар көптеген оқыту бағдарламалары мен ойындар дүниеге келуде. Ақпараттық өндіріс саласындағы саудада салмақ енді қондырғылардан программалық қамтамасыз етуге ауысты. Интеллектуалдық еңбек нарығында алуан түрлі программалық қамтамасыз ету саны жедел өсуде. Нарықтың жаңаруы өте тез жүруде. Әрбір программалық қамтамасыз етумен айналысатын әзірлеуші фирма қолданбалы программалардың көптеген түрлерін ұсынады. Олардың мүмкіндік өрісі-тексті өңдеу бағдарламаларынан бейнені өңдеу жүйелеріне дейін.

Программалар мен деректер базасын қолданатын ЭЕМ-ын пайдаланушылар олардың жасаушыларының авторлық құқықтарын сақтауға міндетті.

3 -тақырып. Пайдалы үлгіні, өндірістік үлгіні, тауарлық белгіні ашу, өнертабыс ұғымы Сұрақтар:




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 25 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав