Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нарықтағы жағдайды талдау, бірлік көрсеткіштерін анықтау, модельдерді өңдеу, обьектіні салыстырудағы модельдерді қолдану.

Читайте также:
  1. Лекция 2. Туристік нарықтағы оқиғалық туризм
  2. Нарықтық тепетеңділік баға – бұл, артық немесе тапшылығы жоқ тауардың нарықтағы бағасы.
  3. Таңдап алынған жиынтыққа бақылау бірліктерін іріктеп алу әдістері

Лицензиялау үлгісіне қатысты құқық, қорғау құжаты - өнеркәсіп үлгісінің патентімен дәлелденіп, шүбәсізданады. Патент бойынша үлгіге деген меншік құқығы сол патентте көрсетілген тұлғаға тиесілі.

Патент өнеркәсіп үлгісінің авторына ғана емес сонымен қатар кәсіпорынға да берілуі мүмкін, егер үлгі жұмыс берушінің нақты тапсырмасы негізінде жұмыскермен қызмет бабымен орындалған болса, Сөйтіп көркем-құрылымдық нәтижелерді пайдалану, ие болу, өкім ету құқығы оның өзіне тиесілі.

Өнеркәсіп үлгісін пайдалануға қатысты патент бойынша айрықша құқық патент иесіне төмендегі мүмкіндіктерді береді:

- қорғалатын өнеркәсіп үлгісін қолданып өз қарауы бойынша тауарларды шығарып сатуды іске асыруға;

-конкуренттердің үлгіні пайдалануына тиім салуға. Құрамында өнеркәсіп үлгісі бар тауарларды шетелден әкелуге, оларды кейін сату үшін сақтауға т.б. тыйым салуға:

- патенттелген үлгіні өзінің айрықша меншігі ретінде пайдалануға, мысалы - қолдануға, сыйлауға, мұра етіп қалдыруға, объектінің өзін не оған деген құқықты жалға беруге;

- кез келген жасанды үлгіні сот бойынша қудалап, шығындар мен айрылып қалған пайданы қайтаруды талап етуге.

Өнеркәсіп үлгісіне патент өтінім Патент ведомствосына келіп түскен күннен саналып 10 жыл күшінде болады. Патент иесінің қалауы бойынша бұл мерзім Роспатентпен бес жылға дейін созылады.

Өнеркәсіп үлгілері үшін уақытша қорғау тәртібі жасалуы мүмкін. Ол шешім қабылданған жағдайда өтінім етушіге өнеркәсіп үлгісінің өндірісін іске қосуына болады. Уақытша қорғау тәртібі өтінім берілген жағдайда жасалуы мүмкін. Конкуренттерге өтінімнің берілгендігі жайлы хабарлап, Патент ведомствосы бюллетенінде патент жайлы мәліметтер жарық көрген сәтіне дейін өтінім иесі оларға тауар маркировкасымен коммерциялық іс әрекет жасауға тыйым сала алады.

Патент иесінің айрықша құқықтарын бұзу болып табылмайтын іс-әрекеттер өнеркәсіп меншігін қорғау бойынша Париждік конвенцияда қарастырылған. Атап айтар болсақ, көлік құралдары, транзит кезінде пайдалану сонымен қатар ҒЗЖ, төтенше жағдайлар мен тәжірибелер жасаған кезде.

Мерзімінен бұрын пайдалану құқығы өнертабыстардағы сияқты реттеледі. Өнеркәсіп үлгілері авторлық құқық жүйесінде қорғалатын елдерде мерзімінен бұрын пайдалану деген жөн. Патенттелген өнеркәсіп үлгісін пайдалануға деген құқықтар лицензиялық келісім-шарт бойынша іске асырылады.

Лицензиялық шарт, дизайнерді меншік қатынастарына қатыстырудың бір түрі болып табылады. Толық деңгейде бұл айрықша құқық өкілеттілігі негізінде іске асырылады.

Патент иесінің айрықша құқығы, үлгіні коммерциялық мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік беріп жаңа үлгінің жасалуына төмендегідей жолдармен көмектеседі:

- патент иесі, паттенттің күшінде болу мерзімінде өнеркәсіп үлгісін пайдалануға қатысты монополиясының арқасында пайда табады;

- тұтынушы сырт пішіні ерекше тауарды таңдайды;

- конкурент жаңа шешімдерді әзірлеуге мәжбүр болады;

- өнеркәсіп үлгісінің авторы, патенттің күшінде болу уақытында пайдаланушымен арадағы келісім бойынша сыйақы алады.

Өнеркәсіп үлгісіне қатысты патент иесі, сол патентті кез келген меншік иесі сияқты пайдаланып, оған өкім ету құқығына ие болады. Сол себепті өнеркәсіп үлгісіне деген меншік, коммерциялық мәміленің толыққанды объектісі бола алады.

Өнеркәсіп меншігіне патент, кез келген тауар сияқты:

- сатылады;

- лицензия бойынша кез келген тұлғаға пайдалануға, беріледі;

- тікелей инвестиция ретінде, несие алу үшін кепілдік ретінде, сонымен қатар құнды тауар функциясын орындай отырып коммерциялық кәсіпорынның жарғылық қорының бөлігі ретінде пайдалануға болады.

Өнеркәсіп үлгісіне өтінімді толтыру

1. Патент ведоствосына өтінімді автор, жұмыс беруші, немесе олардың құқық мұрагерлері тапсырады. Өтінім етуші патенттік сенім білдірілгеннің көмегін пайдалана алады. Шетелдік өтінім етуші үшін бұл міндетті талап.

Өтінім, өнеркәсіп үлгісінің тек біреуіне қатысты жазылу керек. Өнеркәсіп үлгісінің варианттары ретінде, ӨҮХК өнеркәсіп үлгілерін халықаралық классификациялаудың бір түріне жататынбір бұйымның көркем-құрылымдық шешімдері болуы мүмкін. Шешімдер бұйымның эстетикалық және эргономикалық ерекшеліктерін айқындайтын негізгі белгілерінің жиынтықтары жағынан ұқсас бірақ бірдей болмауы керек.

2. Өтінім етіліп отырған өнеркәсіп үлгісі бір бұйымға немесе бұйымдар жиынтығына қатысты болуы мүмкін.

Бір бұйымға бүтін бұйым немесе оның кез келген бөлшегі кіреді.

Бұйымның бөлшегі өтінім етіледі егер онда дербес функция, композизиясының аяқталуы болса, және ол бірқатар бұйымдарда қолданылуға жарайтын болса.

3. өнеркәсіп үлгісі өтінімнің құжаттар тізбесіне кіреді мыналар:

- өтінімнің берілуі жайлы өтіні

Жаңалық критериі, шешім оған деген өтінімді берерден бұрын жарияланып не пайдаланып қойған жағдайларда қажет. Әлемде көпшілік қол жеткізуі мүмкін деректердің арасында бұйымның эстетикалық, эргономикалық ерекшеліктерін анықтайтын нақты белгілердің жиынтығы жоқ болса, РФ Патенттік заңы бойынша ол жаңа болып есептеледі.

Жаңалығын анықтаған кезде РФ-на басқа тұлғадан ертерек келіп түскен үлгілеріне қатысты өнімдер, оның ішінде патенттелгендері де ескеріледі. Жаңалығы өтінім етілген және оған ұқсас аналог болып табылатын үлгінің негізгі белгілерін салыстыру арқылы белгіленеді.

Негізгі белгілер жиынтығының толық ұқсастығы, олардың бірдей екенін білдіріп, өтінім үлгі жаңалық талбына сәйкес келмейді.

Егер ақпарат деректерінде (іздеу қашықтығы 10 жылдан кем емес) ұқсас үлгі табылмаса, сараптау үлгінің жаңа екенін хабарлайды.

Өтінім келіп түскенге дейінгі 10 жыл бойы өте ұқсас үлгілер РФ территориясында ашық қолданылып, сипатталып келген болса өтінім етілген ұлгі жаңа деп саналмайды.

Өнеркәсіп үлгісінің патенттелуге жарамдығын тексерудің бір өзгешелігі, үлгі қолданған бұйымның эргономикалық ерекшеліктерінің жаңалығы да тексеріледі. Бұл үлгі иесіне толығырақ қорғау алуға мүмкіндік береді. Әсіресе "адам мен машина" жүйесінде бұл өзекті болып табылады.

Өтінім етілген өнеркәсіп үлгісінің жалған еместігінде және оны басқаларымен шатастыру қиындығында, үлгі ерекшелігі өлшемдерінің ішкі мәні жатыр. Ерекше өнеркәсіп үлгісін ұқсас өзгерістер арқылы айналып өтуге болмайды.

Анықтама бойынша ерекшелік талаптары орындалмады деп саналады мына жағдайларда:

- егер белгілі элементтердің саны ғана өзгертілсе;

- егер пропорционалдық түрде белгілі шешімнің мөлшерлері өзгертілсе;

- егер тек технология мен материалдар өзгертілсе;

- егер белгілі модель сурет түрінде іске асырылса.

Егер элемент үлгілерінің бәрі басқасынан алынған, бірақ олардың комбинациясы өзінше шығармашылық ерекшелікке ие болса, бұндай үлгі жаңа және ерекше деп танылады.

Жаңалығын анықтаған кезде сараптау автор өтінім еткен өнеркәсіп үлгісінің негізгі белгілерінің жиынтығын тексеретін болса, ерекшелік жағдайларын тексерген кезде осы белгілердің шығармашылық сипаты, белгілі үлгінің имитациясын ғана жасап тұрған жоқ па екендігі есепке алынады.

Сөйтіп, қорғаудың патенттік түрі үлгіні тек қана көшіріп алудан емес, оның имитациясын жасау талпыныстарынан да заң жүзінде қорғау береді.

Үлгінің өнеркәсіпте қолданымдылығы, заң бойынша сол бұйымды көп етіп шығару мүмкіндігін білдіреді. Өнеркәсіпте қолданымдылығының өлшемі, тек өнеркәсіп тәсілмен кез келген қажетті санда шығарып шаруашылық айналысқа енгізуге болатын үлгілерге ғана құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді. Осы өлшем бойынша патентпен құқықтық қорғау тұтыну заттары болып табылмайтын мәдениет саласына қатысты демек бірегей бұйымдарда қолданылып шешімдерге қолданылмайды. Таралымдау кезінде бұндай үлгілер эстетикалық құндылығын жоғалтады. Осындай үлгілерді авторлық құқық нормалары бойынша қорғау жұрыстырақ. Бұл халық кәсіпшілігі бұйымдарына, архитектура туындыларына және басқа да теңдесіз объектілерге қатысты.

 

14 -тақырып. Жерді қолдану құқығы және жер бағасының теориялық негізі. Жер бөліктерінің алып сату тәртібі және шарты (2 сағат)

Сұрақтар:




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 27 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | <== 9 ==> | 10 | 11 | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.016 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав