Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жердің нарықтық бағасы.

Читайте также:
  1. G) Нарықтық баға теңдік бағадан жоғары болса, ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
  2. Бәсекелестік нарықтық орта жасау.
  3. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестициялардың экономикалық мазмұны сыныптамасы және рөлі
  4. Нарықтық зкономиканың принциптері
  5. Нарықтық инфрақұрылым.
  6. Нарықтық тепетеңділік баға – бұл, артық немесе тапшылығы жоқ тауардың нарықтағы бағасы.
  7. Нарықтық экономика жүйе ретінде қалай мазмұндалады
  8. Нарықтық экономикадағы адам.
  9. Панахана жамылғы, жердің жоспарлық белгісінен қалай орналасады *төмен

Жер телімдерін бағалау әдістері

Өнертабысқа құқықтық қорғауды алу үшін патенттің берілу жайлы өтінімді толтыру қажет. Птенттің берілу жайлы өтінімді автор, жұмыс беруші,құқық мұрагері РК ның Мемлекеттік патенттік ведомстваны Бүкілресейлік мемлекеттік патенттік сараптаудың ғылым зерттеу институтына тапсырылады.

Ресейден тысқары тұратын заңды және жеке шетелдік тұлғалар, өздерінің патенттерін алуға және олардың күшін сақтауына қатысты жұмыстарын РФ Патенттік ведомствасында тіркелген патенттік сенім білдірген тұлғалары арқылы шешеді.Патенттік сенім білдірілгеннің өкілеттілігі өтінім берушіден алынған куәлік арқылы анықталады.

Патент алу жайлы өтінім белгіленген ережелер мен пішінде толтырылуы тиіс, оған төмендегі құжаттар кіреді:

-патенттің берілу жайлы өтініш, құжатты өзіне сұрап отырған автор немесе басқа тұлғанның аты жөні мен мекен жайы;

-қорғау объектісінің сипаттамасы, іске асыруға қажетті дәрежеде толық ашу;

-өнертабыс формуласын, толығымен сипаттамасына негізделген, ішкі мәнін ашатындай етіп жасау;

-сызбалар және басқа да материалдар, егер олар өнертабыстың ішкі мәнін ашуға қажет болса;

-реферат.

 

Өтініммен төмендегі құжаттар қоса беріледі:

-белгіленген мөлшерде баж төлеуді, немесе онытөлемеу не аз мөлшерде төлеуді куәландыратын құжат;

-өтінімді сенім білдірілген тұлға арқылы тапсырған кезде өтінушінің оған берген сенімхаты;

-конвенциялық басымдыққа сұрау жасағае кезде бекітілген бірінші өтінімдердің көшірмелері;

Патенттің берілу жайлы өтініш орыс тілінде жазылады.Қалған құжаттар орыс немесе басқа тілдерде орыс тілдегі аудармасымен қосып беріледі. Патент беру жайлы өтініш, сипаттама өнертабыс формуласы, сызбалар және реферат үш данасымен қалған құжаттар бір данамен беріледі.

Патент беру жайлы өтініш арнайы түрпішінде толтырылады, онда патенттің кімге сұралып жатқаны, демек өнертабысқа деген айрықша құқықтар кімге тиісілі болатыны жайлы деректер болуы тиіс. Өтініште сонымен қатар өнертабыс авторы жайлы мәліметтер беріледі: автормен өтінім берушінің мекен жайы немесе тұратын жері, мемлекеттің ресми атауы, адрес, өнертабыс атауы, Птенттік ведомстваға өтінім беруден ертерек орын алған басымдық бекіту жайлы өтініш, патенттік сенім білдірілген тұлға жайлы мәліметтер т.б. Өтінішке қол қояды өтініш беруші, және өтініш беруші болып табылмайтын, куәлікте аты жазылған оның иесі. Заңды тұлға атынан жазылған өтініште ұйымның басшысы қол қояды,қызмет аталып қолы мөрмен бекітіледі. Өтініш сенім білдірілген тұлға арқылы тапсырылса қолды сол қояды.

Өнертабыс сипаттамасы, өнертабысты іске асыруға болатындай дәрежеде толық ашуы қажет. Патент берілген жағдайда сипаттама өнертабыс формуласын түсіндіріп, патентпен белілетін құқық көлемін анықтауға қызмет етеді.

Өнертабысты сипаттау оның атауынан және МКИ(ХПК) (Халықаралық патенттеу классификациясы) индексін көрсетуден басталады.

Сипаттау тексті төмендегі бөлімдерден тұрады:

-өнертабысқа қатысты техника саласы;

-техника деңгейі;

-сызба мүсіндері және басқа да бейнелердің тізімдері;

-өнертабысты іске асыру мүмкіндігін куәландыратын деректер.

1.Өнертабыс атауы объектінің ішкі мәніне сәйкес келіп, өнертабыстың жұмсалу мақсатын білдіруі тиіс. Бұл бір рет көрсетіледі. Бірнеше рет айтылуы тиіс атаулар бұған кірмейді(химиялық қосындыларға жататын, жалпы құрылымдық формуламен қамтылатын атаулар)

2. «Өнертабысқа қатысты техника саласы» бөлімінде өнертабыстың қолданатын саласы көрсетіледі. Егер мұндай салалар бірнеше болса, арасындағы басымдысы көрсетіледі.

3 «Техника деңгейі» бөлімінде өнертабыс аналогтары, демек сондай мақсаттарда жұмсалатын құралдар аталады.Өнертапқыштың мәселені шешу аясындағы сол аналогтардың артықшылыұтары мен жетіспеушіліктері көрсетіліп, ең жақын аналог прототип анықталады. Ол өтінім етілген өнертабысқа ең ұқсайтын көптеген белгілерінің жиынтығын сипаттайды. Өнертабыс жоққа шығаратын прототипке бар жетіспеушіліктерді, немесе қажетті техникалық нәтеже алуға кедергі болып тұрған себептерді ерекше көрсеткен жөн. Бұл бөлімде әр аналогқа қатысты библиографиялық ақпарат деректерін көрсету керек,өнертабыстар тобын сипаттаған кезде әр өнертабыс үшін аналогтар жайлы деректер жеке келтіріледі (егер аналогтар әртүрлі болса).

4.«Өнертабыстың ішкі мәні» бөлімінде өтінім етіліп отырған өнертабыстың шешетін мәселесі тыйанақты ашылып, өнертабысты іске асырудан шығуы мүмкін техникалық нәтиже көрсетіледі. Бұл бөлімде өнертабыс формуласы негізінде сол өнертабысты сипаттайтын негізгі белгілер көрсетіледі.Протиптен ерекшеленетін белгілер, өтінім етіліп отырған өнертабыстың негізгі белгілерінің жиынтығы мен қол жеткізетін техникалық нәтиже арасындағы себеп-салдық байланыс аталады.

5. Әрі қарай мүсіндер,сызбалар, басқада графикалық бейнелер және олар жайлы қысқаша түсіндірме мәтіндер келтіріледі.

6.«Өнертабысты іске асыру мүмкіндігін куәландыратын мәліметтер»бөлімінде өтінім етуші күткен техникалық нәтиженің шығуы мүмкіндігін куәландыратын мәліметтер көрсетіледі.

Қондырғы үшін ең алдымен оның статикалық күйдегі сипаттамасы сызбаларға сілтеме жасалып беріледі. Сызбалардағы позициялар сілтемелер жасай отырып, қондырғыны немесе пайдалану тәсілін сипаттамаумен қатар келтіріліп отырылады. Өтінім етілген қондырғыны іске асыру мүмкін екендігін дәлелдеу үшін, шынайы деректерді келтіре отырып нақты орындалу үлгісі жасалады.Бұл жерде мүмкін ноу-хаудың ашылып қалмауынан сақтану керек. Қорытындыда өнертабыстың аналогтармен салыстырғандағы пртықшылықтар жайлы айтылады. Дәлелдер ретінде тәжірибе мен есептеулер нәтижелері келтірілуі мүмкін.

Тәсілге жататын өнертабысқа қатысты көрсетіледі: матиралдық объектіге істелетін әрекеттер (тәсілдер, операциялар), сол әреккеттерді істеу тәртібі мен жағдайлары, пайдаланылатын заттар, қондырғылар, штаммдар.

Жаңа қондырғыларды, заттарды, штаммдарды тәсілде қолданған кезде олардың сипаттамасы, қажет жағдайда графикалық бейнесі мен алу тәсілі келтіріледі. Тәсілді сипаттаған кезде сілтемелер графикалық бейнелерге жасалады (егер олар бар болса). Тәсілдің артықшылықтары дәлелденіп,оның іске асырылуының бірнеше нақты мысалдары келтіріледі.

Затқа жататын өнертабыс үшін келтіріледі: белгілі әдістермен дәлелденген жеке химиялық қосындының құрылымдық формуласы; физико - химиялық константалар; жаңа қосындыны шығарған тәсіл сипаттамасы. Бұл қосындының белгілі мақсатта жұмсалуы дәлелденеді. Ал биологиялық активті қосындылар үшін активтілігі мен токсинділігінің сипаттамасы басқа да көрсеткіштер.

Егер өнертабыс құрылымы белгіленген жалпы құрылымдық формуламен сипатталатын жеке химиялық қосындылардың жаңа тобына жататын болса, бұл бүкіл топ қосындыларын алу мүмкіндігін және нақты топ қосындыларын алууды көрсететін үлгілердің схемалары арқылы расталады.

Композициялар үшін қоспалар,ерітінділер, құйма тапсырылады: композиция құрамына кіретін ингридиенттер белгіленген үлгілер; олардың сипаттамасы мен сандық арақатынасы және алу тәсілінің сипаттамасы. Келтірілген мысалдарда ингредиенттердің сандық арақанынасын пайызбен берген кезде олардың жалпы құрамы 100%- ке теңелуі тиіс.

Штаммға қатысты өнертабыстар үшін штаммның қайдан шыққаны жайлы номенклатуралық деректер, қорек орталарының сандық және сапалық құрамы, баулу жағдайлары, ферментация уақыты, биосинтез сипаттамасы, пайдалы азық түлік, шығуы жайлы, штамм белсенділігінің және оны анықтаудың тәсілдері туралы деректер болуы керек.

Микроағзалар, жануарлар мен өсімдіктер консорциумдары үшін төмендегі деректер келтіріледі: компоненттерді тексеру тәсілі, даралау тәсілі мен белгілері, ұзақ баулу кезіндегі консорциум тұрақтылығы.

Штаммға немесе тәсілге жататын өнертабысты іске асыру мүмкіндігі, сол штамм қайдан және қалай алынатынын көрсету арқылы дәлелденеді. Штаммды алу мүмкіндігі, оны алу тәсілін немесе сақтауға беру жайлы белгілі тәртіпте толтырылған құжатты көрсету арқылы дәлелденеді. Бұл жерде сақтауға беру күні өнертабыстың басымдық алған күнінен ертерек болуы керек.

Қондырғыны, тәсілді, затты, штаммды жаңа мақсаттарда пайдалануға қатысты өнертабыстар үшін осы мақсатты іске асыру мүмкіндігін дәлелдейтін деректер келтіріледі.

Түсіндірме материалдар фотосуреттер, кесте, графикалық материалдар диаграммалар түрінде берілуі мүмкін.

Графикалық материалдардың оң жақ жоғарғы бұрышында өнертабыс атауы көрсетіледі. Графикалық материалдар қара түсті сызықтар мен штрихтар арқылы туштелмей, боялмай жасалады.Графиклық бейне элементтері сипаттамаға сәйкес араб сандарымен белгіенеді.

 




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | <== 10 ==> | 11 | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав