Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мадридтық келісім.

 

Құрылымдық жағынан өнертабыс формуласы бірбуынды және көпбуынды болуы мүмкін.

Өнертабыстың бірбуынды формуласы мына жағдайларда қолданылады егер бір өнертабыс жеке жағдайларда қолдынылып дамымайтын негізгі белгілердің жиынтығымен сипатталса.

Егер өнертабысты мұндай дамыту мен нақтылау мүмкін болса, онда бір біріне тәуелсіз, кейін тәуелділері жүретін пункттерден тұратын өнертабыстың көпбуынды формуласын қолану қажет.Өнертабыстың көпбуынды формуласы өнертабыстардың топтарын сипаттау үшін де қолдынылады. Мұндай жағдайда ол әрқайсысының құрамында тәуелді пункттері болуы мүмкін бірнеше тәуелсіз пунктерге ие болады. Өнертабыстың бірбуынды формуласымен көпбуынды формуланың тәуелсіз пункті бір сөцйлем ретінде беріліп, екі бөліктен тұрады- шектейтін және ерекшелейтін бөліктер.

1.Өнертабыс формуласының шектеуші бөлігі, қорғалатын өнертабыспен оның аналогыне прототипіне ортақ белгілерден тұрады.

2.Өнертабыс формуласының ерекшелеуші бөлігі оның жаңалығын сипаттап, өнертабысты прототиптен ерекшелеп тұратын белгілерден құралған.

Мыналардың сипаттайтын өнертабыс формулалары бұл ерекшелерге жатпайды:

-жеке химиялық қосынды;

-микроағза штаммы, өсімдікпен жануарлар түрлерін;

-ертеректе белгілі болған қондырғыны, тәсілді, затты штаммды жаңа мақсаттарда қолдануды;

-аналогтары жоқ өнертабысты.

3. Өнертабыс формуласының тәуелсіз пункті, тек бір өнертабысқа қатысты болуы керек. Бұл талап төмендегі жағдайларда бұзылған болып саналады:

А) егер тәуелсіз пункт құрамында бірдей техникалық нәтеже шығуын қамтамасыз етпейтін балама белгілер болса, немесе балама жеке белгілерге емес керісінше бір топ функционалдық тәуелсіз белгілерге қатысты болса, соның ішінде егер сондай белгілердің біріне балама таңдау басқа белгіге жасалған таңдауға тәуелді болмаса;

ә) егер тәуелсіз пункт құрамында аталған жиынтықта бар болуына да жоқ болуынада жол берілген белгі бар болса, құрамында болуы мүмкін сияқты сөздер қолданылса, немесе зат ингредиенттерінің сандық құрамының төмендегі шегі нольге тең интервал мағынасы түрңһінде көрсетілсе;

б) егер тәуелсіз пункт құрамында әр түрлі объект түрлеріне қатысты өнертабыс сипаты болса, немесе әр қайсысының өзіндік мағынасы бар құралдар жиынтығының мінездемесі болып, көрсетілген жиынтық жалпы мақсатында іске асырылмаса;

4.Өнертабыс форуласының тәуелді пунктінің құрамында, тәуелсіз пункт белгілерінің негізгі нышандарының жиынтығының нақтылауында болады. Бұл нақтылау өнертабысты пайдаланып орындаудың тек жеке жағдайларын сипаттайды. Тәуелсіз пункттің шектеуші бөлігі өнертабыстың жұмсалу мақсатын айқындайтын түсініктен тұрады,сол түсінікті баяндау тәуелсіз пункттегімен салыстырғанда қысқартылған болуы мүмкін. Одан басқа тәуелді пункттің шектеуші бөлігінде оның бір немесе бірнеше пунктіге тәуелділігі көрсетіледі.

Өнертабыс формуласына қойылатын негізгі талаптарға қосымша ретінде, өнертабыс формуласының басқа өтінім құжаттарымен сәйкестігін анықтайтын төмендегі ережелерді ұстанған жөн:

-өнертабыс формуласы, толығымен сипаттамаға сәйкес болып, өнертабысты оның сипаттамасындағы түсініктерге қатысты айқындауы қажет;

-өнертабыс формуласы оның ішкі мәнін айқындайтын болып табылады, егер оның құрамында сипаттамада көрсетілгендей техникалық нәтежеге жетуге жеткілілкті сол өнертабыстың негізгі белгілерінің жиынтығы болса;

-өнертабыс нышандары өнертабыс формуласы ішінде оны кейін сәйкестендіруге болатындай етіп айқындалады, демек сол нышандар сипатталған белгілі түсініктердің мағыналық құрамының техникасы деңгейінде оларды маман бірден тани алатындай етіп көрсетілуі керек;

Реферат

 

Реферат өнертабыс жайлы қысқаша ақпарат береді, оның құрамына атауы, техника саласының сипаттамасы, өнертабыстың ішкі мәні және қол жеткізетін техникалық нәтеже көрсетіледі. Қажет болған жағдайда рефератқа сызба немесе химиялық формула қосылады. Реферат мәтінінің көлемі -1000 баспа белгісіне дейін.

 

Өнертабыс өтінімінің тапсыру процессі

 

1.Өтінім РК Патенттік ведомствасына беріледі. Өтінімге қоса белгіленген мөлшерде баждың төленгенінің куәландыратын құжат беріледі. Өтінім берілгені үшін баждың төленгенін куәландыратын құжат өтініммен қоса, немесе өтінім РК Патенттік ведомствосына түскеннен кейінгі екі ай ішінде тапсырылуы тиіс.

Аталған уақыт аралығында бұл құжат берілмесе, өтінім тапсырылмаған деп есептеледі.

Талап етілген құжаттардың кейбіреулері жетіспесе өтінім етушіге тапсырылған құжаттарының сәйкессіздігі жайлы хабарланады.

Өтінім етушіге жіберілген өтінімнің келіп түскені жайлы хабарламада сегіз саннан тұратын тіркеу номері мен өтінімнің келіп түскен күні жазылады. Егер өтінім, баждын төленген жайлы құжатпен қоса барлық жағынан дұрыс толтырылса, хабарлама ретінде өтінім етушіге өтінімнің бір данасы ғана жіберіледі.

2.Өтінім тапсырылып қорғалғаннан кейін оны қарастыру бойынша өтінім етуші сенімхат беріп өзінің өкілің қоюы мүмкін. РК Патенттік ведомствосы алдында өкілеттілікке қатысты сенімхат қарапайым жазбаша түрде беріліп, нотариалдық бекітуді қажет етпейді.

Сенімхат төмендегі шарттарға сәйкес болуы керек:

-сенімхатқа қол қойып оны беретін өтінім етуші;

-сенімхатта, сенім білдірілген адамның өкілеттілік көлемі көрсетілуі тиіс;

-сенімхаттың жасалған күні және үш жылдан асырылмайтын күшінде болу мерзімі көрсетілуі тиіс, онсыз сенімхат заңсыз деп саналады.

3.Өкіл ретінде өтінім берушілердің немесе өнертабыс авторларының біреуі көрсетілуі мүмкін, егер олар бірнешеу болса, онда патенттік сенім білдірілген немесе кез келген бачқа тұлға көрсетіледі. Өкілдің өзіне берілген құқықтар шеңберіндегі РФ Патенттік ведомствосымен арадағы кез келген әрекеттері, ведомство тарапынан өтінім берушімен арадағы әрекеттер сияқты есептеледі.

Өтінім етуші Ресей Федерациясынан тысқары жерде тұратын жеке тұлға немесе шетелде тұратын заңды тұлға болса, оның өкілі бола алады тек қана патенттік сенім білдіріліп РФ Патенттік ведомствосында тіркелгендер.

4.Өтінім етуші өтінім материалдпрына екі ай аралығында баж төленбей жатып өнертабыстың ішкі мәнін өзгертпейтін түзетулермен нақтылаулармен енгізе алады. Ал егер баж төленіп қойса, онда сараптаудың нақты шешімі шықпай жатып осындай түзетулер енгізе алады.

12 ай ішінде өтінім беруші жасаған түзетулер мен нақтылаулар, өтінім бойынша мәліметтер жарық көрген жағдайда есептеледі.

5.Өтінім етуші патент алуға қатысты өз құқықтарын өтінім РК Патенттік ведомствосына тапсырылғаннан кейін басқа тұлғаға бере алады. Бұндай жағдайда өтініш жазылып, өтініште көрсетілген тұлғаның келісімі мен ол жайлы мәліметтер келтіріледі. Құқықтарды тапсыру жайлы өтінішке бұл келісімге қатысатын екі тұлға да қол қояды.

6.Өтінім өтініш беру арқылы қайтарылынып алына алады, егер бұлөтініш өтінім жайлы деректер жарияланудан және патент берілген жағдайда болатын тіркеуден бұрын берілсе. Өтінімдң қайтарып алу жайлы өтініш қайтарылынып алынбайды.

Өтінім етуші тарапынан өтінімді қайтарып алу мынадай жағдайларда қисынға келеді:

-өтінім етуші нарық конъюктурасы өзгеруі себебінен оған қорғау құжатының қажеті жоқ екенін түсінсе;

-ол өз талаптарына дұрыс қоймадым деп шешсе, мысалы ол бүкіл агрегатты емес тек өтінімде көрсетілген оның бір бөлігінің қондырғысын ғана қорғатсам көбірек құқықтарға ие боламын деген шешімге келсе.

-сол мақсатта жұмсалатын бірақ басқа одан әрі жаңартылған, жақсырақ, патент иесіне үлкен экономикалық пайда түсіру мүмкін өнертабысты ойлап шығарған жағдайда;

-өнертабысқа деген өтінімді өнеркәсіптік құпия ашылып қалды деп қауіптенсе;

-өтінім ішіндегі формула мен сипаттаудағы ертеректе өзінің көрсеткеніне қарағанда өнертабысы үшін көбірек қорғауды талап ете алу мүмкіндігі бар деп ойласа.

7. Өтінім түскеннен кейінгі екі айдан кейін патент алуға қатысты өтінімге формальды сараптама жасалады. Бұндай жағдайда өтінім етуші қолдаухатты берген сәтінен бастап өтіні ге баж төлемей түзетулер мен нақтылаулуар енгізуге құқы жоқ.

Өтінімге формальді сараптама жасаған кезде тексеріледі:

-өтінім құжаттарын толықтырудағы талаптардың ұсталынуы;

-қажетті құжаттардың түгелдігі;

-өнертабыстың құқықтық қорғау берілетін объектілер қатарына жататындығын;

-өнертабыстың біртұтас болу талабының орындалуын;

Егер формальдік сараптама процессңнде, өтінім құжаттарға қатысты талаптарды бұза жасалған екендігігн анықталса, өтінім етушуге табылған жетіспеушіліктерді екі ай ішінде түзетіп жетпейтін немесе түзелетілген құжаттарды тапсыру ұсынысы бар сұраным жіеріледі.

Өтінім қайтарылып алынады деп саналады егер, өтінім беруші белгіліенген мерзімде сұралған материалдарды немесе тапсыруды ұзарту жайлы қолдаухатты тапсырмаса.

Егер өтінімді формальді сараптау нәтежесінде оның патентттелуге жарамайтын өнертабыстарға негізделген ұсыныстар болса өтінім берушіге патенттің берілмеуі жайлы жіберіледі. Бұл шешімге қатысты өтінім беруші РК Патенттік ведомствосының Аппеляциондық палатасына шағымдана алады.

8.Формальдық сараптау нәтежесі жақсы болса, ол жайлы өтінім берушіге хабарланып, өтінім материалдары баспадан шығаруға жіберіледі. Өтінім материалдары тапсырылған күннен ейінгі 18 ай ішінде жарыққа шығарылады. Өтінім етушінің қолдаухатты бойынша өтінім жайлы мәліметтер осы аталған мерзімінен ертерек жариалануы мүмкін.

Өнертабыс жайлы мәліметтер жариаланғанннан кейін, кез келген тұлғалар өнертабыс сипаттамасымен, формуласымен, сызбалармен рефератпен, қосымша материалдармен таныса алады, егер оларлы өтінім беруші өтінім берілгеннен кейінгі 12 ай ішінде белгіленген тәртіппен тапсырса.

Өтінімдерді жариалау, кейінгі шегерілген сараптамада шешуші маңызға ие. Мұндай жариалау нәтежесінде бүкіл қызуғышылық танытып отырған тұлғалар өтінім етілген әзірлемелерімен өтінімге берілген сипаттамасы түрінде таныса алады.

9. Жарыққа шыққан өтінім иесі, сол жариялымнан кейін уақытша құқықтық қорғау алып, өтінім етелген өнертабысқа қатысты өзінің басымдығы жайлы хабарлайды. Осыларға сәйкес өтінім етуші, РФ патенттік ведомствосына өтінім келіп түскеннен кейінгі үш жылға дейін өтінім етілген өнертабысты әрі қарай қарастыру қажеттілігі, демек нақты сараптау жасауға қатысты шешім қабылдануына уақыт алуға құқыпы.

Өнертабысты патенттеу қажеттілігі жайлы сұрақтар толығымен шешкен өтінім берушілер, формальды сараптау бітпей жатып негізгі сараптауды бастау жайлы қолдаухатты береалады.

Кейінгі шегерілген сараптаудың тағы бір ерекшелігі РКФ Патенттік ведомствосы өтінім берушінің қолдаухаты бойынша жасалады.

10. Өтінімді негізгі сараптаудан өткізген де мыналар жасалады:

-өтінім құжаттарының дұрыс толтырылғанын қосымша тексеру;

-өтінімге басымдық беру,егер ол өтінімнің келіп түскен күніне келтіріліп сұралмаса;

-өтінім беруші тапсырған қосымша материалдарды тексеру;

-өтінім етілген өнертабыстың патенттелуге жарамдығын тексеру;

Өтінімнің негізгі сараптауын жасаған кезде өтінім иесінен қосымша материалдар оның ішінде өнертабыстың өзгертілген формуласы жазылғандары сұралуы мүмкін.

Сұрауға негіз бола алады:

-өнертабыстың патенттелуге жарамдығын тексеруге қатысты туған мәселелерді шешу қажеттігі;

-бірдей басымдықтары бар ұқсас өнеркәсіп меншігі объектілерінің өтінімдерін қарастыру;

-тексеріс нәтежелері бойынша өнертабыс формуласын нақтылау қажеттілігі;

Өтінім етушінің материалдарды тапсырыстың уақыт мерзімі қолдаухат жазу арқылы ұзартылуы мүмкін,егер бұл қолдаухат сұрау немесе материалдар көшірмелері түскеннен кейінгі екі ай ішінде жазылса.

11. Өтінімге сараптау өткізу мәселелері өтінім етуші қатысатын келіссөздерде немесе сараптау жиналымында шешілуі мүмкін. Келіссөздерге өтінім иесі және сараптаушы да қатысады, сараптау жиналысында сараптау жағынан басқа да мамандар шақырылады.

Келіссөз немесе сараптау жиналысының нәтежелері бойынша хаттама жасалады, онда қатысушылар, талқыланған мәселелер, бұдан арғы іс жүргізу бойынша екі жақтың ой пікірлері жазылады. Хаттамаға екі жақ қол қояды.

Өтінімнің негізгі сараптауының нәтежесі бойынша өнертабыстың патенттелуге жарайтыны анықталса, патентті өтінім иесі ұсынған өнертабыс формуласымен қоа беру туралы шешім қабылданады.

12.Себептері келтіріліп, патентті бермеу жайлы шешім шығарылады егер:

- өтінім етілген өнертабыс патенттелу жарамдығына қатысты талаптардың біреуіне болса да сәйкес келмесе;

-көпбуынды өнертабыс формуласымен сипатталған өнертабыс, формуланың тәуелсіз пунктіне қатысты патенттелуге жарамдықтың бір талабына сәйкес келмей, өтінім етуші бұл пунктті нақтылаудан бас тартса;

-өтінім етілген өнертабыс қорғау мүмкіндігінің бүкіл тараптарына сәйкес келіп, бірақ өтінім етуші өнертабыс формуласына қажетті өзгерістерді енгізуден бас тартса;

Егер өтінім етуші патенттің берілмеу шешімімен келіспесе, шешім түскеннен кейінгі үш ай ішінде РК Патенттік ведомствосының Аппеляциялық палатасына шағымдана алады.Шағым төрт айдан аспайтын уақыт аралығында қарастырылуы керек.

13.Өнертабыстың бір тұтас болу талабы. РФ Патенттік заңына сәйкес өнертабысқа қатысты патентт беру өтінімі, біртұтас өнертабыстық ниет құрайтындай дәрежеде өзара байланысқан бір немесе бір топ өнертабстарға қатысты болуы тиіс.

Өнертабыстың біртұтастығы мойындалады егер, өтінім етілген бір өнертабыс сол өнертабыс формуласында бір тәуелсіз пунктпен сипатталса, немесе бір топ өнертабыс сол өнертабыс формуласында бірнеше тәуелсіз пунктермен сипатталса. Соның ішінде мысалы өнертабыстар тобындағы біреу басқасын іске асыруға немесе өнертабыстар тобындағы біреуі басқасын пайдалануға арналған, немесе топтағы өнертабыстар бірдей техникалық нәтеже шығуын қамтамасыз ететін басқа объектілер түріне жатады.

14.Өнертабыс басымдығы. Өнертабыс басымдығы оның патенттелуге жарамды,ына әсер ететін заң фактілеріне жатады, себебі сараптау кезінде техника деңгейі басымдық беру күніне телінеді.

Басымдық бірінші өтінімнің тапсырылу күніне қатысты белгіленуі мүмкі,. егер ол өнеркәсіп меншігін қорғау бойынша Париждік конвенцияға мүше мемлекетте тапсырылса.

Конвенциялық басымдықты белгілеу рәсімі төмендегі ережелердің орындалуын талап етеді:

-өнертабысқа қатысты өтінім РК Патенттік ведомствосына бірінші өтінім келіп түскеннен кейінгі он екі ай ішінде тапсырылуы керек;

- конвенциялық басымдық сұралып отырған өтінімге қоса бірінші өтінімнің көшірмесі беріледі, ол РК Патенттік ведомствосына өтінім келіп түскеннен кейінгі үш ай ішінде тапсырылуы мүмкін;

Басымдық ертеректегі өтінімге қосымша материалдар тапсырылған күнге келтіріліпте берілуі мүмкін.

 

15 -тақырып. Жылжымайтын мүліктің бағалау кезіндегі экологиялық факторлардың әсері (2 сағат)

Сұрақтар:




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 25 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | <== 11 ==> | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав