Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кредиторлық қарыздардың есебі

Читайте также:
  1. Бухгалтериядағы ТМҚ есебін ұйымдастыру.
  2. Дәріс 6. Транспорт есебі. Потенциалдар әдісі.
  3. Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі
  4. Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі
  5. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.
  6. Займдар есебі
  7. Рылыстағы материалдар шығындарының есебі.
  8. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері
  9. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатылып алынған меншікті үлестік құралдар.

Кредиторлық қарыздар дегеніміз – белгілі бір ұйымдардың басқа заңды және жеке тұлғалар алдындағы берешек қарыздары. Олардың жиі кездесетін түрлері:

1. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге кредиторлық қарыздар

2. Еншілес, ассоцияланған ұйымдарға құрлымдық бөлімшелерге кредиторлық қарыз

3. Еңбекақы бойынша міндеттемелер

4. Жалға алынған мүліктер бойынша міндеттемелер

5. Сыйақылар бойынша міндеттемелер

6. Берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелер

7. Алынған аванстар бойынша міндеттемелер

8. Алдағы кезең табыстары

6. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

6.1 Еңбекақы есебін ұйымдастыру

6.2Еңбекақы жүйелері

a. Еңбекақыдан ұсталымдар және оның бухгалтерлік есебі.

6.4Демалыс еңбекақысын есептеу.

6.1 Еңбекақы есебін дұрыс ұйымдастыру үшіг кәсіпорындарда келесідей құжаттар болуы керек:

  1. Штаттық кесте
  2. Жеке еңбек келісім шарттары
  3. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар
  4. Қызметкерлердің жеке карточкалары мен іс қағаздары
  5. Жекелеген қызметкерлердің материалдық жауапкершілік жөніндегі келісім шарттары
  6. Жылма жыл беріліп отыратын, төленетін демалыс еңбекақысының кестесі.
  7. Демалыс беру, басқа жұмысқа ауысу материалдық көмек көрсету, іс сапарға жөнелту туралы бұйрықтар.
  8. Жұмыс уақытын есепке алу табелі және еңбекке жарамсыздық қағаздары.
  9. Жеке еңбек келісім шартын бұзу немесе тоқтату туралы жөніндегі бұйрықтар.
  10. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тіркеу журналы.
  11. Мамандар бөлімі бойынша бұйрықтарды тіркеу журналы.

6.2 Еңбекақы төлеудің екі жүйесі бар:

1. мерзімді

2. кесімді

Мерзімді дегеніміз – еңбекақы төлеу жүйесінде қызметкерлерге төленетін еңбекақы белгілі бір тарифтік ставка бойынша немесе олардың жұмыс уақытында орындаған жұмыстарына берілетін оклад бойынша төленеді.

Кесімді еңбекақы дегеніміз – жүйесінде оырндалған жұмыстың әрбір өлшем бірлігіне төленеді немесе сатудың көлемінен пайыз ретінде төленеді. Негізгі жүйелерден басқа қызметкерді ынталандыру мақсатында әр түрлі қосымшалар төленуі мүмкін.

Кесімді еңбекақы жүйесі құрамына келсідей жүйелер қосылады:

3. тікелей кесімді жүйе - өнімнің әрбір бөлігіне кесімді баға бойынша төленеді.

4. Кесімді сыйақылық – белгілі бір көрсеткішті орындағаны үшін сыйақы төлеу қарастырлады.

5. Кесімді прогресивтік – белгілі бір норма шегінде қарапайым баға бойынша, ал нормадан артық орындалған жұмысқа жоғары баға бойынша еңбекақы төлеуді қарастырады.

6. Аккордтық жүйе – бұл белгілі бір уақыт ішінде орындалған барлық жұмыс көлемі үшін белгіленетін еңбекақы

Аккортық жүйе бойынша орындалған жұмыс үшін есеп айырысу барлық объектіні қабылдап алғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

Мерзімді еңбекақы нысаны келесідей жүйелерге бөлінеді:

1. Қарапайым мерзімді жүйе – еңбекақы қызметкерге нақты тарифтік ставка бойынша немесе нақты орындалған уақытқа белгіленген оклад бойынша жүргізледі.

2. Мерзімді сыйаықылық жүйе – белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерді орындағаны үшін қосымша сыйақы төлеуді қарастырады.

6.3 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 3350 шотында «Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» пассивті шотында жүргізледі.

Еңбекақы есептелген кезде, қызметкер қай салада жұмыс істейтін болса, сол саланың шығыстары көбейеді.

Еңбекақы есептелген кезде келесідей жазбалар беріледі:

Дт 7110

Дт 7210

Дт 8210

Дт 8030

Кт 3350

Есептелген еңбекақыдан келесідей ұсталымдар жүргізледі:

1. міндетті зейнетақы жарнасы 10%

2. табыс салығы, алатын еңбекақы көлеміне байланысты (салық кодексінің 145 статиядағы ставкаларына сәйкес)

3. Әр түрлі берешектері (іс сапар бойынша, келтірілген зияндар бойынша)

4. Алиметтер және басқа да ұсталымдар.

6.4 ҚР-ның Еңбек туралы заңына сәйкес 12 ай қызмет істеген қызметкер ақылы демалысқа шығуға құқылы. Осы заңға сәйкес 2007 жылдан бастап ең аз демалыс күндері 24 күн. Ал егер де әр түрлі себептермен қызметкер демалмайтын болса, онда қолданылмаған еңбек демалыс үшін компенсация талап етуіне құқылы.

Демалыс еңбекақысын есептеу үшін есепті кезең деген термин қолданылады. «Есепті кезең» оқиға боларға дейінгі 12 айдың көлемінде есептеледі.

Демалыс еңбекақысы есептелген кезде келесідей тәртіппен анықталады:

1. Егер де есепті кезең толық орындалған болса.

а) есепті кезеңде төленген еңбекақының мөлшерін 12 айға бөліп, бір айдағы орташа еңбекақы мөлшерін табамыз.

б) осы табылған соманы 1 айдағы орташа күн санына бөліп 1 күндік демалыс босамын табамыз.

в) 1 айдағы орташ күн санын табу үшін 1 жылдағы күндердің санынан мемлекет белгілеген мейрам күндерінің санын алып тастап, шыққан соманы 1 жылдағы немесе 12 ай санына бөлеміз.

Егер де есепті кезең толық орындалмаған болса, онда жұмыс істеген кездегі барлық еңбекақы сомасын осы жұмыс уақытына келетін календарлық күндер санына бөліп бір күннің орташа еңбек ақысын шығарамыз.

Егер де қызметкерлер ауырған себепті жұмысқа шықпайтын болса, оларға тиісті тәртіпте толтырылған еңбекке жарамсыз қағаздың негізінде компенсация төленеді. Уақытша еңбекке жарамсыздық қағазы бойынша компенсация мөлшерін анықтау үшін есепті кезеңде алынған нақты еңбекақы мөлшері және нақты орындалған орташа жұмыс күндерінің саны алынады. Осы көрсеткіштер пайдаланылып бір күндік жалақы мөлшері анықталады. Орташа бір күндік жалақыны ауырған күндердің санына көбейтіп жәрдемақы мөлшерін анықтаймыз.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

· Міндеттемелерге анықтама, жіктелуі;

· Қаржылық міндеттемелердің есебі;

· Салық міндеттемелерінің есебі;

· Басқа да кредиторлық берешектер есебі;

· Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

2. С.Б. Баймұханова «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2005

3. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң»

4. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары М. Аскери, 1999ж.

 




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 59 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | <== 7 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав