Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тпелі экономиканың әр түрлілігі.

Читайте также:
  1. A) сақинасының құрамында қос байланыстардың саны әр түрлі
  2. Amp; нарыққа ешқандай әрекет етпейді
  3. B) әдістемелерді жүргізу барысында орындалуына талап ететін технологиялық әркеттерге
  4. II. Яңа белем һәм күнекмәләрне формалаштыру этабы
  5. Алымдардың есептеуінше өтпелі экономика теориясы адамзат қоғамының ұш ірі күйінен бастау алу керек .
  6. Арым-қатынас жасау дәріханалық ұжымда келесі дәрежеде жүреді.
  7. Бүйрекке тас байлану ауруы, этиологиясы, өршітетін факторлар, клиникалық белгілері. Бүйрек шаншу ұстамасында жедел жәрдем көрсету.
  8. Бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру және мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс әрекетінің тәсілін қайталау
  9. Бөлім. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
  10. Банк ашуға рұқсат беру және берiлген рұқсатты қайтарып алудың негiздерi мен тәртiбi

Ұлттық экономика мəселесі қазіргі заманғы жағдайда өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біріншіден, өтпелі экономикаларда жаңа тəуелсіз мемлекеттердің экономиканың үлгілерін таңдауымен, елдердің экономикалық шекараларды анықтауының қажеттілігімен, олардың ұлттық қауіпсіздігімен байланысты. Ұлттық экономикалық жүйелер мен оларды зерттеуге деген ықылас ірі интеграциялық бірлестіктер жүйесінде ел өзінің орнын анықтаған кездегі интеграциялық процестер жағдайында одан бетер күшейеді. Екіншіден, ғаламдану барлық елдердің алдына оның жалпы тенденциялары мен заңдылықтарын мемлекеттердің ұлттық мүдделерімен үйлестіру мəселесін шешуді талап етеді. Осы мəселенің шешімін табу үшін ұлттық мүдделердің рөлі жөніндегі түсініктерді нақтылап, қазіргі бар ұлттық экономикалық жүйелердің қызметіне өзгеріс енгізу қажет.

Қазіргі таңда бұрынғы социалистік елдерде, сондай-ақ бұрынғы кеңес кеңістігінде құрылған мемлекеттердегі өзгеріс процестерін өтпелі экономика деп атауға болады. Мемлекеттендірілген социализмнің бұрынғы экономикалық жүйесінен жаңа экономикалық жүйеге көшуде кез келген өтпелі экономика негізгі белгілері белең алды, яғни экономикалық жүйенің, үйлестіру мен меншік нысандарының негіздері өзгерді, сондай-ақ қоғамның барлық белді институттары да өзгерді.

Сонымен бірге осы өтпелі экономиканың бірқатар ерекшеліктері де жоқ емес. Ең алдымен, сол бір экономикалық жүйе ауқымындағы өтпелі экономиканың сапасы экономиканы үйлестіру нысандарының өзгеруімен байланысты өтпелі экономиканың түрінен өзгеше болады. Бір қарағанда Қазақстанның өтпелі экономикасының 1929-1932 жылдардағы əлемдік дағдарыс барысындағы үйлестіру нысандарының өзгеруімен ортақ көп нəрсе бар сияқты. Ұлы тоқырау жылдары да, сонымен бірге тап қазіргі уақытта да өндіріс терең экономикалық дағдарысқа ұшырады, бұрынғы жүйе жөніндегі көп түсінік күйреді, экономикалық саясат түбегейлі өзгерді. Алайда осыған қарап Қазақстанның өтпелі экономикасын жаңа реттеу түріне өту ретінде қарастыруға болмайды. Осы көзқарас қазіргі заманғы өтпелі экономиканың ерекшеліктерін елемейді, ал осы өтпелі кезеңде құрылымның негізгі элементтері де, қоғамның аса маңызды институттары, бүкіл қоғамдық құрылыс да толықтай өзгерді.

Экономикалық жүйелерді əр түрлі өлшемдер бойынша бөлуге болса да, бірқатар елдердің елдік айрымашылықтарына қарамастан үйлестіру тəсілдері (негізінен), меншік нысандары, экономикалық басқару органдары жəне т.б. бірдей сол бір экономикалық жүйесі болуы ықтимал. Осының айқын мысалы ретінде нақты социализмнің бұрынғы жүйесінің мемлекеттерін жəне капиталистік жүйесі бар елдермен, яғни экономиканы нарықтық ұйымдастыруды жоспарлы үйлестірумен; капиталистік емес елдердегі жеке меншіктің басым рөлімен қоғамдық меншіктің өктемдігімен; нарықтық институттар мен ұйымдардың болмауын дамыған нарықтық инфрақұрылыммен салыстыруға болады, көптеген КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық жүйесі Батыс елдерінің экономикалық жүйелерінен осы жəне басқа да белгілермен ерекшеленді. Осының барлығы осы елдердің экономикалық қатынастарының басқа да нақты нысандарында да байқалды.

Қазақстан мен басқа да бұрынғы кеңес елдерінің ұлттық экономикасының қазіргі кезеңдегі үлгісі өтпелі экономика жағдайында қалыптасуда. Қазақстанның ұлттық экономикасы мен өтпелі экономикасының үлгісін қалыптастыру міндетін қоғамда қалыптасқан қазіргі жағдайда бір уақытта шешу өте қиын, ол үшін мақсатқа сəйкес ғылыми негізделген экономикалық саясат əзірлеу қажет. Қайта құру нəтижесінде тиімді ұлттық экономикалық жүйе қалыптастырылып, бұрынғы жүйеден жаңа жүйеге көшудің мақсаты мен қисыны анықталады.

XX ғасырдағы əлеуметтік-экономикалық даму барысында əлем өтпелі экономикалардың бірнеше түрімен беттесті. Олар пайда болу уақыты мен мазмұны бойынша ерекшеленуіне қарамастан олар экономикалық.




Дата добавления: 2015-04-26; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Азақстан экономикасы және оның салалық құрылымы.| Мемлекеттің экономикалық саясатының реттеу әдістері.

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав