Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мысыр пирамидаларының сыры» мәтінін мазмұндаңыз.

Рылыс материалдары» мәтінін мазмұндаңыз.

Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын материалдар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады.

 

Quot;EXPO-2017" көрмесіне шамамен 100-ге жуық ел қатысатын болады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. "Көрмеге қатысатын елдер саны басты мәселе емес, бұл ретте, келушілер саны жағынан рекордтық көрсеткіш орнатуды мақсат тұтпаймыз. Біз павильондардың сапасы тиісті деңгейде болуына басты назар аударамыз. Көрмеге келушілердің көңілі толмай қайтқанын қаламаймыз. Сапа бұл - ең басты талап. ХКБ бас хатшысы, Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі тақырыбының өзектілігіне де тоқталды. "Үшінші мәселе, болашақтың энергиясы тақырыбы көптеген елдер үшін маңызды болып табылады. Осы мәселелерді ескерсек, БҰҰ-ға мүше 192 ел қатысуы тиіс. Егер де 191 ел қатысатын болса, Сіздер болжамның дұрыс болмағаны туралы айтар едіңіздер. Сондықтан біз бұған ұмтылып отырған жоқпыз. Шамамен көрмеге 100-ге жуық ел қатысады деп ойлаймыз", - деп түйіндеді ол.

 

Билет №11

Мысыр пирамидаларының сыры» мәтінін мазмұндаңыз.

Әлемнің алғашқы жеті кереметінің ең ғажайыбы – Египет пирамидасы. Ол – біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр бұрын салынған Египет патшаларының мазары. Ең биігі – 146 метр. Византиялық Филон жазып кеткен әлемдегі жеті кереметтің біріншісі осы Египет пирамидасының біз білетін тарихы: мұнан бес мың жылдай бұрын, біздің дәуірімізге дейінгі 2700 жылдары перғауын Хеопстың бұйрығымен алғашқы пирамида құрылысы басталып, кейіннен үлкенді-кішілі бірнеше пирамида салынды. Пирамида ежелгі Мысыр перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде (Гизадағы Хеопс пирамидасы және тағы да басқалары) тұрғызылғанымен, кейбір пирамидалар ғибадатхана, қазына қоймасы ролін де атқарды.
Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Негізінен, пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадатхана тұғыры, космологиялық құрылыстар) Орталық және Оңтүстік Африка жерінде (біздің замаңымыздың 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Халық арасында: «Тіршілік уақыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады», - деген қанатты сөз бар. Бұл пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады.
Қай халық та мемориалдық сәулет құрылыстарын өзінің сол кездегі діни түсінігіне және қоғамдағы әлеуметтік жағдайға байланысты салып отырған. Әлемдегі дамыған мәдениет ошағы болып саналатын көне Мысырда дін құрылыстарға да әсер етіп, мұнда мәдениет дінмен бірге өркендеді. Діннің әсер етуімен перғауындардың қабірі ретінде пирамидаларды салып, өлген адамның денесін ақыретке дейін сақтау үшін мумияны ойлап тапты.
Иә, Египеттегі көне заманғы дінде о дүниедегі өмір жөніндегі наным-сенім ерекше мән-маңызға ие болып, ол пирамидалар мен ғибадатханалардың стилін қалыптастыруға, дамытуға, ежелгі Египеттегі сәулет өнерінің өркендеуіне игі ықпалын жасады. Әу баста о дүниеге перғауындар ғана бара алады деген пікір қалыптасып, перғауындар өлгеннен кейін өз аманаты бойынша отбасы мүшелерін, маңайындағы адамдарды о дүниеге ала кетуге құқылы болған. Содан ол өлгеннен кейін әлгі адамдарды да өлтіріп, пирамиданың жанына жерлеу салты орын алған...
Геродоттың айтуынша, Хеопс пирамидаларды тұрғызуға бүкіл халқын екіге бөліп, жұмылдырған. Ол алдымен Ніл дариясының жағасына Арабия тауларынан үйтастар жеткізуді бұйырған. Халықтың қалған бөлігі әлгі үйтастарды Ливия тауларының етегіне тасып жеткізген. Жұмысқа ұдайы жегіліп, олар әр үш ай сайын алмастырылып отырған. Осылайша он жылдың ішінде жаңағы блоктарды өзенге жеткізетін жол төселіп, пирамиданы тұрғызу жиырма жылға созылған. Біздің Қыпшақ Бейбарыс Сұлтан бабамыз өз заманында Мысыр пирамидасының ұшар басына қазақтың киіз үйін тіктірген.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 48 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав