Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Киіз үйдің тарихы туралы ойыңызды жазыңыз

Читайте также:
  1. C. сомма көлемі туралы мәліметтер
  2. PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
  3. Азақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құраңыз.
  4. Азақ халқының дүниетанымы» тақырыбына эссе жазыңыз.
  5. Дәріс. Музей менеджменті туралы жалпы түсінік.
  6. Жаһандану және жастар» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз.
  7. М. Жұмабаевтың «Түркістан- екі дүние есігі ғой» өлеңінен түсінігіңізді жазыңыз.
  8. Оқытушылар туралы мәліметтер
  9. Оқытушылар туралы мәліметтер

Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өнуі, даму көзі – оның тамыры, адам баласының даму көзі-тілі, діні, салт-дәстүрі. Біз осы уақытқа шейін ғылым мен білімге тек еуропалықтардың көзімен қарап келгенімізге мән бере бермейміз. Арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ киіз үйдің атқарған рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Сонғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге өзгеріс енгізілмей, қазақтар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Киіз үй әлемге белгілі, яғни әлемдегі ең тез құрастырылып, тез жығылатын үй. Және де киіз үйіміз басқа халықтардың үйлерімен салыстырғанда бір де бір шеге пайдаланбай – ақ құрастырылатын үй деп танылады. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ынғайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасу талапқа сай, жел – дауылға шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келеді.

Билет №14

А.Яссауи кесенесі» мәтінін мазмұндаңыз

Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістан көбіне көне заманда салынып, біздің заманымызға дейін сақталған тамаша сәулет ескерткіштерімен әйгілі. Соның бірі – XII ғасырда өмір сүрген көне түркі ақыны, Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауидің қабірінің басына Ақсақ темір әмірімен тұрғызылған зәулім ескерткіш. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі - Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер.

Ескерткіш 1396-1404 жылдары салынған. Ахмет Иассауи сәулет ғимараты құрылымдық жағынан және ерекше сәнділігімен көз тартатын аса күрделі туынды. Ғимаратты салуға күйдірілген қыш пайдаланылған, оның сырты бірнеше плиталармен безендірілген. Ғимараттың биіктігі 40 метрге таяу, ені – 46,5 м, ал ұзындығы – 62,5 м.

Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Қ.А. Яссауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да тікелей қатысқан. Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5м, ұзындығы - 65м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасы - 18,2 м және биіктігі - 37,5м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Қ.А. Ясауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав