Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

азақ елінің астаналары

Читайте также:
  1. VI ғ. басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
  2. Азақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құраңыз.
  3. Азақ сазгерлері .
  4. Азақ тілінде
  5. Азақ халқының қонақжайлылығы» жайында.
  6. Азақ халқының дүниетанымы» тақырыбына эссе жазыңыз.
  7. Азақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi
  8. Азақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
  9. Азақстан территориясындағы қола дәуірі 1 страница

Қазақстан астанасы – Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. Ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. 1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді. Жаңа астана құрылысына және Қызылорданың Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі қызметін орнықтыруға.Қызылорда 1929 жылы мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды (қ. Қызылорда).

Алматы қаласы Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік комитетті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты. Ел астанасының Сыр өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір темір жолының іске қосылуы да әсер етті. Ауа райы оңтайлы, табиғи көркем жерде орналасқан Алматы аз уақыт ішінде елдің саяси, экономикалық, мәдени орталығына айналды. Бас қала болған жылдары Алматы миллионнан астам тұрғыны бар, жан-жақты дамыған әсем қалаға айналды. Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды (қ. Алматы).

Астана.1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.[1]

 

 




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 16 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав