Осы уақытта жұмысшылардың дeнсаулығына кәсіби рисктeр ғана сәйкeсті әсeр eтіп қоймайды, сонымeн қатар, жаңа зиянды факторлар да әсeр eтeді. Бұлардың пайда болуы ғылыми-тeхникалық прогрeстің барысымeн, өндірістік потeнциалдың өсуі жәнe жаңа тeхнологиялардың eнуімeн, сонымeн қатар, кәсіби, кәсіби eмeс зиянды факторлардың құрастырылған, әсeрі бар заттары салдарынан да болады. Зиянды өндірістік факторлар мeн eңбeк рeжимі жұмыс-шылардың ағзасына әсeр eтіп, олардың дeнсаулығы мeн eңбeккe қабілeттілігін нашарлата түсудe. Гигиeнистeрдің мақсаты eңбeк жәнe тұрмыстық жағдайды жақсарту арқылы жұмысшылардың eңбeккe қабілeттілігі мeн дeнсаулықтарын сақтау болып табылады. Алайда, бұл мақсатқа жeту жолында көптeгeн әлeумeттік, матeриалдық, тeхникалық характeрдeгі кeдeргілeр әсeр eтeтіндігі анық, әсірeсe, eңбeк жағдайын тиімді eту жолында аталған кeдeргілeр жиі кeздeсeді. Соңғы жылдары Қазақстан Рeспубликасында жұмыс-шылардың дeнсаулықтарын бұзатын жағдайлардың туын-дауын eскeртугe нeгіздeлгeн профилактикалық мeдициналық шараларды рeгламeнттeйтін салалы нормативті әдістeмeлік құжаттар жасалып, тәжірибeгe eнгізілгeн болатын. Міндeтті ағымдық мeдициналық тeксeругe жатқызылатын тағам өнeркәсібі жұмыскeрлeрі мамандығының тізімі бeлгілі шамада кeңeйтілді. Зиянды жәнe нашар eңбeк жағдайында жұмысшыларға мeдициналық көмeк көрсeтeтін мeдицина қызмeткeрлeрінің міндeтінe аурулардың асқынуы мeн олардың рeцидивтeрін (мeдициналық рeабилитация) eскeртугe бағытталған eмдік профилактикалық шаралар, оның ішіндe шипажайлар мeн профилакторияларда мeд. қызмeткeрлeрдің сырқаттарды оңалтуға қатысулары да жатады.
Радиациалық зақымдану ошағында йодпен алдын-алу шарасының тағайындалуы жəне қолданылуы.Сіздің іс-әрекетіңіз:1.Үйден шықпай тұрғанда, сыртқы киімдердің түгел төмелелерді салып, биік аяқ киімді киіп, ауызын және мұрынды марльдан жасалған повязкамен жабу керек.2.Радиация жерінен желге перпендикуляр бағытымен шығуі керек. Сонымен бірге жерге отыруға, шылым шегуге, шанмен журуге, орманда жидектерді жеуге және суға түсуге болмайды.3.Егер сіз далаға шыға алмай қалсаңыз, онда үйдің есіктерін, терезелерің, вентиляционный тесіктерді жабыныз. Терезенің тесіктерің бегітіп және скотчпен жабыстыру керек. Кірер есіктің алдында суға толған шелекті және аяқты сүрту үшін дымқыл шөберекті қойып қою керек.4.Тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды сабынмен жуып және ауызды аз қосылған содамен шайю керек. Азық-түлікті жақсы жабылатын банкілерде және холодильникте сақтау керек.
Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың ошағын анықтау. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар.Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға мыналар жатады: - ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкiн аварияны, зiлзала мен апатты болжау және олардың қаупi туралы хабарлау; - төтенше жағдайлар саласындағы бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары; табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы техникалық регламенттерге талдау жасау.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жариялылық пен ақпарат.Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ақпарат ұйымдар қызметiнiң қаншалықты қатерлi және зиянды екенi, қажеттi қауiпсiздiк, зардаптар, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелерi арқылы жариялануға тиiс. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында ақпаратты лауазымды адамдардың жасырып қалуына, мезгiлiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi. Мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi құрылады
Техносфераның қолайсыздық көрсеткіші. Өндіріс ортасының қолайсыз факторларының жіктелуі.Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау кең байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенмен, экологиялық апатқа әкеліп соғуда. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдардыпайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қаупі туындайды. Апаттың тағы бір себептері – улы, тез тұтанғыш, жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады. Апаттың болу, адамдардың еңбек тәртібін сақталмаушылығына, жұмыс істеуші адамдарың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімнің жетіспеушілігіне, техниканы және оның қауіпсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты. Міне, осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы немесе радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады. Мысалы, 1971 жылы Минск телерадио заводында жарылыс болып, өндіріс орны қирап, адам шығынына ұшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдық станцияда ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі. Мұндай жағдай Атырау химия, мұнай айыру заводтарында да болып тұратындығы ықтимал. Апаттың тағы бір қауіптілігі – күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтеріледі де жерге жайылып қонады. әсіресе полиэтилен, полистирол сияқты материалдарың жануы адам, жан-жануар, құстар т.б. өміріне өте қауіпті. өрт пен жарыластың салдары оның жою факторларымен байланысты. Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай: хим-лық қауіпті объек-дегі апаттар; радиациялық қауіпті объек-дегі апаттар; өрт және жарылыс қауіпі бар объек-дегі апаттар; көліктегі (темір жол,автокөлік,әуе,су және метро)апаттары; гидродинамикалық қауіпті объек-дегі апаттар; коммуналды және элекрт жүйесіндегі апаттар.
Техносфера қауіптері. Өндірістік зиянды фактор және олардың адам ағзасына әсері. Техносфера (гр. techne — өнер, шеберлік, sphaira — шар) —адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажетсінулеріне жақсы сәйкестендіру мақсатымен адамдардың техникалық құралдардың тікелей және жанама әсері арқылы өзгертілген биосфера бөлігі. Кейде бұл терминнің мынадай анықтамасы кездеседі: шаруашылық-өндірістік айналымдарды энергия ағыны мен заттектердің табиғи алмасуынан оқшаулау тұрғысында шаруашылық айналымына тартылатын табиғи ресурстарды пайдаланудың және қайта пайдаланудың іс жүзінде тұйык аймақтық ғаламдық келешек технологиялық жуйесі. Экологиялық қолайсыз қаланың автобус жүргізушілерінің еңбек жағдайын зерттеу бойынша (ыстық климат, жоғары газданушылық және ауаның шаңдануы), жұмысқа қабілеттілігі өндірістік ортаның (шу, діріл, ықшамклимат микроклимат, азот оксиді және көміртек оксиді) жағдайына байланысты. Түйінді сөздер: автокөлік, жүргізуші,өндірістік фактор, токсикалық заттар, шу, температура. Қала жағдайында жүргізушінің қызметі ең ауыр және жауапты еңбек түріне жатады. Мұнда жүйкелік-эмоциалық жүктеме өте зор және зейіннің үнемі тұрақтылығы мен жинақтылығын талап етеді. Жүргізүшілердің еңбек тәртібін тиімді ұйымдастырудың негізгі міндеті жұмыс ауысымы бойы жүргізушінің денсаулығын сақтай отырып еңбектің жоғарғы тиімділігіне қол жеткізу және қамтамасыз ету болып табылады. (1)Автокөлік мекемелерінде жұмыс уақытын нормалау және бөлу мәселесі жүргізуші жұмысының сапасын белсенді әсер етуге бағытталған маңызды фактор болып табылады.Автокөлік жүргізушілерінің еңбек жағдайын организмнің кейбір жүйелерінің жағдайына әсері туралы жекеленген мәліметтер бар. Дегенмен бұл мәліметтер толық емес, жинақталмаған және қазіргі уақытта бұл мәселенің жағдайын толық көрсете алмайды. Сонымен қатар қалалық автокөлік жүргізушілердің ең алдымен аса жоғары жүйкелік-психикалық жүктемемен бірге жүреді. Мұндағы негізгі рөл қозғалысты басқаруға, атап айтқанда жүргізушінің ақпарат аймағының параметрін басқаруға тиесілі. Жүргізушінің еңбек іс-әрекетін анықтайтын ақпарат оларға тек автобустың басқару пультінен ғана емес, сондай-ақ қозғалу ортасынан да келіп түседі. Автобус жүргізушілерінің негізгі бақылау объектілеріне автомобильдер, жол белгілері, жаяу жүргіншілер, жолдың жағдайы жатады.
Техносфераның өмір тіршілігіне икемделген жағдайы.Біздің санамызда раиоактивтілік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болған.Біз үй жағдайында да сәулеленуге ұшыраймыз:теледидардан,самолетпен ұшқанда көшеде жүргенде т.т.Дегенмен ядролық қару жарылысынан болатын радиациялық зақымдаудың әсері өте зор.Сондықтан астық,зат,азық түлік қоймаларын,басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет.Үй жағдайында тамақ пен судың сақталуын ескеру қажет.Суды шыны не металл ыдыстарда сақтап,күн сайын жаңа сумен ауыстыру қажет.Судың,азық түліктің ластанғанын арнайы құралдармен тексереді.Осындай ядролық жарылыс кезінде қорғану үшін көптеген панаханалар құрылады.Радиациядан өткір сәуле ауруы сияқты көптеген аурулар тарайды.
Тіршілік қауіпсіздігі курсының мақсаты мен міндеттері. Маманды дайындау рөлі. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру және теориялық негіздері.Мақсаттары: қауіп қатерді тани білу, оның түрінб болып жатқан жерінб мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б. – болғалы тұрған қауіп қатердің алдын алу, қауіп қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс әрекет жасай білу. Міндеттері: Қауіпсіздік-бұл іс әрекет кезінде қауіп қатердің болмайтындығын айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек: яғни үш міндеті: Бірінші міндеті, нақты іс әрекеттен болатын қауіп қатерді талдау. Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек: өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау; қауіп тудыратын іс әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі. Екінші міндеті, адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын енгізу. Үшінші міндеті, осы іс әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Қауіпсіздік түсінігі.Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгереді. Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар.
Тіршілік түрлері мен формалары.Түрлер мен тіршілік формаларының алуан түрлілігінің себептері.Өсімдіктердүниесі шамадан тыс, тіптен көзге елестетуге келмейтіндей алуан түрлілігі мен ерекшеленеді. Ол эволюцияның барысыңда тоқтаусыз өсіп отырады. Бұл жағдайды статистикалық мәліметтер- өсімдіктер дүниесінің жартылай тармағына жататын түрлердің санымен оңай дәледдейді.Өсімдіктер дүниесінің клеткалық құрылысы қалыптаспаған және талломды ядросы қалыптаспаған тармақтары (вирустар, дробянкалар, көк жасыл балдырлар бөлімдері) 3600 түр.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы (балдырлар бөлімдері, қыналар бөлімі) 52000 түр.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластиді жоқ тармағы (саңырауқұлақтар, кілегейлілер бөлімдері) 100000 түр.Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялы тармағы (риниофиттер,псилоттар,мүк тәрізділер бөлімдері)35000түр.Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялытармағы (плаун тәрізділер, қырық буын тәрізділер, папоротник тәрізділер, ашық тұқымдылар бөлімдері) 50000 түр.Өсімдіктер дүниесінің өркенді, аналықты тармағы (жабық тұқымдылар бөлімі) 250000-300000 түр.
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру және теориялық негіздеріҚауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмдердің қажетті шарасы.Ал адам кауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар,адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы ол табиғи ортадан,өз өмір сүру ортасын жасай алады.Адам іс-әрекетінің қауіпсіздігімен адамның іс- тіршілігі мен қауіп қатер бір-бірімен кездесетін тұйық шеңбер.Қауіпсіздік іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болатын жағдай.Тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыратын шаралар:зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсету,қоғамды қылмыс топтарынан қорғау,зардап шеккендерді көлік апатынан босату,ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар.Қауіп- қатердің негізгі көздері:-адамның өзі;-өмір сүру ортасының элементтері:еңбек құралдары,пайдаланылатын қуат,жан-жануар,өсімдіктер әлемі;Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру органы кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалык, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік шаралар.
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар. Осы заманғы барлық дизометрлік приборлар иондық әдіс негізінде жұмыс істейды. Оқшауланған көлемдегі иондаушы сәулеленудің ықпалымен газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағымсыз иондарға бөлінеді. Егер осы көлемге әрқайсысына тұрақты кернеу қойылған екі электрод орналыстырса, онда иондалған газдағы электродтардың арасында зарядталған бөлшектердің бағытты қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы иондық тоқ деп аталатын электр тоғы өтеді. Оның көлемін өлше отыра, радиоактивті сәулеленудің жиілігі туралы бағалауға болады.Иондық әдіс негізінде жұмыс істейтін приборлар шамамен бірдей және құрылысы мынадай: 1-қабылдаушы, 2-күшейткіш, 3-өлшегіш, 4-қауттандыру блогы және 5-қауттандыру көздері.ДП – 5В доза қуатының өлшегіші (рентгенометр)Прибор гамма-сәулелену бойынша әртүрлі затардың радиоактивті зақымдалу және гамма-радиация деңгейін өлшеуге арналған. Гамма-сәулеленудің экспозициялық қуаты сағаттағы миллирентгенттермен (мР/сағ) немесе сағаттағы рентгенттермен анықталады (Р/с.) прибор жиынына мыналар кіреді: 1-сақтауға арналған чемодан, 2-қақпағы бар өлшеу пульті, 3-газбен зарядталған екі есептегіші бар қымталған цилиндрлі түтік, 4-түтікті бекітуге арналған ұзарту штангасы, 5-өлшеу пультінің дабылдарын дыбыстық бақылауға арналған телефондар (құлаққілдіргі), 6-зонд пен телефон кабельдері, сондай-ақ қуаттандыру блогы, нұсқаулық пен артық мүлік.
Төтенше жағдай кезінде халыққа ақпарат беру негіздері.Төтенше жағдай кезіндегі халыққа хабарлаудың ең бастысы мемлекеттік радио,теледидар, сонымен берілетін байланыс жүйесінің құралдары пайдаланылады.Дабылды берудің мақсаты халықтың назарын алдын ала аудару үшін сирена,өндірістік гудоктар арқылы ескерту хабарлары беріледі.Бұл хабар бойынша халық өздерінің радио,теледидар құралдарын қосып төтенше хабарды тыңдауға әзірленуі керек.Бұл сигналдар бойынша тез арада радио тарату, теледидар станциялары,радиотаратқыш жүйе тізбектері тез арада қосылуы тиіс.Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап қалғанын не болмаса болған қатер жайлы хабарлайды.
Төтенше жағдай кезінде халықты және аймақты қорғау ТЖ кезінде халықты көшіру және қоныстандыру.Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт ж/е соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау б/ша республикамызда жүргізілетін барлық шараларджың аса маңызды мақсаты б.т.. Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын ж/е өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объ/лерімен өзге де объ/лер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшырату мүмкін. Төтенше жағдай кезіндегі халықты көшіру.ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,радиациялық қауіпсіздікті бапқылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
Төтенше жағдай кезінде халыққы ақпарат беру негіздері.Халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау бойынша медициналық шаралар халықты иондаушы сәулелерден. Улағыш, ҚӘЕУЗ-мен бактериалдық құралдармен зақымданудан ескеру немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі. Олар мыналарды қамтиды:Санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізу;Халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетіге үйрету;Халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру;Санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.Өрттен қорғау шаралары.Оған жататындар:Ықтимал өрт ахуалын болжау;Қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізу;Өрт ошақтарын, сонымен қатар қала құрылысы аудандарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау;Өрттің алдын алу, таратпау және сөндіру.Халықты қорғаудың 3 негізі әдістері:Қорғаныс ғимараттарына жасыру;Халықты таратып қоңыстандыру және көшіру;Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;
Тұрмыстық ортаның негізгі қолайсыз факторлары және олар туралы түсінік. Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудың көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы, жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады. Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрес. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін. Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер.
Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.
Экспертиза экологиялық және қауіпсіздік бақылау.Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады.
Ядролық қаруБиологиялық қару.Ядролық қару өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.
|