Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шығындар поблемелры, олардың құрылымы

Читайте также:
  1. Дәріс. Музей жарнамасының маркетингтік құрылымы.
  2. Дәріс. Музей маркетингінің маңызы мен құрылымы.
  3. Жалпы құрылымы және қызметі.
  4. Зіндік құн құрамы мен құрылымының салалық айырмашылықтары
  5. Инвестициялық жобаның құрылымы : оның талдауы және өмірлік циклы
  6. Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы
  7. Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі
  8. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы
  9. Леуметтік педагогиканың әдіснамасының құрылымы және қызметтері.
  10. Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы.

Мен фирма пайдасын көбейту.

Сегізінші тақырыпта өндіріс шығындары түрлері мен олардың тағайындалуы қаралады. Бұл тақырыпта қазіргі жағдайда фирма жұмыс істегенде шығындар құрылымы мен жаңа түрлерімен танысамыз..

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың тұрақты шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының, салықтардың, әкімшілік басқару шығындары кіретінін еске түсірейік. Тұрақты шығындар шығарылған өнім көлеміне тәуелді болмайды.

Қалдық шығындар- өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдермен құтылу мүмкіндіктері пайда болады.

Старттық шығындар- өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.

Старттық шығындар өндіріс пен өткізу көлемдері өзгермегенде өзгермейтін болуы мүмкін. Егер өндіріс әлеуетін арттыру керек болса (техника мен жұмыскер санын) онда старттық шығындардың сандық өсуі және типті секірісі болады.

Қазіргі заманда ірі фирмалар-конгломераттардың нарықтық операцияларының ке құлаш жая бастауы Адам Смиттің классикалық "көрінбейтін колдарының" негізінде емес, қатысушы фирмалардың өздерінің әрекеттерін келісу мен үйлестіруі негізінде жүзеге асула. Фирмааралық Одақтардың мақсаты- бәсекелесткті шектеу, ақша капиталы қозғалысын жетілдіру, жеткізу мен өткізу сенімлігін қамтамасыз ету, ресурстарын біріктіру, өзара көмек беру.

Топішілік мәмілелер топқа мүше компаниялардың өндірген өнімін сататын -бас сауда компаниясы арқылы жүргізіледі.

Іскер операциялар кезінде корпорациялардың өзара келісімі бойынша әркез белгілі бір конголмераттармен, фирмааралық мәмілелер ұзақ мерзімді тұрақты сипатқа ие болады.

Корпорациялардың кепілді ұзақ мерзімді іскер байланыстары ұзақ мерзімді инвестициялар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен бірге, өзара қалыптасқан қатынастарды үзіп тастау тәуекелі де бірге жүреді, ол төмендегідей себептермен түсіндіріледі.

а) кенеттен болатын және бағаның өсуінің нәтижесінде алдын ала болжанбаған өзгерістер, салық заңдылықтарының өзгеруі, әлеуметтік-саяси жағдайлар;

ә) жаңа ұсынымдардың пайда болуы, тартымды шарттары тиімді болып көрінгендіктен, субъектілер бұрынғы келісімдерін орындаудан немесе келісімге отырудан бас тартады;

б) субъектілер арасында физикалық жағдайдың өзгеруі, тауарлық, қаржылық, еңбек ресурстарының орын ауыстыруы, жаңа кеден шарттарының пайда болуы, табиғи апаттар, құбылыстар;

в) жеткізушілерде күтпеген жағдай болуы, белгілеген мерзімде, көлемде және сапада тапсырысты орындай алмауы.

Жоғарыда келтірілген алдын ала күтпеген жағдайлардан фирма өзін сақтандыруға мәжбүр болады.Сол үшін фирма, бірінші кезекте нарық субъектілері мен нарық процестері туралы базалық мәлімет жинақтайды.

Бұл жерде сөз өнімді өткізу, нарық коньюнктурасын, оның келешегін, нарықтағы сатып алушылар ме сатушылардың саны туралы, бағаның жағлдайы, келісім шарттар, табыс бөілінісі туралы ақпараттар жайлы.

Трансакциялық шығындар теориясының негізін қалаған америкалық экономист Роберт Коуз.

Ресей ғалымы А.Олейникітң пікірінше, трансакциялық шығындар "экономикалық талдауда нарық ақпараттары мен баға ақпараттарына акценттің ауысуын беріледі."[3]

16-1 кесте.

 

Экономикалық теория Талдауда басты орын алатын экономика секторы
Физиократтар теориясы (Ф.Кенэ) Ауыл шаруашылығы
Ескі институционализм (К.Маркс) Еңбек нарығы
Й.Шумпетер. Экономикалықдинамикалық теория. Кәсіпкерлік қызмет нарығы
Кейнсттік (Кейнс) Қор нарығы
Монетарлық (М.Фридмен) Ақша нарығы
Жаңа институционализм. Трансакциялық шығындар теориясы (Р.Коуз) Ақпараттар нарығы

 

16-2.кесте.

 

Трансакциялық шығындар құрылымы жасалған мәмілелердің кезеңіне қарай: мәміле жасалғанға дейін және мәміле жасалғаннан кейін

 

Мәмілеге дейінгі шығындар Мәміледен кейінгі шығындар
Ақпарат іздеу шығыны Мәміле шарттарын сақтауға бақылау қою шарттары
Келісісөздер жүргізу шығыны Ерекшеліктер мен келісімдер, келісім шарттар, мәсілелерді меншік құқығын сотпен және арбитраждық даулы мәселелерді шешуде қорғау шығыны
Мәміле бойынша ұсынылған тауардың және қызметтің сапасын өлшеу шығындары Үшінші жақтың талап арызынан қорғау шығыны
Келісім жасау шығындары  

 

Егер, техникалар саны, жұмысшылар саны өссе, яғни өндіріс әлеуетін кеңіту жүзеге асырылса, онда сандық өсім тіпті старттық шығындардың секірісі болады.

Осылайша, «тұрақты шығындар» түсінігі –салыстырмалы, өндіріс пен өткізілу өзгеруінің әсерінен олар өзгеріссіз қалмайды.

Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өзгермелі шығындар өндіріс көлемі мен өнім өткеру көлемі азайғанда және артқанда қалай болады?

Өзгермелі шығындар жұмысшы күшіне, шикізат пен материалдардың шығындары екенін есімізге түсірейік. Бұл шығындар өндіріс өнім өткеру көлемінің өзгеруімен өзгереді.

Фирманың өндіріс пен өнім өткеруінің өзгеруіне байланысты өзгермелі шығындар құрылымында пропорционалды, прогрессивті, дегрессивті шығындар пайда болады.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 45 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав