Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік меншікті

Читайте также:
  1. Білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттар
  2. Корпорацияның меншікті капиталы, оның құрамы мен құрылымы
  3. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі.
  4. Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары мен әдістері
  5. Түйінді сөздер: Мемлекеттік қаржылар, мемлекеттік басқару, қаржылық басқарудағы өкілетті органдар және т.б.
  6. Тақырып 8 дәріс. Мемлекеттік қаржылық жоспарладың құқықтық негіздері
  7. Тақырып 9 дәріс. Мемлекеттік қаржылық бақылауды құқықтық реттеу.

Тақырып. Жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы және дамуы.

Мемлекеттік меншік

Атынастарының эволюциясы

Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндіруші мен кәсіпкердің жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және қауымдық (ұжымдық-топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін экономикалық түрде ымыраластыра алады.

Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Бұл жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушына билеп төсеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келеді.

Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемдігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.

Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік қатынастарды басқаша айтудың халықаралық тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудің революция-реформаторлық тәсілін, жекешелендіру тәсілін кеңірек пайдалануды дәріптейді.

Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: «мемлекетсіздендіру» мен «жекешелендіруді» бір – біріне теңестіріп қарайды. Алайда «мемлекетсіздендіру» термині мемлекеттен тікелей басқару қызметіналып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру – жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ.

Ал «жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.

Меншікке құқық экономиканы мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті азаматтарға беру жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік меншікті

жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру жолдары,

әдістері мен түрлері

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің әлемдік тәжірибесі жекешелендірудің екі нұсқасы болуы мүмкін екендігін көрсетеді."қатал" форсталған жекешелендіру және "жұмсақ" біртіндеп жекешелендіру

Жекешелендіру – мемлекеттік меншікті жеке меншікке өзгерту ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Европада және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбританияда, Францияда, Германия мен АҚШ-та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономика түскен елдердеәртүрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікті құру құралы болып, соның негізінде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.

Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.

АҚШ-та мемлекеттік кәсіпорынды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін)төлем жалпы төленетін сомасының 20%-нан аспауы керек.ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылады.

Венгрияда кәсіпорынды олардың жұмыскерлері сатып алады. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіп орының тапқан пайдасы менбанк нисиелеріқолданылады.

Чехославакиядашағын кәсіпорындар аукционы арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қажысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендіріледі. Сондай-ақ Чехословакияда кәсіпорындар сатып алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады.Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айрбастау үшін берілген.

Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты-мемлекетік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болады. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалады.

Осыны жүеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерді береді.Олардың әрқайсының құны 1000 рубль болады. Иегерлері оны еркін қолданыла алады; ваучерді сатуға, жекешелендірілген объект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600-дай жекешелендіру қорының кез-келгеніне салуға мүмкіндік жасады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда, ТМД мен Шығыс Европа елдерінде, «үшінші әлем» дамушы елдерінде «жұмсақ жекешелендіру» варианты қолданылады. Бұл вариант – Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Турция, сондай-ақ жаңа индустриалды екі елде – Оңтүстік Корея мен Тайванда қолданылды.

«Жұмсақ» жекешелендіру ерекшелігі сол, бұл вариантта мемлекеттік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендірукөзделген.Бұл іс-шаралар мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы «қатысу қоры» арқылы акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттік сақтауы арқылы жүзеге асады.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 102 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 | 5 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав