Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мақсат.

Тақырып. Индустриалдық – инновациялық даму стратегиясы, экономиканың жедел моденизациясы мен бәсекелестігі.

 

Азақстаннның даму стратегиялық мақсаты мен

Концептуалдық моделі

 

Өтпелі экономикадан кейінгі экономика, посттранзиттік экономика терминдері экономикалық теорияда өтпелі экономикадан кейінгі жаңа экономиканы білдіреді («post» латын тілінен – «кейінгі» деген ұғым).

Әңгіме жоспарлы- әкімшілік экономикадан өту кезеңінің аяқталғандығы және құрылған нарықтық қоғамның әрі қарай дамуының стратегиялық міндеттемелерін шешуге қоғамның кірісетіндігі туралы болып отыр.

Осылайша шешім қабылдауға нарықтық қатынастарға көшкен елдердің соңғы жылдарындағы тұрақты экономикалық өсуі негіз болды. Мәселен, соңғы жылдары Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі орта есеппен 6 пайызды құрады.

Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан соңғы жылдары тек ТМД елдерін ғана емес, сонымен қатар нарықтық қатынастарға көшкен бір қатар еуропалық елдерді де басып озып отыр.

Қазақстан Республикасы экономикалық –өнімнің тұрақтылығын деніне байланысты, стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға кірісуді мемлекет басшысы Назарбаев Н.Ә 1992 жылы белгілеген. Оның «Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуы мен даму стратегиясы» еңбегінде, мемлекет басшысы айтқандай «... қиындық дағдарыстан кейін және экономиканы қалпына келтіру қажет»:

«... экономиканы қайта құруда құрылымда үдету, оның технологиялық артта қалушылықты жеңіп шығу»

«... экономикадағы шикізат бағасын жеңіп шығу»

«... қара және түсті металлургияда соңғы (ақырғы) бөліністерін құру»

«... ғылыми еңбек өндірісі мен машина жасауды дамыту және әлемдегі жаңа өнеркәсіпті елдердің қатарына ену.»

Президенттің 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауында технологиялық артта қалушылықты жеңіп шығу қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді.

«Қазақстанның өнеркәсіпті технологиялық стратегиялық қалыптасуының қажеттілігі әлемдік тәжірибенің қабылдау. Барлық дамушы елдер, оның бір қатарынан басқа, көп еңбектіліктен капиталистік еңбекке, технологиялық еңбек пен ғылымы еңбек өндіріс жолдауынан өткен.

 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қажеттілік, белгілі жүйелілік, ауылшаруашылығы өнеркәсібі дамыған жалпы ұлттық өнім үлесінің ұдайы төмендетуінде болу, және қарама-қарсы өндірісті қатты өңдеудегі үлестің өсуі, және ең бастысы-ғылыми еңбек, жоғарғы қосылу құнымен»

Мәселен, Қазақстанда 2003-2015 жылға дейінгі жаңа индустриалдық – инновациялық саясат және 2030 жылға қарай жаңа индустриалды мемлекет құру бағдарламасы жасалды.

Бұл мақсаттардың практикалық жүзеге асыру жолдары, Елбасының 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікті қабілетті 50 елдердің қатарына қосылу стратегиялық баяндамасында көрсетілген»

Осымен байланысты, қоғам алдында экономиканың жеделдетілген модернизациясына көшу міндеті қойылды;

- экономиканы шикізаттық бағыттан өңдеуші бағытқа

диверсификацияландыру, бәсекеге қабілетті салаларды құру;

- Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру, әлемдік нарыққа әлемдік стандартқа сай өңдеуші өнеркәсіп өнімдерімен шығу,

Қазіргі Азия жолбарыстары болып саналатын және бүгінгі өркендеуші индустриялық мемлекеттер болып табылатын Оңтүстік Корея, Малайзия, Бруней, Сингапур, Тайвань елдерін жоғарыдағы бағдарламаға және осындай стратегиялық мақсаттың шешіміне мысал ретінде келтіруге болады.

Үндістан, Бразилия және басқа да мемлекеттер күш алуда. Сингапурға келер болсақ, ол осыдан қырық жылдан астам уақыт бұрын тәуелсіздік алғаннан кейін жан басына шаққанда 200 доллардан төмен жылдық табысы бар дүние жүзіндегі өте кедей мемлекет болды. Бүгінде Сингапурдың жан басына шаққандағы жылдық табысы 20 мың доллардан асты. Малайзияда 20 жылдың ішінде өмір сүру деңгейінің он есе артуына қол жеткізді.

Ұзақ уақыт бойы экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтап келген Қытай дамудың жаңа қарқынын көрсетіп отыр. Жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 7,7 пайызды құраған. Елге шетел инвестицияларының келуі, ұтымды макроэкономикалық саясаттың жүргізілуі, елдің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі осындай нәтижелерге қол жеткізуде маңызды рол атқарды.

 

 

2. Экономикалық дамуда индустриалдық- инновациялық модел бәсекелестік мемлекеттегі басты стратегиялық

мақсат.

Қазақстанның стратегиялық дамуы болашақтағы Қазақстан дамуының 2030 арналған бағдарламасында көрсетілген. Бұл мемлекеттің бағдарлама әлеуметтік- экономикалық дамуының алдағы отыз жылға арналған бағдарламасы. Алайда, Қазақстанның таяу жылдары БСҰ (Бүкіләлемдік сауда ұйымына) кіру қарсаңында Қазақстан экономикасын шұғыл түрде қажеттілік пен мақсатқа сәйкестілікті щақыру жедел жағдайға сәйкес өзгерту болып табылады. «Біздің бағыт жедел жағдайға сәйкес өзгеру» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 18 наурыздағы жаңа бағдарламасының айғағы (дәлелі)

Азақстан Республикасының бұл бағдарламасының басты стратегиялық мақсаты- жоғары индустриалды дамуға қол жеткізу және Қазақстанның дамушы елдерінің қатарынан дамыған индустриалдық елдердің қатарына көшуін қамтамасыз ету. Барлық жағдай осыған жасалған.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан -2030» бағдарламасында келесі мәселелер көтерілген. барлық мүмкіндіктерді пайдалан білген мемлекеттің Азия жолбарыстары қол жеткізген табыстарға қол жеткізе алмауына себеп бар ма? Жоқ.

Енді тек осы мақсаттарға қол жеткізу жолдарын ғана анықтау қажет.

Біріншіден, өтпелі экономикалық барлық салаларда ғылыми- техникалық жетістіктерді ашу мен еңгізу жолында ішкі және сыртқы мемлекет аралық кәсіпкерлік іс- әрекеттегі бизнестің барлық төрт деңгейін – шағын, орта, ірі бизнесті және мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру, әсіресе ынталандыру саясатын жалғастыру.

Екіншіден, экономикада құрылымдық салалық қайта құруды жүзеге асыру. Қазақстандағы зерттеушілердің айтуынша кезінде жүзеге асырылған индустриаландыру ірі экономикалық потенциялдың қалыптасуына мүмкіндік берді. Осыған қарамастан, экономиканың технологиялық құрылымындағы өзгерістер тұрғысынан алғанда, республикадағы индустриаландыру процесі іс жүзінде аяқталмай қалып отыр.

Экономиканың технологиялық құрылымының бағасы төмендегідей:

- техникалық базистің үштен екісіне жуық бөлігін төмен деңгейлі артта қалған және алғашқы машиналық технология құрайды;

- автоматтандырылған және кешенді – механикаландырылған өндіріс технологиялық базистің үштен бірін құрайды;

- компьютерлік техника және ақпараттық технология техникалық базистің жеке ошағы.

Сондықтан да ғалым – экономистер ұсынғанындай әлеуметтік- экономикалық даму стратегиясының басты бағыты қазіргі ғылыми - техникалық революция жетістіктері негізінде индустриалдық- ақпараттық жүйеге көшу болуы тиіс.

Индустриалдық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі төмендегі экономикалық стимулдарды барынша қолдана білуге негізделуі тиіс: жедел амортизация және амортизациялық аударымдар, баж салығы, дотация, несие ставкалары, жеңілдікті салық салу. Сонымен қатар, индустриалдық саясаттың нақты стимулдары қажетті құрылымдық өзгерістердің мақсатына, тереңдігіне және қарқынына байланысты әркелкі қолданылуы мүмкін.

Қазіргі ғылми зерттеулердің мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасында, 2000 жылдан бастап өндірістің инновациялық жаңаруда елеулі жанданған, әсіресе шетел кәсіпорындары мен жеке үлгідегі меншіктерде.

Бұл процестерде алдыңғы қатарда өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындары иеленеді, олардың құрылымдарында инновациялық қызметтердің ең жоғарғы жандануы тамақ өенкәсібі кәсіпорынына тиесілі. Онда Копьютерлі- автоматты жүйелердің еңгізілуі және технологиялық көп мөлшерде бөліністер мен өндірілген өнімдердің ассортименттерінде белсенді процесстер жүруде.

Жаңа инновациялық-индустриалдық қоғам жолдарындағы келесі бағыт-бұл салалық құрылымды қайта құру және Қазақстан Республикасында өндірісті ұйымдастыруда кластерлік негізге көшу.

Экономикалық статистикаға сүйенсек, экономикадағы инновациялық өзгеру (жаңару) саясатын, осы мәселелерді шешуде мол тәжірибе жинақтаған, барлық индустриалды-дамыған мемлекеттері өткізген. Әсіресе АҚШ-да инновациялық өзгеру мемлекетінің белсенді қолдауымен және қатысуымен өткізілген. Жапонияда жапон ғылымдарының анықтауынша, индустриалды саясат-бұл алдағы уақытты елге қажетті индустриалды құрылымның қалыптасу бағытында өнеркәсіп жүйелеріне мемлекеттің араласу саясаты.

 




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 30 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав