Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нарық – тауарлы – ақша қатынасының түрі ретінде.

Читайте также:
  1. Amp; нарыққа ешқандай әрекет етпейді
  2. D)& кезең ішіндегі ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөніндегі есептілік
  3. Ауыл шаруашылық өнімдері, аңшылық, орман және балық аулау тауардың қай түріне жатады: A) сатылатын.
  4. Бәсекелестік нарықтық орта жасау.
  5. Бөлім. Нарық және оны реттеу механизмі
  6. Балалардың бірлескен жұмысын бақылаудың ерекше түрі
  7. Нарық-кәсіпорын- мемлекет.
  8. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестициялардың экономикалық мазмұны сыныптамасы және рөлі
  9. Нарықтық инфрақұрылым.

 

Басқарудың жоспарлы жүйесінің жағдайында нарық мәселесін ғылыми зерттеудің қажеттілігі болмады.

Бұл жүйенің идеологиялық нұсқауының құрсауында болған экономикалық ғылым, көптеген жылдары нарықтың мәні, ролі, орынына догматикалық көзқарас бұрыңғы Одақ экономикалық жүйесінде басым болды.

Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігіне қарамастан таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым – экономистерінің нарық жайлы пікірлері біркелкі емес. Бірнеше анықтамаларды келтірп көрейік:

«Нарық – белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқару, шаруашылық субьектілерін байланыстырушы ұйым».

«Нарық – тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы»

«Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді.»

Осы көзқарастың әрқайсында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың обьективті нақтылығын көрсетеді, бірақ мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субьектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады.

Тауар қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе, сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субьекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар – ақша, нарық байланыстары сату – сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді.

Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы – ақша қатынасы болатындығы айқындалады.

Нарық іс- әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, оның бәсекелестікпен шығын минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік байланыстарды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен анрықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді көрсететін жоғарыдағы іс-әрекеттер екендігі аян.

Мемлекеттік - әміршілдік э кономикадан басқасына өту экономиканы орталықтан жоспарлы басқарудан бас тартуға әкеледі. Себебі, қоғамның экономикалық өмірін басқаруды жақсы әрі тиімді тек нарық атқара алады. Нарықтың мәні тұрғысынан қарасақ, онда оның мән- мағынасын жоғарыдағы анықтамалардың ешқайсысы аша алмаған.

Біздің ойымызша, нарықтың мәнін дәлірек Ю.Я. Ольсевич айтқан: «Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей салу»... «дұрыс емес, себебі өндіріс, бөлу, тұтынудың тұла бойы «нарықтық таңбамен сызылған».

Одан әрі Ю.А. Ольевич нарықтың мәніне терең нақты оның мазмұнына анықтама берді.

«Нарық - өзін- өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде болады». [1]

Біздің ойымызша, бұл анықтамаға мына сөздерді қосуға болады: «Тек қатаң бәсекелестік ортада».

Осы анықтама біздің нарық жайлы шектелген ойымызды кәдімгідей кеңейтеді. Осыдан байқалатыны, өзін - өзі қалпына келтіретін біртұтас экономикалық жүйені «нарық» - дейміз және ол орталықтанған мемлекеттік жоспарлы реттеуші экономиканы ауыстыруға қабілетті. өзін- өзі қалпына келтіретін біртұтас

Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: «нарық» ұғымын тар шеңберде сату түрін ұйымдастырған және орнын анықтаған деп түсінсек, кең шеңберде қоғамдағы экономиканы ұйымдастырудың түрі деп қарастырамыз.

Қысқа тұжырымда «нарық» сөзі – бұл сатып алу сату орны: базар, жәрмеңке, аукцион және т.б.

Кең тұжырымда «нарық» сөзі – бұл кең шеңберде қоғамдағы экономиканы ұйымдастыру.

Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымн әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі

(республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық.

(. № 24-1 кестені қараңыз)

Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.

Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқа сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта Қазақстан, Еуропа, Азия, АҚШ, Латын Америкасы Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдер нарықтар арасындағы байланыстар ұлғайып, әлемдік рынок қалыптасуда. ЕурАзия елдері нарығы қалыптасуда: Қазақстан, Беларуссия, Россия, Қырғызстан, Тажикстан, Узбекстан.

Қазіргі ішкі нарық – түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы: өндіріс құрал- жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми - техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді.

 

№ 24-1 кесте

Әртүрлі белгісіне қарай нарықты классификациялау:

 

Ұйымдық тұрғыдағы белгісі Құрылымдылық тұрғыдан бөлу
  Территориялық Базар, биржа, аукцион, жәрмеңке, аймақтық нарқ, ішкі (ұлттық) нарық, әлемдік нарық.
  Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан Монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке, еркін, реттеуші
  Пропорционалдық деңгейі тұрғысынан Балансталған, баланстанбаған.
  Салалық сипаты тұрғысынан Салааралық, салалық, ішкі салалық
  Тауарды бағыттау тұрғысынан Азық-түлік, азық- түліктік емес, тағамдық немесе тағамдық емес
  Заңдылыққа сай келу тұрғысынан Арнайы (ресми), ресми емес (көлеңкелі)
  Жетілу деңгейі тұрғысынан Дамыған нарық, қалыптасушы нарық
  Нарық субьектісі тұрғысынан Сатушы нарығы, тұтынушы нарығы
     

 

Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сатып-стаып алу немесе өндіріс факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар- ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.

Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлінісіне қарай топтасқан елден құралған нарық. Мысалы ЕЭҚ – Еуропаның экономикалық қауымдастығы (немесе «Жалпы нарық»).

Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:

- дамыған нарық,

- қалыптасудағы нарық;

- әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары:

(монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке)

а) монополды нарық - бір субьекітінің бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада субьектілер болуы мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге шамасы келмейді.;

б) олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс - әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;

в) монополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәсекелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте вариациялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 48 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав