Читайте также:
|
|
Экономикалық ғылымда халықаралық еңбек бөлісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты.
Халықаралық еңбек бөлісінің негізгі ілімін абсалютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның ХVIIІ ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс.
Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте-екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек, бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.
Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлісіне көптеген факторлар әсер етеді.
ХІХ-ХХ ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлісін дамытуда жаңа тенденциялар пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясынан белгілі өзгерістер енгізуді талап етті. Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бергели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген.
Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануына осы авторлар үш фактордың еңбек, капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді.
Мысалы, «арзан еңбектің» артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (текстиль киім, пайдалы қазбаны алу ) өндірісіне мамандынып, капитал артықтығы – капитал көп жұмсалатын өнім (машинаі ірі құрал-жабдықтар(өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады.
Американ экономисі В.Леонтьев 1953-ші жылы Э.Хекшер мен Б.Олин теориясына тағы бір фактор қосты. Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбектегі ескеру халықаралық еңбек бөлісіне кәдімгідей әсер ететінің айтты.
Азіргі кезде американ ғалымы, социолог Майкл Портиердің 1961-ші жылы ашқан «технологиялық алшақтық» теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми-техникалық потенциалмен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды.
Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануында жаңа көздерді жасайды.
Соңғы жылдары өнеркәсіпібі дамыған елдердегі экономистер «өнімнің өміршең циклы» теориясына ерекше мән беріп, практикада қолдануда. Бұл теорияны дүниеге әкелген американ ғалым-экономистері – Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилл. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады.
Өнімнің пайда болуының бірінші фазасы кезінде манопология ішкі нарық сұранымын қанағаттандырады. Екінші фазада монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі фазадағы жағдайға қарағанда төмен болады.
Халықаралық еңбек бөлісі жеке елдердің мамандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлісінің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізат пен жанар-жағар өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қаланың өсу урбанизациясын тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 56 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |