Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Онақүй қызметінің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы

Читайте также:
  1. B. жалпы экология
  2. D) Жалпы ішкі өнім.
  3. G) Мемлекет араласуы арқылы жалпы тепе-теңдікке жету мүмкіндігін
  4. Lt;variant>табиғаттың, қоғамның және танымның дамуының жалпы заңдары туралы ғылым
  5. The Ritz-Carlton Almaty” қонақүйінің жалпы сипаттамасы мен ұйымдық құрылымы
  6. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
  7. Дәріс. Музей менеджменті туралы жалпы түсінік.
  8. Жалпы құрылымы және қызметі.
  9. ЖАЛПЫ ДЕРМАТОЛОГИЯ
  10. Жалпы ережелер

1. Қонақ үйдің негізгі қызметтері

2. Сыртқы және ішкі қызметтер қызмет көрсетуі

3. Интерфейс бағдарламалық қамтамасыз етілуі.

Қонақ үй кәсіпорынының ұйымдастырушылық құрылымы – әрбір қонақ үй қызметтері міндеттерінен тұратын әкімшілік- иерархиялық жүйе менеджменті.

Негізгі қызметтер: қонақ үй иеленуші, гендиректор, оның орындаушысы, номерлік қор директоры

Қонақ үйлік қызметтер: қонақ үй қызметтерін қамтамасыз ететін кәсіпорынның функционалдық- технологиялық құрылымы. Қонақ үй құрылымы, қызметтер құрамы, қонақ үй кешенін басқаруды ұйымдастыру оның көлемі, оның ерекшеліктері, орналасқан орны тағыда басқа факторлармен анықталады. әрбір қонақ үй кәсіпорны құрылымында негізгі қызметтер: туристерді қабылдау және орналастыру, номерлердің эксплуатациясы және қызметтерді көрсету, инженерлік- техникалық (электр энергия, санитарлық- техникалық жүйені қадағалау, жөндеу құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, байланыс жұмыстары), коммерциялық (маркетинг және жарнама бөлімдері жұмыс істейді, шаруашылық әрекет қаржыланады), әкімшілік (кадр бөлімі және хатшы қызметі қонақ үй кешенінің құжаттық және ақпаратық қамт. ету) және жанама (тамақтандыру- банкетинг және сауда қызметі) мен қосымша қызметтерден (автотұрақ, кинотеатр, спорттық қызметтер, прачечная, қойма) тұрады.

Қонақ үй қызметтерін копм.басқару жүйесі ақпараттық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз етуден арқылы құрады. Қонақ үй индустриясы – қонақ үй мүлігін басқару жүйесі (PMS- Property Management System) және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары (RMS- Restaurant MS) жүйелерін қолданады.

Қонақ үй мүлігін басқару жүйесі (PMS) - үш негізгі сегменттер қонақ үй цикліне қызмет көрсететін компьютерлік жүйе. Олар сырты және ішкі қызметтермен, интерфейстерді бағдарламалық қамтамасыз ету.

1. Сыртқы қызметтерге қызмет көрсету - 4 жалпы бағдарламалық модульдер:

- номерлік фондты басқару, (1)

- брондау, (2)

- клиенттермен есеп (3)

- жалпы басқарудан (4)

тұратын қ.үй мүлкін басқару жүйесі.

(1)Номерлік фондты басқару- қонақ үй мүлкін басқару жүйесіндегі бағдарламалық модуль. Номерлік қордағы әрбір номер ақпаратын құпияда сақтау, жүктемеге бақылау жүргізу, тазалықты қадағалау және басқа да туристерді маршрут бойынша жіберу мен саяхат соңында еліне қайтаруды қамтамасыз ету арқылы қонақ үй қызметтері кезіндегі шиеленістерді болдырмау және шешу жолдары операциялары. Аталмыш модулдің құрамдас элементі кілттердің электрондық сақталуы номерлік қор қозғалысының ақпараттық таблосы болып табылады. Номерлік қор қонақ үй шаруашылығының көп бөлігін алып қоймай, табыс үлесін береді. Номерлік қор құрылымы келесідей бөлімдерден тұрады:

§ Фронт – офис не портье қызметі – қабылдау және орналастыру. Қызметі, клиенттермен есеп жүргізу, брондау бөлімі және түнгі аудиторлар; Бұл қызмет арқылы өтетін ақпараттар екі бағытта – қонақтарға және қонақ үйдің түрлі бөлімшелеріне жылжиды.

§ Горничный және номерлерді тазалау; үш негізгі тазалық түрі бойынша жүргізіледі.

§ Консъерж, жүргізуші, қорғау қызметі (төтенше жағдайларға дайындық процедурасын өңдеу, қонақ үй бөлмелерінің күнделікті қауіпсіздігін қадағалау, сигнализация жүйесі, территорияны бақылау), коридордағы қызметтерді біріктіретін сервис қызметтері (гардеробшы, тасымалшы (посыльный), швейцар).

(2) Брондау – қонақ үйді жалпы брондау жүйесі шеңберіндегі уақытқа бағынышты «келісім/бас тарту» режімінде жұмыс жасайтын бағдарламалық модуль. Резервтеу бөлімі- номерлік қор қызметі бөлімінің бірі. Номерлерді брондау орталық компьютерлік резервтеу жүйесі арқылы не қонақ үйдің сауда өкілдерімен жүзеге асыр. Сонымен бірге П.К. Форстер зертеулеріне сәйкес номерлік қор қызметінен түсетін таза пайда үлесі жалпы таза пайда көлемінің 73.4 % құр. Қ.үй көлеміне қарамастан, номерлік қор құрылымы және оның қызмет қағидалары бірдей.

Зерттеулерге сәйкес номерлерге тапсырыс берудің көбісі тікелей брондау арқылы түседі:

§ Тікелей тапсырыстар (45,9 %)

§ Қ.үйдің жеке резервтеу жүйесі (22,1%)

§ Туристік агенттіктер (12,6%)

§ Қ.үй өкілдері (сауда агенттіктері) (8,9%)

§ Туроператолар (5,6%)

§ Тәуелсіз резервтеу жүйелері (3,8%)

§ Көлік компаниялары (1,1%).

Тапсырыс жүйесінде тіркеу бөлімі клиентке номер бағасын, орналастыру уақытын, төлем түрін айтады.

(3) Клиенттермен есеп – қонақ үй клиентерімен есеп жүргізуді жоғарлатады және аудиторлық жұмыс жүргізуді жеңілдетеді. Клиенттер есебі электрондық жүйе арқылы карточкалық жүйені құру және чектік кассаларды ұстау қажеттілктерін жоғалтады. Модуль барлық операциялар көлемі бойынша келісілген жеңілдіктер мен несиелерді автоматты бақылау және алдын ала төлем туралы ақпарат беру.

(4)Жалпы басқарудан – басқару үшін қажетті есепдер мен анықтамаларды құрады және ішкі және сыртқы PMS сегменттері арасындағы интерфейстерді жүзеге асырады.

1. Қонақ үйдің ішкі қызметтеріне қызмет көрсету- бағдарламалық модульдері бар қонақ үй мүлкін басқару жүйесі сегменті. Олар:

2. Жалпы бухгалтерлік есепті жүргізу – кәсіпорынның баланстық есебін құру және олар бойынша жүйеге келтіру операцияларын жүзеге асыратын бағдарламалық модуль. Модуль дебиторлық және кредиторлық қарыздар соммалары бойынша проводка жасауға, қолма қол ақша қозғалысы және мерзімдік шоттарды таңдап жүргізу мүмкіндігін береді.

3. Жалақы бойынша есеп – сыйақы, жалақы, бонус мұмкіндіктерін есепке алумен қатар, ұстап қалу мен штраф жүргізу.

4. Қоймадағы мүлікті есепке алу- қонақ үй мүлкінің құны мен номенклатурасы, инвентарлық операциялар жүргізіледі.

3. Бағдарламалық интерфейстерді қамтамасыз ету – ағымдық сатылым, энергетикалық ресурстарды басқару, телефондық есеп, жеке компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету, мини барлар, видео фильмдер демонстрация бағд.модулдерінен тұрады.

Қонақ үйлік қызмет көрсету технологиясы туристерге орналастыру мен қонақжайлылық қызметтерін ұсынудағы операциялар жиыны және ғимарат пен қонақ үй құрал-жадбықтарын тиімді пайдалану тәсілдері жүйесі болып табылады.

1. Қонак үйлердегі қызмет түрлері үйымдастыру құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, Нөмірлік қордың ауқымдылығына, орналасқан орнына, қонақтардың ерекшелігіне т.б. факторларға қатысты негізгі кызмет түрлері:

- әкімшілік басқару қызметі;

- қабылдау және орналастыру қызметі;

- нөмірлік қор қызметі;

- қоғамдық тамақтандыру;

- коммерциялық;

-инженерлік-техникалык;

- қосымша және көмекші қызмет.

Әкімшілік қызмет міндеттеріне қонақ үй кешеніндегі барлық бөлім қызметіне жауапты. Қаржы мамандармен қамтамасыз ету, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істеуге жағдай жасау, еңбек ережесін сақтау, қауіпсіздікті сақтау, өрттен сақтану және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды камтамасыз етеді. Қызмет құрамы: хатшы, кадр, қаржы, инспекторлар (өртке карсы кауіпсіздік, техникалық кауіпсіздік).

Қабылдау және орналастыру қызметі жататын орынды брондау (сұраныс беру) конақтарды қабылдау, тіркеу, бөлмелерге орналастыру, жатын орындарында, бөлмелерде қызмет ету, сонымен қатар қонақтарға үйлеріне шығарып салумен айналысады. Қызмет құрамында: директордың орынбасары (менеджер түрлері), әкімшілік кызметкерлері, портье, есептеу операторлары, төлқүжат және анықтама қызметкерлері, швейцарлар, жүк тасушылар, кауіпсіздік кызметкерлері т.б. болады.

Нөмірлік қор кызметкерлері қонақ үй тазалығынан бастап тұрмыстык қызмет керсетуді қамтамасыз етеді. Оның құрамында: менеджер (директордың орынбасары), қабаттағы қызмет көрсетушілер, үй тазалаушылар, кезекшілер, кастелянша, кір жуу қызметкерлері.

Тамақтану қызмет орны (ресторан) мейрамхана, кафе, барларда презентация, банкет, тамақтануды үйымдастырады. Бүл жерлерде менеджерлерден баска асхана қызметкерлері, даяшылар, зал администраторы жұмыс істейді. Коммерциялық қызмет конақ үйдің оперативті стратегиялык жоспарлау мәселелерімен және қызмет көрсету түрін оңтайландырумен қонак үй сұранысы сараптап үнемі жүзеге асырып отырады.

Коммерциялық қызмет тобында – директор, маркетинг және жарнама қызметкерлері жұмыс істейді. Қаржы қызметі қонақ үйдің қаржы және шаруашылық іс әрекетін реттеп, қадағалап қаржыландырып отырады. Бұл сала өте жауапты және қомақты жұмыс істейтін бөлім.

Инженерлік-техникалық қызметкерлердің негізгі міндеті: электр, санитарлық-техникалык жүйені қадағалау, жөндеу құрлыс жұмыстарын үйымдастыру, байланыс телекомуникация жұмысының дұрыс болуы, Қазақстан қонақ үйлерінің көпшілігі ескі ғимараттарда,сондықтан да күрделі жөндеу,технологиялық өзгерістер қажет етеді.Ал ірі қонақ үй шаруашылығы,кейінгі салынғандары Европалық стильде,қызмет көрсету дәрежесі өте жоғары болуы оның құнының өте жоғары болуына әкеліп соғатынын корсетуде.

Көмекші қызмет тобы түрмыстық қажет жұмыстарын реттеп отыратын конақ үй кешенінің бір бөлімі.

Оған кір жуу, химиялық тазарту, аяк киім жөндеу т.б. жаткызамыз.

Қосымша қызмет көрсету саласына бизнес-орталык, спорттык-шыныктыру орталығы, шаштараз, сұлулық салондары, магазин т.б. жатады.

3. Қонақ үйлерде негізгі қызмет көрсету түрлеріне-әкімшілік басқару қызметі.Бұл ең жоғарғы деңгей болады.Одан кейінгілері-қабылдау және орналастыру қызметі, нөмірлік көр қызметі, қоғамдық тамақтандыру қызметі, комерциялық, инженерлік техникалық, қосымша және көмекші қызмет болып жіктеледі.

Әкімшілік қызмет түрлеріне қонақ үй кешеніндегі барлық бөлісм қызметі жауап берелді.Қаржы мамандарымен қамтамасыз ету,жұмысшылар мен қызметкерлерге жүмыс істеуіне жағдай жасау,еңбек ережесін сақтау,өрттен сақтану,экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өз алдында қарастырылатын мәселелер.Қабылдау және орналастыру қызметі жататын орынды брондау,қонақтарды қабылдау,тіркеу,бөлмелерге орналастыру,жатын орындарын жайғастыру сонымен қатар қонақтарды шығарыпп салу жұмыстарын ұйымдастыра білу шарт.Қызмет құрамы алуан түрлі.Номірлік қор қызметкерлері бөлме тазалығынан бастап тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.Оның құрамында;менеджер,қабаттағы қызмет көрсетуші,үй тазалаушылар,кезекшілер,т.б қызметкерлер мен жұмысшылар жатады. Тамақтану қызмет орны мейрамхана,кафе,бар,банкет үйымдастыру.Бұл жерлерде менеджерлерден басқа асхана қызметкерлері,даяшылар,зал администраторлары жұмыс істеу қажет.Комерциялық қызмет тобына жоспарлау мәселелері мен қонақ үй сүранысы сараптан отуі жүзеге асырылуы үлкен мәселе.Комерциялық қызмет тобына-директор.,маркетинг және жарнама қызметкерлері кіреді.Қаржы қызметі қонақ үйді қаржы және шаруашылық іс әрекетін реттеп қадағалап қаржыландырып отырады.

Көмекші қызмет тобына-тұрмыстық қажет жүмыстарын реттейтін қонақ үй кешені бөлімі жатады.Оған кір жуу,химиялық тазарту,аяқ киім жөндеу т.б жатқызамывз.Қосымша қызмет көрсету саласына бизнес-орталық,спорттық шынықтыру алаңдары мен залдары,шаштараз,сән салондары,магазиндер кіреді.Қызмет тұрлерінің ортақ моделін таппадық.Олардың түрі әртүрлі қонақ үй статусына оның иесіне тікелей қатысты..Қонақ үй бизнесіндегі басқару жүйесі,нарық жағдайына икемделген,қарапайым,қызмет алушыларға жағымды болуы шарт.




Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 43 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Онақүй қызметі ұғымын анықтаудағы тәсілдемелер| Онақүйдегі қосымша қызметтердің жіктемесі

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав