Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Күй құдіреті тақырыбында сұхбат құрыңыз

Читайте также:
  1. Азақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құраңыз.
  2. Алымдардың есептеуінше өтпелі экономика теориясы адамзат қоғамының ұш ірі күйінен бастау алу керек .
  3. Сілтімен күйгенде кезде көрсетілетін алғашқы көмек?

- Қазақ халқының күй өнері туралы білесін бе?

- Әріне, өйткені күйді ел тарихынан бөліп қарау мүмкін емес.

- Біз «Күй атасы – Қорқыт» деп айтамыз, келісесін бе?

- Өнер зерттеушілері Қорқытқа дейін де күйдің «өмір сүргендігін» дәлелдейді. Көне күйлердің әуен-сарыны ертедегі Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Көк түріктер және басқа да тайпалар өмірінен бастау алатынын алға тартады. Бұған мысал ретінде халық күйлері аталып жүрген «Аққу», «Кеңес», «Боз айғыр», «Сары өзен», «Шұбар ат» және басқа да туындыларды келтіреді.

- Күй туралы тағы не білетінін бар?

- Негізі, күй жайдан-жай шығарыла салмайды. Ол адам жанының ішкі толқынысынан, сезімінен пайда болады.

- Ал ол қай музыкалык жанрға жатады?

- Күйді жай ғана музыкалық жанр десек қателесеміз. Ол сан қырлы, сан сырлы күрделі шығарма.

- Күй қалай бөлінеді?

- Оны мазмұнына, сипатына қарай тарихи, лирикалық, аңыз, қаралы, арнау секілді тақырыптарға бөлінеді. Идеялық-көркемдік жағынан да сан алуан. Күйлерде тек көңіл-күй ғана емес, жер-су аттары, жануарлар, құстар, табиғат құбылыстары және басқалар суреттеледі.

- менің білүімше, күйдің әуендік-түрлік құрлысы мен ырғағының, орындалуының өзгешелігі де назар аударарлық.

- Иә, сондай. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді келсе, Дәулеткерейдің шығармаларына сезім, нәзіктік басымырақ, Тәттімбетте қоңыр әуен байқалады, Қазанғап күйлері жеңіл, ойнақы төгіледі.

24. «Хакім Абай философиясы»

- Абайды хакім деп кім атаған?

- Абайды хакім деп Мағжан Жумабаев да бір өлеңінде атайтыны бар.

- “Хакім” деген не мағына береді?

- “Хакім” деген сөз тілімізде жылдар бойы аз қолданылып, мағынасы көнергендей болып келді де, қазір жаңғырып қайта жанданды. Алайда Мағжан Абайды "шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес" деп сипаттағанда, оның ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп айтпаған.

- Абайдын аталары білесін бе?

- Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руының ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі – Құнанбай, атасы – Өскембай, арғы атасы – Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үлкен үстемдік жүргізген адамдар.

- Ал Абайдың ойшылдығын туралы не бәлесін?

- Абайдың ойшылдығы, кемеңгер философ екені терең ашылмай, жете айтылмай келгені рас. Тіпті таптық идеологияның қисынына сәйкес бір жақты айтылған кездері де аз болған жоқ. Абайдың дүниеге, қоғамға көзқарасы, әсіресе алла, имандылық туралы пікірлері бұрмаланып баяндалды. Бұл тұрғыдан қарағанда Абайдың ойшылдығын баса айтудың әбден жөні бар.

- Хакім Абай философиясы туралы айтып берсен.

- Абайдың дүниетанымы, философиялық көзқарастары туралы еңбекте солай етудің өзі бірден-бір қажет және мұның өзі – ғылыми зерттеудің тәсілі. Бірақ бірде болмаса бірде кездесіп қалатын қара сөздерінде ойшылдық, даналық басым екен, өлеңдері таза поэзия ғой деген секілді жаңсақ пікірлердің айтылуы еш дәлелсіз.

- Сонда, Абай ең алдымен кім?

- Қалай десек те, қай жағынан келсек те, Абай – алдымен ақын, қазақтың бас ақыны. Абай шығармалырында әралуан кескінде сипатталынып, әшкереленетін, сыналып отыратын ұлық, әкім, ел билеушілер дегендердің саты-саты орындары осылай еді.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 54 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав