Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құру

Читайте также:
  1. Азақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырды.
  2. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
  3. Банкроттық мәні және оны жүзеге асырудыңкезеңдері мен процедуралары.
  4. Банктерті тарату және еріксіз қайта құру
  5. Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру тәртібі
  6. Босанудан кейінгі контрацепция әдісі жөнінде кеңес берудің коммуникативті дағдылары
  7. Колонтитулды құру үшін команданы көрсет
  8. Р –да ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері
  9. Рылымдық қайта құру, инвестиция, басқару - жаңа индустриалдық , бәсекелестік мемлекет құрудың басты

1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өз қызметін осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің және жарғының негізінде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы - жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.

 

5-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның негізгі міндеттері мен функциялары

1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның негізгі міндеттері:

1) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;

2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдік берілген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өзінің негізгі міндеттерін орындау үшін мынадай функцияларды орындайды:

1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепілдік берілген өтемді төлейді;

2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімін жүргізеді;

3) өз активтерін инвестициялайды;

4) кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резерв қалыптастырады;

5) конкурстық негізде агент банкті таңдайды;

6) қатысушы банкті консервациялау кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;

7) қатысушы банктен барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясын қайтарып алу кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;

8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтін) кепілдік берілген өтем сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының құрамына қатысады;

 

9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтін) кепілдік берілген өтем сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.

 

6-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдіктерi

1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.

2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы жазба енгізілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін, бірақ қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейін ғана тоқтатылуға жатады.

 

7-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен міндеттерi

1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым:

1) қатысушы банктердің жарналар төлеуін талап етуге;

2) қатысушы банктерден банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпараты жоқ тартылған депозиттер бойынша мәліметтер сұратуға;

3) осы Заңның 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алуға;

4) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органнан қатысушы банктердің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоса алғанда, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алуға;

5) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда, қатысушы банкке қарыз беруге;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қатысушы банкте депозитке ақша салуға;

7) Осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда қарыз алуды жүзеге асыруға;

8) қатысушы банктің тарату комиссиясынан кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем есебін уақтылы беруін талап етуге;

9) қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті органның алдында оған ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану туралы өтініш беруге құқылы.

2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым:

1) қосылу шартының талаптарын айқындауға;

2) қатысушы банктердің жарналарды толық әрі уақтылы төлеуіне бақылау жасауға;

3) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің депозиторларына осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік берілген өтем төлеуге;

4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде қатысушы банктер және олардың депозиторлары туралы мәлім болған барлық ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;

5) уәкілетті органға қатысушы банктердің Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы хабарлауға;

6) депозиторларға осы Заңның 21-бабында көзделген ақпараттарды беруге міндетті.

 




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 20 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 | 7 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав