Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Музейдің жұмысының эконономикалық көрсеткіштері.

Читайте также:
  1. Дәріс. Ұжымды басқарудың психологиялық негіздері.
  2. Дәріс. Музей қызметін жоспарлау.
  3. Дәріс. Музей жарнамасының маркетингтік құрылымы.
  4. Дәріс. Музей ісі және музей интеграциясын басқару жүйесі.
  5. Дәріс. Музей маркетингінің маңызы мен құрылымы.
  6. Дәріс. Музей мекемелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау.
  7. Дәріс. Музей мекемелердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау.
  8. Дәріс. Музей менеджменті туралы жалпы түсінік.
  9. Дәріс. Музей менеджментінің функциялары мен әдістері.
  10. Дәріс. Музейді қаржыландырудың негізі.

Мақсаты: музейдің экономикалық қызметін бағалау принциптері жөнінде түсініктеме беру.

Кілт сөздер: қаржы (финанс).

 

Көп жылдар бойы музей мамандары өздерінің ағартушылық ісі жөніндегі шешімдеріне шектеу қоюға тырысты. Олардың саудалары сәтсіз болды, ал саудагерлер беделі төмен болды, басқаша айтқанда «музейді храм дәрежесіне өзгертті». Интернет білім сақтаушылары-кураторлар мен музейге табыс әкелуші саудагерлер арасындағы ұзақ уақытқа созылған қайшылықты жоюға мүмкіндік берді. 1990 жылдардың екінші жартысында музейлер коммерциялық жобаларға қатысуға анық құлшыныс таныта бастады. Музейлік сайттарда музейдің коммерциялық қызметін жүзеге асыратын бөлімдер кең таралды. Музей өзінің коммерциялық және коммерциялық емес қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін әдетте ақпараттық технологиялар және электрондық маркетинг салаларында тәжірибесі бар мамандандырылған фирмаларға жүгінеді. Әдетте ақпараттық технологиямен байланысты жобалар музейдегі дәстүрлі маркетинг тәжірибесі мен интернеттегі ақпараттық ресурстар тәжірибесіне негізделеді.

Электронды сауда технологиясы сатып алушыға ұсынуға мүмкіндік береді:

Өнерге қатысы бар дәстүрлі «материалдық» өнімдер (кітаптар мен альбомдар, экспонаттар көшірмесі, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, зергерлік бұйымдар және т.б.). Бұл заттарды музей сайттарынан көруге болады.

«виртуалды коммерциялық өнім»-музей коллекциясының электронды көшірмелері, виртуалды көрмелер мен экспозициялар, виртуалды лекциялар мен экскурсиялар, электронды түрде ұсынылған ғылыми зерттеу нәтижелері және т.б.

Электронды сауда технологиясын қолданып сатып алуш,ыға затты таныстырудағы ерекшелік-бастапқы жасалған ақпараттық ресурстарды қолдану. Сайтта ұсынылған товарлар әдетте сайтқа кірушіге түсінікті, қарапайым түрде көрініс табады. Ақпараттық технологиялар музейге төмендегілер тарапынан табыс табуға мүмкіндік береді:

Көшірмелердің әр түрін қолдануға лицензия сату, виртуалды коммерциялық ресурсқа қосылғаны үшін төлемдер;

Электронды сауда арқылы товарды алуға қол жеткізу;

Музейге келушілерді тартудың түрлі формаларын ұйымдастыру («музей достарының клубы», демеушілер және т.б.).

Электронды сауда технологиясын пайдаланатын негізгі сатып алушылар интернет қолданушылары болып табылады. Оның ішінде ұйымдар (мысалы, баспа немесе жарнама қызметінде сандық суреттерге лицензия сатып алушы баспа үйі), мамандар (дизайнерлер, фотографтар), өнерді сүйетіндердің кең аудиториясы. Көптеген жобалар барлық адамдарға бағытталған, бірқатар жобалар арнайы қызығушылықтарды қанағаттандыруға арналған (мысалы, заманауи өнерді сүйетіндерге).

Ұйымдастырылған құрылымнан ерекшелене отырып, жобалардың ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ технологиялық шешімдерді ұсыну формасында көптеген ұқсастықтары бар.

Электронды сауда технологиясы өте қарапайым: қолданушы сайттың бастапқы бетін ашып өзін қызықтырған бөлімді таңдайды (мысалы, баспа өнімдері, қолөнер бұйымдары немесе басқа нәрсе), осы бөлімді ашып өзіне ұнаған обьектті таңдайды-суретті тышқанмен белгілеу арқылы- содан соң таңдалған товар электронды сатып алушы кәрзеңкесіне түседі. Кәрзеңкені жинақтап, қолданушы электронды кассаға жүгінеді де өзінің реквизиті жөнінде хабарлайды (дүкен келушісі өз тілегі бойынша жасырын түрде де болады), электронды карта көмегімен төлем жасайды (немесе өз тілегі бойынша басқадай жолдармен), содан соң қысқа уақытта (негізінде бір тәулік ішінде, тіпті бірнеше сағат көлемінде) зат сатып алушының қолына тиеді.

Ақпараттық технологиялық жобалардың барлығы дерлік дамыған сервистік жүйеге және пайдаланушының қолдауына ие, сондай-ақ жұмыс режимі, соның ішінде e-mail, телефон, факс арқылы ақпараттық қызмет көрсету тәулік бойы қол жетімді.

Музейге қатысты ақпараттық технологиялық жобалар ақпараттық ресурстар иеленушісі болып табылады. Оған ғылыми ұйымдар, компаниялар, мемлекеттік және қоғамдық қорлар, баспа үйі, заңгерлік фирмалар қатысады.

Бақылау сұрақтары:

Ақпараттық менеджмент дегеніміз не?

«Виртуалды коммерциялық өнім» дегеніміз не?

Әдебиет: Майлз Р. Наш посетитель: кто он и каковы его потребности// Музей. Маркетинг. Менеджмент. – М., 2001; Котлер Ф. Основы маркетинга: Пер. с англ. – М., 1990; Майлз Р. Как музеи научились мобилизовать внутренние ресурсы. Десятилетие перемен в музейном секторе Великобритании // Музеи в период перемен. – СПб.: Контрфорс, 1997.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 53 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | <== 9 ==> | 10 | 11 | 12 | 13 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав