Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дивиденттік саясатты басқару және өндірістегі саясаттың дамуы.

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) вертикальды және горизонтальды
  4. D)& төмен және солға
  5. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  6. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  7. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  8. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  9. Ан топтарын және резус-факторды анықтау
  10. Аржы саясатының және қаржы механизмінің мазмұны, міндеттері, мақсаттары, қағидалары

Дивиденттік саясатты қалыптастырудың факторларын талдау басқа бәсекелестік кәсіпорындардың еңбекті төлеу туралы жағдайларды және т.б. заңнамалық база негізінде зерттеу. Дивиденттік саясаттың екі факторы бар:

1. ағымдағы, яғни компанияның экономикалық тактикасы, кәсіпорынның ағымдағы қаржылық мүмкіндіктері

2. ұзақ мерзімді экономикалық стратегия, кәсіпорынның қаржылық имиджін қалыптастыру сұрақтары, ірі ұзақ мерзімді резервтерді қалыптастыру кәсіпорынның қызметінің түрлеріне байланысты дивиденттік саясаттың факторлары былай бөлінеді:

1) кәсіпорынның бағдарламасын өңдеу

2) инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қаражаттарды бөлу

3) қаржылық операциялардан қосымша пайданы алу.

Қазіргі кезде Қазақстан көптеген дивиденттік саясаттарды қолдануда, соның бірі дивиденд көлемінің әрдайым өсу саясаты - мұндай саясат кезіндегі дивиденттерің өсуі, әдетте, келешек кезеңде олардың мөлшерінеқатаң белгіленген пайызбен өсім ретінде жасалады.Келесі саясат түрі, ол дивиденттік төлемінің тұрақты көлем саясаты- бұл саясат ұзақ уақыт бойы олардың өзгермейтін сомасын төлеуді ұйғарады. Мұндағы артықшылық қор нарығындағы акция котировкасының тұрақтылығы болып табылады. Дивиденттік саясатты сәйкестендіру

теориясы- бұл теорияға сәйкес фирма акционерлерінің көпшілігінің күткен мүдделері ағымдағы табысты алу болса, онда дивиденттік саясат алынған пайданы басымды түрде ағымдағы тұтынуға, өндірістік мақсаттарға бағыттауды көздейді.

Депозиттердің мәні, түрлері және депозиттік саясат мақсаты. Депозиттік портфельдің құрамы мен құрылымына ықпал ететін факторлар.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар — банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Пассивті депозиттік операциялар — бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз телеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

— талап етуіне дейінгі депозиттер;

— мерзімді депозиттер;

— жинақ салымдары;

— бағалы қағаздар.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

— жеке тұлғалардың шоттарына;

— кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;

— жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;

— қаржылық мекемелердің шоттарына;

— шетелдік азаматтардың шоттарына.

Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 65 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав