Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Инвестициялық жобаның құрылымы : оның талдауы және өмірлік циклы

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) вертикальды және горизонтальды
  4. D)& төмен және солға
  5. VBA. Вложенные циклы, понятие, принципы организации.
  6. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  7. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  8. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  9. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  10. Алгоритмы на циклы с условием.

Жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.. Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие. 1. жобаның тұжырымдалуы. Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады.. 2. жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. 3. жобаны сараптау. Жобаның жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет. 4. жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. 5. нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Коммерциялық талдау. Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі – маркетингтің жеткілікті болмауы. Нарықты зерттеу мақсаты - тұтынушылардың сұранымын анықтау, маркетинг бойынша шешім қабылдауды жеделдету және сапаны жоғарылату үшін нарық сегменттері мен сатып алу процесін анықтау. Нарықты құрылымдық зерттеуді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың, жергілікті, ұлттық немесе халықаралық компаниялардың, дәстүрлі немесе жаңа, маркіленген немесе маркіленбеген өнімдердің бәсекелестерін анықтаудан бастау керек. Техникалық талдау. Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады: жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау; жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын; жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.. Қаржылық талдау. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген: 1. кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау. 2. инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау. 3. негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау. 4. инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау. 5. инвестициялық жобаның тиімділік бағасы. Экономикалық талдау. Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады. Экономиикалық талдау міндеті қойылымның мысалын қарастырайық. С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін: компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын; импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын; кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін; нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады. Институционалдық талдау. Институционалдық талдау инвестициялық жобаның ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік тұрғыда есепке алынуы мен сәттілікпен орындалу мүмкіндігін бағалайды. Инвестициялық жобаның осы бөлімі сандық та, қаржылық та емес б.т. оның негізгі мақсаты – инвестициялық жобамен бірге жүретін сыртқы және ішкі факторларының жиынтығын бағалау. Ішкі факторларды бағалау әдетте келесі нұсқау бойынша жүреді. Сыртқы факторларды талдағанда негізгі басымдылықтар келесі аспектімен шарттасылған... Тәуекелді талдау. Тәуекелді талдаудың мәні мынада. Жіберілген сапасына тәуелсіз болашақтың әрқашанда белгісіздік элементі бар.

.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 63 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав