Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кепіл мәні және оның түрлері, оны топтау негіздері

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) вертикальды және горизонтальды
  4. D)& төмен және солға
  5. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  6. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  7. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  8. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  9. Ан топтарын және резус-факторды анықтау
  10. Аржы саясатының және қаржы механизмінің мазмұны, міндеттері, мақсаттары, қағидалары

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл үстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артық-шылықпен қанағаттандырылу құқығына ие болады.Кепіл құқығы заң немесе шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді. Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл устаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл мүлкіне меншік құкығы немесе оның ліаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіндік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз борышқордың өзі, сондай-ак оған үшінші жақтың да құқығы бар. Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінін кұкығын кепіл жөніндегі шарт бойынша талаптардан бас тартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы. Кепілдің пәні кез келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік кұқыктар (талаптар) бар. Ал азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және кұжатта-рымен оларды басқаға беруге тыйым салынған озге кұқықтар кепіл пәні бола алмайды. Кепіл талаптын койылған кезіндегі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұған негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды қалпына келтіру, кепілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен шығынын өтеу косылады. Кепіл ұстаушы аталған сомалар бойынша шығынның орнын толтыруды талап етуге кұкылы. Кепіл туралы шарттың нысаны мен мазмұны және ерекше талаптар хақында заңда белгіленген. Шарт-та кепілдің мәні мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері мен орындалу мерзімі көрсетілуге тиіс. Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме нотариалды куәландыруға жатса, онда кепіл туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді. Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жәнінен — бүл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер беругежатпаса, кепіл тура-лы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Кепіл туралы шарт тіркеуге жатқан жағдайда, ол тіркеуден өткен сәтінен бастап жасалған деп есептеледі. Казіргі қолданылып жүрген зандар кепілге салынып үлгерген затты қайталап кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл бұрынғы жасалған шартта рұқсат етілген не тыйым салынбаған болса жүзеге асады. Мұндай жағдайда кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепілге берілген мұндай мүлік туралы мәлімет береді. Кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырыл -ғаннан кейін кепіл мәнінің қүнынан қанағаттандырылады.

Кепілдің екі түрі болады: а) итотека; ә) кепілзат.

Ипотека — кепілге салынган мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай кәсіпорындар, жекелеген кұрылыстар, ғимараттар, яғни жерге тікелей байланысты (ипотека) бас-қа да объектілер, сондай-ақ айналымдағы тауар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Ипотека тәртібіне кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 106 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | <== 6 ==> | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав