Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржы саясатының және қаржы механизмінің мазмұны, міндеттері, мақсаттары, қағидалары

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) вертикальды және горизонтальды
  4. D)& төмен және солға
  5. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  6. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  7. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  8. Азіргі кезде қаржыны шығарудың негізгі ағыны бағытталадыA) өнеркәсібі дамыған бір елден екіншісіне
  9. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  10. Ан топтарын және резус-факторды анықтау

Қаржы заңнамасының негізінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің іс-шаралары қаржы саясаты деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндетерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі болып табылады.

Қаржы саясатының бағыттары елдің экономикалық жай-күйіне, шешілетін әлеуметтік-экономикалық және өзге міндеттерге байланысты болады. Қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестірудің, шоғырландырудың және жинақтаудың және экономикалық саясатпен жасалынатын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.

Қазақстандағы қаржы саясатының мақсаты іс-шаралар әзірлеу және оларды индустриялық-инновациялық дамудың, ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың, елдің экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру жолымен сыртқы экономикалық қызметі жандандырудың негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету, әлеуметтік бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

а)елдің дамуының әрбір кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету; ә)қаржы ресурстарының қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалан, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;

б)экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.

Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарынжүзеге асырудың зор маңызы бар: қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау; қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі; қаржы резервтерін жасау; мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

Қаржы механизмі-экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Қаржы механизмынің экономика мен әлеуметтік сфераға іс-әрекеті былайша жүзеге асырылады:

1)қаржы механизмінің құрылымы мен оның әр түрлі бөліктерінің нақтылы міндеттерді шешуге және нақты нәтижеге жетуге нысанылығы арқылы;

2) мемлекетте және шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаржы ресурстарының мөлшері арқылы.

Қаржы механизмін қайта құрудың маөсаты – рыноктық қатынастарды дамыту негізінде қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпалын күшейту, қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 65 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | <== 10 ==> | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав