Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржылық бақылаудың мәні мен маңызы, оның әдістері.

Читайте также:
  1. Аржылық инвестициялардың тиімділігі мен инвестицияның сапасын бағалау
  2. Аржылық менеджменттің түрлері.
  3. Аржының мәні, функциялары және рөлі
  4. Балалардың бірлескен жұмысын бақылаудың ерекше түрі
  5. Банкроттық мәні және оны жүзеге асырудыңкезеңдері мен процедуралары.
  6. Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері, қағидалары
  7. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
  8. Дәріс. Музей менеджментінің функциялары мен әдістері.
  9. Еңбек нарығынын мәні мен ерекшеліктері

Қаржылық бақылау- қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны операимвті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты. Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экон. заңдар талабының сақталуын; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдердің оңтайлығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы; ШЖС, мемл. мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кірітіреді. Қаржылық бақылаудың түрлері: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылау.

Қаржылық бақылаудың функциялары:

1 қаражаттардың жұмсалуын тексеру;

2 қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекетік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;

3 есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.

ҚР қазіргі бақылау жүйесі субьектілерге қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады. Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомствалық бақылау арқылы жүзеге асады. Қоғамдық қаржылық бақылау - бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы. Аудиторлық бақылау - ведомствадан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістер пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тксеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жағдайын орныныда дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау және т.б.

36. Қазақстанның қаржылық институттары, олардың инвестициялық үрдістерді дамытаудағы рөлі

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкенкомпаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды.

38. Қысқа мерзімді банктік несиелеу.

Қыска мерзімді қарыздар беру банк ашуға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі рұқсат берген және банк операцияларын жасауға лицензия алған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Банктер қысқамерзімді несиелендіру үрдісінде нарықтық қатынастардың жан-жақты қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, егемен Қазақстан Республикасы мемлекетінің экономикасы мен қаржысын нығайтуға, жөн-жосықсыз дағдарыстың өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валюта теңгенің нығаюына ықпал жасап отыруы тиіс. Қарыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп тиімділігін арттыруда оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеру мақсатындағы шараларға, өнімнің тиімді әрі жоғары жаңа түрлерін шығаруға ынталандыруға, халыққа жан-жақты қызмет көрсетуге, халыққа қажетті тауарлар шығаруға және экспортқа жұмсалады. Сонымен қатар олар нарықтық құрылымның қалыптасуын, кәсіпкерлік жұмысты кеңейтуді, сату-сатып алу операцияларын ұлғайтуды қызу қолдай отырып және бұл мақсатқа қарыз бөлуді ұлғайта отырып, олардың басым көпшілігінің банк кассасына өткізілген қолма-қол ақша есебінен қайтарылуын қарастыруы керек. Жоспарлауға байланысты барлық мәселелерді, қарыз беру және оны өтеуді, пайыздық мөлшерлемелерді азайтуды немесе көбейтуді қарыз алушылар несиелік шарттар негізінде жергілікті банк мекемелерінің өзінде шешеді, ол шарттар екі жаққа да өзара міндеттемелер мен экономикалық жауапкершіліктер жүктейді. Банк мекемесі мен қарыз алушының арасындағы несиелік шарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады, егер қарыз алушы қарызды үнемі және қысқа мерзімге алатын болса, онда оған қарыз уақытша әйтпесе кейбір қарыздарын беруіне қажет болғаны. Ұзақ мерзімді несиелік шарт жасалғанда, мұндай шарт несиелік келісім жасаушы жақтармен жыл сайын анықталып отырады, екі жаққа да тиісті жекелеген келелі мәселелер талқыланады. Шарт жасау тәртібі әр қарыз алушыға жеке түрде жасалуы тиіс. Қысқа мерзімді несиелендіру банктер арқылы коммерциялық негізде жасалып, олардың жедел, қайтарымды, төлемді, өтелімді болуы және қарыздың белгілі бір мақсатқа жұмсалуы көзделеді. Банк мекемелері қысқа мерзімді несиелендіру қарыздарын өздерінде бар несиелік ресурстар шамасында береді. Қысқа мерзімді несиелендіру үшін қажет қарыз және несие ресурстарын бөлуде, банк алдын ала жоспарланатын төртінші тоқсанда алдағы жылдың әр тоқсанында бөлінетін қажетті қарыздардың есебінің үлгісін қарыз алушылардан талап етеді, олардың айналымдағы қаржыларының пайда болу, жеке көздерінің және кредиторлық қарыздарының шамасын байқауы тиіс. Есеп айырысудың негізіне өнеркәсіптің көлеміне, қарай алдағы жылдың жоспарланатын есеп көрсеткіштері, баға мен тарифтің өзгеруін ескере отырып, соңғы бірнеше жылдардағы жиналған қарыздары мен кредиторлық қарыздары жатқызылуы керек. Бұл есеп айырысулар жыл бойына банк пен қарыз алушының өзара келісулері бойынша анықталуы мүмкін. Мұндайда банктер заем алушылардың жеке өздерінің есімдерінің (айналымдағы қаржыларының, басы артық қорларының) шығу кездерін қадағалап, оның есу қарқынының бөлінген несиелік қаржыдан қалыспауын көздейді. Несиелік шартта міндетті түрде қаралатын мәселелер: несиелендіру объектілері; жоспарланатын қарыз көлемі, оның бағытталуы; қарыздың берілуі мен оны өтеу мерзімінің шарты, оның қарыз алушының қызметінің жақсаруына тигізетін ықпалы; қарыз бойынша пайыздық мелшерлемелер, олардың төмендеуі немесе жоғарылауы; қарыз алушының қарызды қайтаруды қамтамасыз етуде несиелік құндылықтар (кепілдеме, т.б. кепілдік құжаттар) бойынша міндеттемесі; материалдық артықтар мен өндірістік шығындардың орнын толтыратын жеке айналым қаржыларының нормативі; несиелендіруге қажетті есептеулер мен мәліметтер тізбесі, қарыз алушыларға белгіленген несие беру мерзімдері және басқа да шарттар: қатысушы жақтар келісім шартын бұзған жағдайда қолданылатын экономикалык іс-әрекет шаралары. Шарттың нақты мазмұны жақтардың келісім жасасуына қарай анықталады. Несиелік шарттар банк мекемелері қарыз алушылардың өндірістік және инвестициялық қызметін, олардың қаржы жағдайын, ақша айналымындағы қаржыларының, жай-күйін, өндіріс пен айналымдағы шығындарды азайтуға белгіленген шараларды, қор қайтарымдылығы мен түсімнің өсуін терең, жан-жақты зерттеп білген соң жасалады. Сонымен қатар банктер қарыз алушылардың бастамасы мен іскерлігін жан-жақты қолдай отырып, олардың өндірістік қызметіне қол сұқпауы тиіс. Банктер қарыз алушылармен қарым-қатынаста бола отырып, олардың жоғары көрсеткіштерге жетуінде ынталы және мүдделі тілектері болуы тиіс. Несиелік ресурстарға сұраныс әр түрлі субъекттер (жеке, заңды тұлға) тарапынан болып келді және бола бермек. Қазақстан экономикасының даму бағыты мен өндіріс саласының кешенділігіне байланысты шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді несиелендіруде, әр түрлі мәселелер мен перспективалар бола бермек.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 59 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | <== 12 ==> | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав