Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржылық менеджменттің түрлері.

Читайте также:
  1. Аржылық бақылаудың мәні мен маңызы, оның әдістері.
  2. Аржылық инвестициялардың тиімділігі мен инвестицияның сапасын бағалау
  3. Менеджменттің мәні, әдістері мен қызметтері
  4. Түйінді сөздер: Қаржылық-банктік құқық, Ұлттық банк, Даму банкі, екінші деңгейдегі банктер және т.б.
  5. Түйінді сөздер: Мемлекеттік қаржылар, мемлекеттік басқару, қаржылық басқарудағы өкілетті органдар және т.б.
  6. Тақырып 14 дәріс. Қаржылық-сақтандыру құқығы қаржылық құқықтың бөлімі ретінде
  7. Тақырып 2 дәріс. Қаржылық құқық - құқық саласы ретінде, пәні, әдісі, жүйесі
  8. Тақырып 5 дәріс. Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері
  9. Тақырып 8 дәріс. Мемлекеттік қаржылық жоспарладың құқықтық негіздері

Әлемдік тәжірибеде қаржылық менеджменттің мынандай түрлерін ажыратады:

1. агрессивті қаржылық менеджмент

2. консервативті қаржылық менеджмент

3. жәй қаржылық менеджмент

4. идеалды қаржылық менеджмент

1Агрессивті қаржылық менеджмент кезінде кәсіпорын мынандай стратегияны жүзеге асырады. Өте қысқа мерзім аралығында көп мөлшерде пайда табу. Агрессивті қаржылық менеджменті көбінесе өз ісін жаңа бастаған кіші кәсіпорындар таңдайды. Тауарлардың көлемін көбейттік кейбір шығындарды азайтып уақытша өз міндеттемелері бойынша жауап бермей осының барлығынан пайда деңгейін арттыру мақсатын қалайды. Агрессивті қаржылық менеджменттің көмегімен кәсіпорындар алға шығып нарықта бәсекелестікке жарамды болады.

2. Консервативті қаржылық менеджмент агрессивті қаржылық менеджментке кері қарама-қарсы мағынасын білдіреді. Консервативті қаржылық менеджменті нарықта бұрыннан қалыптасқан қаржылық жағдайы тұрақты ірі кәсіпорындар қалайды. Консервативті қаржылық менеджмент тәуекелді деңгейін минимализациялауды шекее жеткізіп пайдаланудың орташа, бірақ тұрақты болуын қалайды. Консервативті қаржылық менеджмент ұзақ мерзімді перспективаға арналған.

3. Жәй қаржылық менеджмент агрессивті және консервативті қаржылық менеджменттің тура ортасы болып табылады. Бұл менеджмент кезінде тәуекелділік деңгейі орташадан жоғары бірақ соған сәйкес пайданын да деңгейі жоғары болып табылады. Бұл менеджменттің түрі орташа мерзімге арналған және орта кәсіпорынға лайық келеді.

4. Идеалды қаржылық менеджмент бұл жерде барлық көрсеткіштер дәлме-дәл және нақты түрде есептелінген. Идеалды менеджмент кезінде барлық қаржылық көрсеткіштер ескеріледі. Идеалды менеджмент орташа мерзімге негізделіп өзгерістер мен толықтыруларға тап болады.Идеалды менеджмент кезінде экономикалық жоспарлар матиматикалық есептеулер саяси болжаулар және т.б. толығымен ескеріледі. Идеалды менеджменте әрбір менеджмент түрінің артықшылықты жағдайлары алынған.

80. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері. Шет елдің және отандық тәжірибеде көбінесе қаржылық менеджменттің төрт базалық көрсеткіштері қолданылады:

1. Қосылған құн

2. Экономикалық инвестициялардың брутто нәтижесі

3. Экономикалық инвестициялардың нетто нәтижесі

4. активтердің экономикалық рентабелділігі

1. Қосылған құн егер де кәсіпорын мен кезең аралығында өндірілген өнім құнынан өндірістің тұтынылған материалдық қаржылардың және қызметтердің құнын алып тастаса, онда шикізат, энергия, қызмет құнына нақты қосылған құн шығады. Қаржылық қатынастардың динамикасы кәсіпорынның қызмет ету масштабын және ұлттық байлықтың құрылуына салымын көрсетеді. Қаржы қатынастарды мына формуламен шығаруға болады:

Қосылған құн= өндірілген өнімнің құны-шикізат, энергия, басқа кәсіпорындардың қызметтерінің құны

2. Экономикалық инвестициялардың брутто нәтижесі қосылған құннан кәсіпорынның міндетті төлемдерін және еңбекті төлеу шығындарын оған қоса салымдарды алып тастағанда экономикалық инвестициялардың брутто нәтижесін алуға болады. Брутто нәтиже кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің кезең аралық нәтижелердің негізгісі болып табылады. Осы көрсеткіш аммортизацияны заемдық қаражаттар бойынша қаржылық шығындарды және пайдаға салықты алып тастағанға дейін брутто нәтиже пайданы көрсетеді. Брутто нәтиже барлық шығындарды өтеу үшін жеткілікті көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қосылған құндағы брутто нәтиженің үлесі бойынша кәсіпорынның басқарудың тиімділігін және оның рентабельділігі мен икемділігін анықтауға болады. Экономикалық инвестициялардың брутто нәтижесін былай есептейміз:

Экономикалық инвестициялардың брутто нәтижесі= қосылған құн- еңбекті төлеу

3. Экономикалық инвестициялардың нетто нәтижесі немесе оны несие үшін пайыздарды және пайдаға салықты төлегенге дейін пайда деп атаймыз.

Брутто нәтижеден негізгі қорларды қалпына келтіру шығындарын алып тастағанда экономикалық инвестициялардың нетто нәтижесі шығады. Тәжірибе жүзінде есеп айырысуды тез ету үшін нетто нәтижені баланстық нәтиже деп есептейді. Оны келесі формуламен есептеуге болады:

Экономикалық инвестициялардың нетто нәтижесі = Экономикалық инвестициялардың брутто нәтижесі - өндірістің қорларын қалпына келтіру шығындары

4. активтердің экономикалық рентабелділігі = Экономикалық инвестициялардың нетто нәтижесі / актив көлеміне *100

Баланстық пайда+өзіндік құнға еңгізілетін несие үшін пайыздар/ активтердің көлемі

Экономикалық рентабельділік кәсіпорын үшін өте маңызды көрсеткіш, өйткені экономикалық рентабельділіктің жеткілікті деңгейі болашақтағы табыстылықтың кепілі болады.

Экономикалық рентабельділігінің жалпы формуласын қолдансақ,яғни салымдардың және шығындардың тиімділігін көрсететін өндірістің рентабельділік формуласы келесідей:

Өндірістің тиімділігі / шығындар және салымдар*100; яғни экономикалық рентабельділік = Экономикалық инвестициялардың нетто нәтижесі/активке *100

Осыдан активтердің экономикалық рентабелділігінің негізгі маңызды екі көрсеткіштері пайда болады:

1. Коммерциялық маржа

2. Трансформациялау коэффициенті

Коммерциялық маржа пайыз түрінде көрсетіліп әрбір салынған салымдардың қандай нәтиже әкелетіндігін көрсетеді. Шын мәнінде коммерциялық маржа айналымның экономикалық рентабельділігі немесе сатудың рентабельділігі болып табылады.

Трансформациялау коэффициенті әрбір салымдарының активке трансформациялануының көрсетеді. Трансформациялау коэффициентін активтердің айналымдылығы ретінде көрсетуге болады. Мұндай жағдайда трансформациялау коэффициенті белгілі бір кезең аралығында активтердің әрбір салымының қанша рет айналатындығын көрсетеді.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 82 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | <== 18 ==> | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав