Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.

Читайте также:
  1. Бердяевтің ойынша мән (өмірдің, тарихтың) мәселесі неден көрініс тапқан?
  2. Инвестициялық жобаның құрылымы : оның талдауы және өмірлік циклы
  3. Мектеп өмірінің ең маңызды, жетекші құжаты
  4. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестициялардың экономикалық мазмұны сыныптамасы және рөлі
  5. Ницше пікірінше өмір деген ерік жігер мен қоса адамға не түрткі болады деді?
  6. Орларды басқару жүйесіндегі шығындар.
  7. Тақырып. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
  8. Тақырып. Өнім сапасын арттырудың объективті қажеттілігі. Негізгі ұғымдары
  9. Тақырып. Өнім сапасын басқарудың қалыптасуы мен дамуы

Саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар, олар мен мемлекет арасындағы, қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі. Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін пайда болған. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады.

Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясаттың басты мәселесі билік, ал мазмұны – билік үшін күрес. Саясаттың элементтері: саяси сана; саяси-құқықтық нормалар; билік институттары; билік қатынастары.

Саясаттың функциялары:қоғамның тұтастығын қолдау және нығайту, қоғамдық тәртіп пен ұйымдасуды қамтамасыз ету; қоғамның жалпы мақсатын анықтау; құндылықтар мен игіліктерді бөлу; топтық жанжалдарды болдыртпа у және оларды реттеу; әлеуметтік субъектілерді байланыстыру т.б.

Ішкі саясат – мемлекеттің өмір сүріп тұрған әлеуметтік-саяси құрылысты сақтауға немесе оны реформалау-ға бағытталған эконо-микалық, әлеуметтік, құқықтық, ғылыми-техникалық және т.б. әрекеттерінің жиынтығы. Сыртқы саясат – бір мемлекеттің халықаралық аренада өз мүдделерін көздей отырып жүргізген іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Тақырып. Билік саяси құбылыс ретінде.

Билік дегеніміз – біреулердің екіншілерге (немесе бірдеңеге) өз еркін жүргізіп, олардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына, мінез-құлқына түрлі құралдар арқылы (бедел, құқық, күш т.б.) ықпал ете алу қабілеті мен мүмкіндігі.

Саяси билік деп жеке адамның, топтың, таптың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу қабілетін айтады. Мемлекеттік билікке – белгілі бір аумақтағы барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

Саяси биліктің түрлері: абсолютизм, авторитаризм, деспотизм, охлократия, плутократия, тирания, тоталитаризм, этатизм, элитаризм, либерализм, бюрократия, демократия т.б.

Биліктің құрылымы: ресурстары, көздері, негіздері, субъектісі, объектісі, функциялары. Биліктің легитимдігі (көбінесе заңдылығы деп аударылады) – билікке халықтың, көпшіліктің сенім білдіруі, оны мойындауы, құрметтеуі. Биліктің жариялылығы – биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келуі.

5-тақырып. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты.
Ұлттық қауымдастықтар қоғамның маңызды бөлігі болып табылады. Оларға ұлттар, ұлыстар, халықтар, тайпалар, ұлттық азшылықтар жатқызылады.

Саясаттануда ұлтты түсінудің екі бағыты бар: мемлекеттік-құқықтық (өкілі Э.Гелнер) және әлеуметтік-мәдени бағыт (өкілі О.Бауэр).

Кең тараған түсінік бойынша, ұлт дегеніміз – тұрақты экономикалық біртұтас өмір, тілі, мәдениеті мен дәстүр ерекшеліктері, жеке және топтық сана, дербес сана-сезім арқасында өзін басқалардан ажыратып, белгілі бір ұлттық қауымдастыққа санайтын белгілі бір мемлекеттің азаматтары немесе тарихи қалыптасқан адамдар қауымдастығы.

Ұлтшылдық – бұл белгілі бір доктрина негізінде ұлттық қауымдастықтың мемлекетпен қатынасындағы оның (ұлттың) мүдделерінің көрінуі және олардың қорғалуын көздеген саяси қозғалыс. Ұлттық қозғалысқа ықпал ететін ұлтшылдықтың маңызды принциптерінің бірі – ұлттың өзін-өзі билеу принципі ықпал етеді. Ұлттық қатынастар – ұлттар, ұлыстар, ұлттық топтар, ұлттық азшылықтар және олардың мемлекеттік құрылымдары, түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы қатынастар және ұлттық қауымдастықтардың өзара іс-әрекеттері. Ұлттық (этникалық) саясат– бұл ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға, ұлттық қатынастар саласындағы қайшылықтарды түсіндіруге, шешуге, алдын-алуға бағытталған ғылыми бағыт, әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрі.

Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлық, федерация, конфедерация.

6-тақырып. Қоғамның саяси жүйесі.

Саяси жүйе түсінігі саясаттанудағы негізгі категориялардың бірі, ол қоғамның саяси өмірін, саяси процестерді түсінуге мүмкіндік береді. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің (институттардың) жиынтығын айтады.

Жүйе ұғымын саясаттануға алғаш рет америкалық зерттеуші Т.Парсонс енгізді. Саясаттануда саяси жүйенің қызметінің үш теориялық моделі жасалынды: жүйелік (Д.Истон); құрылымдық-функционалдық (Г.Алмонд); ақпараттық-кибернетикалық (К.Дойч).

Саяси жүйенің құрылымы мынандай элементтерден тұрады: саяси институттар (саяси ұйымдар мен мекемелер); саяси қатынастар, саяси ережелер мен нормалар, саяси сана мен саяси мәдениет.

Саяси жүйелердің типологиясы. Г. Алмонд саяси жүйелерді төрт түрге бөлді: ағылшын-америкалық; құрылықтық-европалық; индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған; тоталитарлық. Қазіргі заманғы саяси жүйелердің үш негізгі түрі бар: тоталитарлық саяси жүйе, авторитарлық саяси жүйе, демократиялық саяси жүйе.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 284 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.014 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав