Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Саясаттану» пәнінен 2-ші аралық бақылау тапсырмалары

Читайте также:
  1. D) Халықаралық жұмыс күші миграциясы.
  2. Азақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.
  3. Аралық бақылауға арналған сұрақтар
  4. Аржылық бақылаудың мәні мен маңызы, оның әдістері.
  5. Балалардың бірлескен жұмысын бақылаудың ерекше түрі
  6. Еуразиялық мемлекет аралық экономикалық қатынастар.
  7. Зіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
  8. Зіндік жұмысқа арналған бақылау тапсырмалары
  9. Кәсіпорын экономикасы» пәнінен емтихан сұрақтары
  10. Комплексті емтиханға арналған тест тапсырмалары

(тезис проходной балл алу үшін):

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» сөзі латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Саяси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағын айтады. Партияның ең басты қызметі – мемлекеттік билік үшін күрес болып табылады. Партия жүйесі деп – елдегі билік үшін тең бәсеке немесе біріккен күресі арқылы көрініп отыратын партиялардың, олардың өзара байланыстарының, қатынастарының жиынтығын айтады. Партия жүйесінің түрлері: бірпартиялық, бір жарым партиялық, екіпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық.

Саяси режим (тәртіп) деп саяси билікті жүргізудің, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының демократиялық дәрежесін айтады. Саяси режимнің түрлері: тоталитарлық, демократиялық, авторитарлық.

Саясаттануда демократия – ең жиі қолданылатын ұғымдардың бірі. «Демократия» термині ежелгі гректің «демос» -халық және «кратос»-билік деген сөздерінен құралған, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. Демократияның құндылықтары: еркіндік, теңдік, халық билігі, әділеттілік, адам құқықтары, ынтымақтастық т.б.

Саяси сана – бұл әлеуметтік субъектілердің саясат саласын ұғынуы, сезінуі. Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. «Идеология» термині ежелгі гректің «идея» - бейне және «логос» - ғылым, ілім деген сөздерінен құралған. Бұл терминді ғылыми айналымға француз ғалымы Антуан Дестют де Траси (1754-1836) енгізді. Саяси теорияда идеология деп қайсыбір тараптың мүддесіне қызмет ететін кез келген идеялар жүйесі ұғынылады.

«Саяси мәдениет» терминін ғылыми айналымға неміс философы-ағартушысы – И.Гердер (1744-1803) болды. Саяси мәдениет дегеніміз – саяси іс-әрекетке қатысу процесінде адам және оның бірлестіктері жасайтын құндылықтар, білімдер, түсініктер, құралдар мен әдістердің және олардың саяси билікке қатынасын бейнелейтін жүйе болып табылады. Саяси мәдениеттің Г.Алмонд және С.Верба бойынша түрлері: патриархалдық, бодандық (қоластылық), азаматтық (демократиялық).

Саяси әлеуметтену дегеніміз – жеке адамға, тұлғаға қоғамның саяси өмірінің толық құқықты қатысушысы болуға, қоғамдық күрделі процесстерде дұрыс бағдар ұстауға, саясатта саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір саяси білімдерді, құндылықтарды, нормаларды меңгеру, алдыңғы ұрпақ жинақтаған саяси тәжірибеге ие болып, оны одан әрі жалғастыру процесі. Әлеуметтену ұғымын ғылыми айналымға ХIX ғ. соңында америка әлеуметтанушысы Ф.Гиддинг және француз психологы Г.Тард енгізді.

«Элита» термині (латынның «eligere», француздың «elite» сөздерінен) «ең таңдаулы», «сұрыпталған», «іріктелген» деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет «элита» ұғымы ХVІІІ ғасырда ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атаған. ХХ ғасырдан бастап бұл ұғым саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Элита теориясын қалыптастырған италиялық ғалымдар – Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михельс. «Элита» терминін ғылыми айналымға В.Парето енгізді. Саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Көшбасшы (лидер) сөзі ағылшын тілінен («leader») аударғанда «жетекші», «басқарушы», «алға бастайтын» деген мағынаны білдіреді. Саяси көшбасшы деп алға қойған мақсатқа жету үшін қоғамды (немесе оның көп бөлігін) жұмылдыруға қабілетті барынша ықпалды адамдарды айтады.

Саяси технололгиялар – бірізділікпен қолданылатын процедуралардың, нақты саяси субъектінің мақсаттары мен міндеттерін белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде неғұрлым оңтайлы және тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған қызметтің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын қамтиды.

«Әлеуметтік жанжал» ұғымын ХІХ ғ. ортасында неміс әлеуметтанушысы Г.Зиммель енгізді. Жанжал деп түрлі бағыттағы екі немесе одан да көп күштердің қарама-қарсы іс-әрекеттері жағдайында өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатындағы қақтығысын айтады.

Саяси жанжал - әлеуметтік жанжалдың ерекше формасы болып табылады, ол – билік өкілеттілігін бөлуге, үстемдік және басқаруға қатысты жанжал. Саяси жанжал – қарама-қарсы мүдделердің, құндылықтардың, көзқарастардың негізінде туған саяси субъектілердің қақтығысы, күресі. Саяси дағдарыс – қоғамда бар жанжалдардың тереңдеуі, асқынуы және саяси шиеленістің бірден күшеюі арқылы көрінетін саяси жүйенің жағдайы.

Сайлау – демократияның ерекше белгісі, атрибуты, оның өзегі, қажетті шарты, халық еркінің көріну әдісі. Кең мағынада алғанда сайлау жүйесі дегеніміз - заң нормаларында бектілген, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-тәжірибесінде қалыптасқан өкілеттілік мекемелерге немесе жеке дара басқарушы өкілді (мысалы, ел президентін) сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі, яғни сайлауға қатысты барлық процестер мен ережелер.

Кеңінен тараған түсінік бойынша, халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекетік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, шаруашылық-экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да өзара байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың (әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы) өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Халықаралық қатынастардың басты теориялары: либерал-идеализм, саяси реализм, неомарксизм.

Әлемдік саясат халықаралық құқық субъектілерінің (мемлекеттер, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, одақтардың т.б.) өз мүдделерінің келісілуімен, соғыс және бейбітшілік, бүкіл адамзаттың өмір сүруі, жалпыға ортақ қауіпсіздік пен қарусыздануды қамтамасыз ету мен ғаламдық, аймақтық және ұлттық жанжалдарды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, артта қалушылық пен кедейлікті, аштық пен ауруларды жою, адамзаттың басқа да ғаламдық мәселелерін шешу, әлемде әділетті тәртіп орнату мәселелерін шешумен байланысты жүргізілетін мақсатты саяси қызметтері болып табылады.

Ұлттық мүдде деп өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін қажеттіліктерін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты айтады. Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің, ұлттардың дүниежүзілік дәрежеде өз мүдделерін қорғау үшін жүргізілген іс-әрекеттері жатады. Дипломатия – сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің күш қолданбай жүргізетін ресми іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Геосаясат (гректің geos – жер және politike – мемлекетті басқару өнері сөздерінен) – ресми шекарасынан тыс жерде мемлекеттің мүдделерін мойындайтын концепция, яғни мемлекеттің сыртқы саясаты географиялық факторларға (аумағына, табиғи байлықтарына т.б.) байланысты жүргізеледі. Алғаш рет «геосаясат» терминін ғылыми айналымға швед ғалымы Рудольф Челлен енгізді.

Саяси болжамдау (грек сөзінен «prognosis» - көре білу, «ұсынылатын таным» деген мағынада) – қандай да болсын саяси құбылыстар мен процестердің болашақтағы дамуын көре білу, яғни, бүгін, кеше, жалпы бұрынғы кезеңдердегі болған құбылыстарды, даму үрдістерін зерттеу негізінде болашақты көре білу.

Батыстық зерттеулерде «футурология» (латынның «futurum» - болашақ және гректің «logos» - ілім, ғылым сөздерінен) термині қолданылады, ол «болашақ туралы ғылым» дегенді білдіреді. Бұл терминді ғылыми айналымға неміс саясаттанушысы О.Флехтхейм енгізген.

Болашақтың мынадай сценарийлері белгілі: О.Тоффлердің «білімнің билігі», С.Хантингтонның «өркениеттер қақтығысы», Ф.Фукуяманың «тарихтың ақыры», А.Зиновьевтің «батысшылдық феномені», З.Бжезинскийдің «Евразия үшін геостратегиясы».

«Саясаттану» пәнінен 2-ші аралық бақылау тапсырмалары:

(жоғарырақ балл алу үшін)




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 49 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав