Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Саяси сана және саяси мәдениет.

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) вертикальды және горизонтальды
  4. D)& төмен және солға
  5. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  6. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  7. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  8. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  9. Ан топтарын және резус-факторды анықтау
  10. Аржы саясатының және қаржы механизмінің мазмұны, міндеттері, мақсаттары, қағидалары

Саяси сана – бұл әлеуметтік субъектілердің саясат саласын ұғынуы, сезінуі. Саяси сананың қызметтері: танымдық, идеологиялық;болжамдық, қарым-қатынастық. Саяси сананың құрылымы: саяси идеология, саяси психология, саяси мінез-құлық. Саяси сананың түрлері: І. саясаттың, саяси биліктің мәнін түсінуі тереңдігіне, деңгейіне байланысты: қарапайым, кәсіби, ғылыми (теориялық). ІІ. Субъектісіне қарай: жеке, топтық, бұқаралық, қоғамдық.

Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. «Идеология» термині ежелгі гректің «идея» - бейне және «логос» - ғылым, ілім деген сөздерінен құралған. Бұл терминді ғылыми айналымға француз ғалымы Антуан Дестют де Траси (1754-1836) енгізді. Идеологияны түсіндірудің негізгі теориялары: әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру, аксиологиялық (құндылықтық) тұрғыдан түсіндіру, психологиялық, социологиялық, «идеологиясыздандыру» концепциясы т.б. Саяси теорияда идеология деп қайсыбір тараптың мүддесіне қызмет ететін кез келген идеялар жүйесі ұғынылады. Таным социологиясы бойынша, идеологиялар дегеніміз топтың өзіндік санасының теориялық жағынан бекітілген көрінісі, топтың өз мүддесін қорғауының құралы, шындықты түсіндіруге бір жақты келу жүйесі, сондықтан ол жалған білімдер жүйесі. Идеологияның қызметтері: танымдық, бағдарламалық, жұмылдыру, амортизациялық, бағалау. Қазіргі заманғы негізгі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, социал-демократия, коммунизм, фашизм т.б.

«Саяси мәдениет» терминін ғылыми айналымға неміс философы-ағартушысы – И.Гердер (1744-1803) болды. Саяси мәдениет теориясын жасауға үлес қосқан ғалымдар: Г.Алмонд, Т.Парсонс, Д.Истон, С.Верба, Л.Пай, Е.Вятр т.б. Саяси мәдениет дегеніміз – саяси іс-әрекетке қатысу процесінде адам және оның бірлестіктері жасайтын құндылықтар, білімдер, түсініктер, құралдар мен әдістердің және олардың саяси билікке қатынасын бейнелейтін жүйе болып табылады. Саяси мәдениеттің құрылымына: саяси құндылықтар, саяси білімдер, саяси дәстүрлер мен нормалар, саяси символдар және саяси мәдениет ескерткіштері (жалау, елтаңба, әнұран, құжаттар), саяси сезімдер, саяси іс-әрекеттер кіреді. Саяси мәдениеттің қызметтері: танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық. Саяси мәдениеттің Г.Алмонд және С.Верба бойынша түрлері: патриархалдық, бодандық (қоластылық), азаматтық (демократиялық).

Саяси әлеуметтену дегеніміз – жеке адамға, тұлғаға қоғамның саяси өмірінің толық құқықты қатысушысы болуға, қоғамдық күрделі процесстерде дұрыс бағдар ұстауға, саясатта саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір саяси білімдерді, құндылықтарды, нормаларды меңгеру, алдыңғы ұрпақ жинақтаған саяси тәжірибеге ие болып, оны одан әрі жалғастыру процесі. Әлеуметтену ұғымын ғылыми айналымға ХIX ғ. соңында америка әлеуметтанушысы Ф.Гиддинг және француз психологы Г.Тард енгізді. ХХ ғ. 50-60 жылдары межесінде «саяси әлеуметтену» ұғымы анықталды.

 




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 156 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | <== 6 ==> | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав