Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Саяси технологиялар. Саяси жанжалдар.

Читайте также:
  1. Саяси идеология
  2. Тақырып. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.
  3. Тақырып. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
  4. Тақырып. Өнім сапасын арттырудың объективті қажеттілігі. Негізгі ұғымдары
  5. Тақырып. Өнім сапасын басқарудың қалыптасуы мен дамуы
  6. Тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам.
  7. Тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
  8. Тақырып. Педагогикалық қарым-қатынас – өзара әрекеттесу формасы ретінде
  9. Тақырып. Педагогикалық мораль және оның ұстаз қызметіндегі көрінісі
  10. Тақырып. Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі.

Саяси технололгиялар – бірізділікпен қолданылатын процедуралардың, нақты саяси субъектінің мақсаттары мен міндеттерін белгілі бір уақытта және белгілі бір жерде неғұрлым оңтайлы және тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған қызметтің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын қамтиды.Саяси технологияларды қалыптастырудың екі әдісі бар: аналитикалық, субъективтік. Саяси технологиялардың құрылымы: 1) арнайы саяси білімдер; 2) іс-қимылдардың нақты әдістері, процедуралары, тәсілдері; 3) техникалық-ресурстық компоненттер.

Әлеуметтік жанжалдар құбылыс ретінде адамзат тарихының барлық кезеңіне тән болып келеді. Олардың қоғам үшін салдарлары әртүрлі. Қазіргі заманғы демократиялық қоғам көптеген жанжалдардың болуына мүмкіндік береді және оларды шешу арқылы дамиды. «Әлеуметтік жанжал» ұғымын ХІХ ғ. ортасында неміс әлеуметтанушысы Г.Зиммель енгізді. Ол жанжалдың қызметін атап көрсетіп, жанжал арқылы қоғамдағы атмосфера тазарады деп есептеді. Жанжал деп түрлі бағыттағы екі немесе одан да көп күштердің қарама-қарсы іс-әрекеттері жағдайында өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатындағы қақтығысын айтады.Қоғамдағы жанжалдың негізгі көздеріне қоғамның жіктелуі, оның әлеуметтік және ұлттық топтарға, бірлестіктерге, таптарға т.б. бөлінуі жатады.

Саяси жанжал - әлеуметтік жанжалдың ерекше формасы болып табылады, ол – билік өкілеттілігін бөлуге, үстемдік және басқаруға қатысты жанжал. Саяси жанжал – қарама-қарсы мүдделердің, құндылықтардың, көзқарастардың негізінде туған саяси субъектілердің қақтығысы, күресі.Саяси жүйенің негізгі институты ретінде мемлекетті қамтитын жанжалды сипаттау үшін саясаттануда «саяси дағдарыс» (грекше «krisis» - шешім, бетбұру шегі, нәтиже деген мағынада). Саяси дағдарыс – қоғамда бар жанжалдардың тереңдеуі, асқынуы және саяси шиеленістің бірден күшеюі арқылы көрінетін саяси жүйенің жағдайы.

Саяси жанжалдардың кезеңдері: 1) жанжалға дейінгі кезең; 2) тікелей жанжалдық іс-әрекеттердің жүргізілуі; 3) жанжалдың аяқталуы. Жанжалды шешудің құралдары: келіссөздер, арбитраж (бұл ролде билік институттары, Конституциялық сот, халықаралық ұйымдар бола алады), аралық бітістірушілік (жанжалдық немесе келісімдік комиссиялар, белгілі саясаткерлер), қарсыласушы жақтарды айыру, күш қолдану (күштеу санкцияларын, заңды оның ішінде халықаралық құқық нормаларын қолдану), дәстүрлерді қолдану.

Сайлау – демократияның ерекше белгісі, атрибуты, оның өзегі, қажетті шарты, халық еркінің көріну әдісі. Жанжалды зерттейтін саланы – конфликтология, сайлауды зерттейтін саланы псефология деп атайды. Кең мағынада алғанда сайлау жүйесі дегеніміз - заң нормаларында бектілген, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-тәжірибесінде қалыптасқан өкілеттілік мекемелерге немесе жеке дара басқарушы өкілді (мысалы, ел президентін) сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі, яғни сайлауға қатысты барлық процестер мен ережелер.

Сайлау жүйесінің құрылымы: 1) сайлау құқығы - теориялық-заңдық компонент; 2) сайлау процедурасы (немесе сайлау процесі) - тәжірибелік-ұйымдастырушылық қомпонент.Сайлау құқығы - азаматтардың сайлауға қатысуын, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді, сайлаушылар мен сайланбалы немесе қызмет адамдарының арасындағы өзара қатынастарды, сонымен біргі сайлаушылар сенімін ақтамаған өкілдерді қайтарып алу тәртібін реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

Сайлау жүйесінің басты компоненті сайлау болып табылады. Сайлау - азаматтардың саяси еркінің белгілі бір ережелер бойынша көрінуі арқылы билік және басқару органдарын қалыптастыру әдісі. Сайлау принциптерінің екі тобы бар: сайлау құқығы принциптері; сайлауды ұйымдастырудың жалпы принциптері.

Сайлау құқығының демократиялық принциптері: 1.Жалпыға бірдей сайлау құқығы принципі.Көптеген мемлкеттерде азаматтар 18 жастан бастап сайлау құқығына ие болады. Алайда кейбір елдерде жалпыға бірдей сайлау құқығы сайлау цензі (ценз түрлері: отырықшылық, азаматтық, сауаттылық, жыныстық, мүліктік, моральдық) арқылы шектеледі. 2. Теңдік принципі(сайлаушылардың құқығының теңдігі) бойынша әрбір сайлаушының тек бір ғана даусы бар, ол бірдей бағаланады. 3. Сайлаудың құпиялылығы принципібойынша сайлаушының шешімін ешкім білмеуі тиіс. 4. Тікелей дауыс беру принципібойынша сайлаушы сайланбалы қызметке нақты үміткер туралы тікелей шешім қабылдайды, нақты адамға дауыс береді.

Сайлауды демократиялық ұйымдастырудың жалпы принциптері: сайлау еркіндігі,таңдаудың балама үміткерілерінің болуы,сайлаудың бәсекелестігі, сайлаудың кезеңдігі және тұрақтылығы, саяси партиялар мен үміткерлердің бірдей (тең) мүмкіндіктерінің болуы, сайлауды өткізудің барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуы, сайлаудың мөлдірлігі.

Сайлау процесінің кезеңдері: 1) дайындық кезеңі, 2) үміткерлерді ұсыну; 3) үгіт-насихат науқаны; 4) дауыс беру және сайлау қорытындыларын шығару. Сайлау жүйесінің басты түрлері: мажоритарлық (баламалық) және пропорционалдық (өкілдік) деп аталады.




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | <== 7 ==> | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2022 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав