Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нұсқа

Читайте также:
  1. III-нұсқа
  2. IV-нұсқа
  3. Нұсқа
  4. Нұсқа
  5. Нұсқа
  6. нұсқа
  7. Нұсқа
  8. Нұсқа
  9. Нұсқа
  10. Нұсқа

1. Сұраныс Qd = 10 - 2p және ұсыныс Qs = 4 + p функциялары берілген, мұндағы р – тауардың бағасы. Егер мемлекет бағаны 4 деп белгілесе, онда нарықта төмендегілердің қайсысы орын алады?

A. артықшылық = 4 B. жетіспеушілік =2 C. тепе – теңдік

D. артықшылық =6 E. жетіспеушілік =2

2. Мемлекет тарапынан өндірушілерге қосымша салық салынғаннан кейін:

A. тұтынушылар ұтымы азаяды B. тұтынушылар ұтымы көбейеді.

C. тұтынушы ұтымы өзгермейді. D. еш өзгеріс болмайды. E. өндіріс көлемі азаяды.

3. Егер сұраныс ұсыныстан артық болса, онда нарықта кездесетін жағдай қалай аталады?

A. тауар тапшылығы B. тауар артықшылығы C. нарықтағы тепе-теңдік

D. талғамсыздық өзгереді E. еш өзгеріс болмайды

4. Егер бір тауардың бағасы жоғарылап, екінші тауарға сұраныс азайса, онда ол тауар қалай аталады:

A. сапасы төмен тауарлар B. ауыстыратын C. Комплементарлы (толықтырушы тауарлар)

D. кәдуілгі тауарлар E. Гиффен тауарлары

5. Неліктен еңбекке деген сұраныс қисығының көлбеуі теріс болады:

A. егер еңбекақы өсетін болса, онда фирма жұмысшыларды қысқартады

B. егер еңбекақы өсетін болса, онда фирма жұмысшыларды көп жалдайды

C. егер еңбекақы төмендесе, онда фирма жұмысшыларды жұмыстан шығарады

D. егер еңбекақы өсетін болса, онда шығындар қысқарады

E. егер еңбекақы төмендейтін болса, онда жалпы сұраныс өседі

6. Абсолютті икемді сұраныс кезінде:

A) сұраныс қисығы горизонталь болады B) сұраныс қисығы вертикаль болады

C) сұраныс қисығы оң көлбеулі болады D) сұраныс қисығы тіктеу болады

E) сұраныс қисығының көлбеулігі 90 градусқа тең болады

7. Егер сұраныстың қиылысқан икемділік коэффициентінің мәні теріс сан болса Eij <0, онда бүл тауарлар:

A) Бірінші қажеттілікті тауарлар B) бірін-бірі алмастыратын тауарлар

C) бір-біріне қатысы жоқ тауарлар D) бірін-бірі толықтыратын тауарлар

E) Бағалары бірдей тауарлар

8. Егер A және B тауарлары бір—біріне катысы жоқ тауарлар болса, онда сұраныстың қиылысқан икемділік коэффициентінің мөні:

A) теріс сан болады B) оң сан болады C) 0-ге тең болады D) 1-ге тең болады E) -1- ге тең болады

9. Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті мына жағдайды сипаттайды:

A) Тауардың бағасы 1%-ке өзгергенде осы тауарға деген сұраныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсетеді.

B) Тауарға деген сұраныс көлемі 1%-ке өзгергенде осы тауардың бағасы неше %-ке өзгеретінін көрсетеді

C) Тауардың бағасы 1%-ке өзгергенде тұтынушы табысының неше %-ке өзгеретінін сипаттайды

D) Тауарға деген сұраныс көлемі 1%-ке өзгергенде тұтынушы табысының өзгеруін сипаттайды

E) Тауар ұсынысының көлемі 1%-ке өзгергенде тұтынушы табысының өзгеруін сипаттайды

10. Егер сұраныс қисығы, ұсыныс қисығымен салыстырғанда жатық болса, онда ол төмендегінің қайсысын көрсетеді?

A) ұсыныспен салыстырғанда сұраныс икемсіз B) сұраныс өте икемсіз

C) ұсыныспен салыстырғанда сұраныс икемдірек болады

D) сұраныс пен ұсыныс икемділіктері бірдей E) сұраныс пен ұсыныс бір-біріне тәуелсіз шамалар

11. Тауардың тұтынушыға әкелетін шекті пайдалылығы деп:

А) әрбір қосымша пайдаланылатын тауардың әкелетін қосымша пайдалылығын айтамыз

В) тауардың жалпы пайдалылығын айтамыз

C) тауардың жалпы пайдалылығын олардың санына бөлгенде пайда болатын көрсеткішті айтамыз

D) Талғамдағы өзгермейтін тауарды айтамыз E) тұтынудағы өзгермейтін пайдалылық

12. Тұтынушының теңдестік жағдайы дегеніміз:

А) Тауарларды тұтынғандағы пайдалылық өте жоғары болатын жағдай.

В) Сатылатын тауарлардың құны сатып алынатын тауарлардың құнымен дәлме-дәл, сәйкес келетін жағдай

C) Баға ең аз шамада, ал тұтынатын тауарлар көлемі ең жоғары шамада болатын жағдай

D) Бюджет сызығы мен талғамсыздық қисығының жанасу нүктесі E) Талғамсыздық қисығы.

13. Транзитивтік аксиома бойынша тұтынушы А тауар жиынтығын В тауар жиынтығынан, ал В тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан гөрі артық көрсе:

А) А тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан гөрі артық көреді

В) С тауар жиынтығын А тауар жиынтығынан гөрі артық көреді

C) А және В тауарларының айырмашылығы жоқ

D) В тауар жиынтығын А тауар жиынтығынан гөрі артық көреді

E) С тауар жиынтығын В тауар жиынтығынан гөрі артық көреді

14. «Ауыстыру» тиімділігі немен аныкталады?

А) Табыстың өзгеруімен В) Тұтынушылардың талғамының өзгеруімен

C) Сәннің өзгеруімен D) Тауардың бағасының өзгеруімен E) Тауар сапасының өзгеруі

15. “Алмастыру“ эффектісі дегеніміз Х тауарының бағасы арзандап, ал табыс пен У тауарының бағасының өзгермеген уақыттағы:

А) тұтынушының арзандаған затты көбірек алып, бағасы өзгермеген затты тұтынуын азайтады

В) табысы өзгермесе де сатып алу қабілетінің өсуі

C) тұтынушының бағасы өзгермеген затты көбірек алуы

D) Талғамдағы өзгермейтін тауарды бейнелейді

E) Алмастыратын тауарларды көбірек алуы.

16. Шекті өнімділіктің азаю заңын бекітеді:

А) қосымша жұмысшыны жалдағанда шекті өнімділік өседі В) қосымша жұмысшыны жалдағанда өнім шығару төмендейді C) еңбекақы өскенде өнімділік қысқарады

D) қосымша жұмысшыны жалдағанда өнім шығару жоғарылайды, бірақ мейлінше баяу және бірте-бірте азаяды Е) өнімділіктің өсуі қарқынды

17. Өндірістік функция берілген: У = 25 К0,3 L0,1 Онда өндіріс ауқымын қалай атауға болады

А) кемімелі өсім В) өспелі өсім C) Тұрақты өсім D) нольге тең өсім Е) оң сан

18. Өндірістік функция берілген: У = 25 К0,3 L0,1 . Икемділік коэффициенттерін анықтаңдар:

А) 0,4; 0,5 В) 25; 0,1 C) 0,3; 0,1 D) 0,5; 0,1 Е) 25; 0,5

19. Өндірісте капитал мен еңбек 2 есе өсті. Соның нәтижесінде өнім шығару да 2 есе өсті. Ауқым өсуінің қандай тиімділігі байқалады.

А) Тұрақты өсім В) нөлге тең өсім C) өспелі өсім D) Кемімелі өсім Е) теріс сан

20. Еңбектің ұсыныс қисығы келесі теңдеумен бейнеленеді: LS = 3500 + 35 w/p. Атаулы еңбекақы нольге тең болғанда, еңбек ұсынысы неге тең болады?

А) 100 В) 10 C) 1000 D) 5 Е) 3500

21. Төмендегі көрсетілген формулалардың қайсысы орташа айнымалы шығындарды көрсетеді:

A) FC / Q B) TC / Q C)VC / Q D) ΔTC / Δ Q E) MC / Q

22. Шекті шығындар нені көрсетеді:

A) жалпы шығындар B)өнімнің қосымша бір бірлігін өндіруге кеткен шығындар

C) өнімнің бір бірлігіне шаққандағы орташа шығындар

D) өнімшығару көлеміне тәуелсіз шығындар E) балама шығындар

23. Бәсекелес фирманьпң жалпы тұрақгы шығыны 10 өлшемге тең. Жалпы

айнымалы шығыны төменгі кестеде берілген:

өнім көлемі. дана 1 2 3 4 5

жалпы айнымалы шығын 2 6 12 20 50

Баға кандай деңгейден төмен болғанда фирма өнім өндіруін тоқгатуы керек?

A) 4 B) 3 C) 2 D) 1,5 E) 6




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 74 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав