Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экскурсия қызметінің ҚР дамуы

Читайте также:
  1. B) Бине-Симонның ақыл-ой дамуының шкаласы
  2. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  3. Баланың дамуы...
  4. Дивиденттік саясатты басқару және өндірістегі саясаттың дамуы.
  5. Жеткіншектер мен жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері
  6. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың дамуы мен ерекшеліктері
  7. Оқушылар ұжымының дамуы екінші кезеңі немен сипатталады?
  8. Р оқушының еркін дамуына жағдай жасау идеясын ұсынған қазақстандық жаңашыл педагог
  9. Р –да ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері
  10. Сенімдегі философиялау және оның орта ғасырлық ғылым дамуына ықпалы

Курстық жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

А4 форматынан кіші түсірілген суреттер болған жағдайда олар стандартты ақ қағазға желімденуі керек.

Иллюстрациялардың реттік нөмірлері және атаулары болуы тиіс, ол суреттің астында жолдың ортасынан жазылуы тиіс (Мысалы: Сурет 1 - Оқжетпес).

 

 
 


Сурет 1 - Жұмбақ тас

 

Барлық суреттерге сілтеме жасалуы керек, иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «...1 суретке сәйкес...» деп жазу қажет

Кестелер көрсеткіштерге салыстырмалы құрылымдық-қарқынды талдау жүргізу үшін келтіріледі. Кестенің атауы оның мазмұнын ашатындай және қысқа болуы тиіс. Кестенің атауы кестеден жоғары сол жағына қарай, абзацсыз нөмірленіп бір жолға сызықша арқылы жазылады (мысалы: 1-кесте – Технологиялық карта). Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс.

Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады (бұл ретте кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды), ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы».

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелердің шрифт мөлшерін мәтіндегіден кем алуға, яғни №12 кегльмен жазуға рұқсат беріледі.

Кестенің рәсімделуінің мысалы:

 

3-кесте – Экскурсияның технологиялық картасы

 

Экскурсия маршруты Аялдама Көрсету объектілері Жалғасы Тақырыпшылар атауы мен негізгі сұрақтар тізбегі Ұйымдық бұйрықтар Әдістемелік сілтемелер
             
Е с к е р т у – [ 1; 2; 3] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

 

Кесте мен мәтіннің арасы 1 бос жол тастау керек.

Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, курстық жұмысқа ескерту енгізіледі. Ескертулерді абзацтан және бас әріптен бастап жазады. «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс. Ескертуді оған қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Қосымшалар курстық жұмысының жалғасы ретінде рәсімделеді. курстық жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс. Қосымшаларды қазақ тілі алфавитінің бас әріптерімен белгілейді, яғни А-дан бастап, Ё,З,Й,О,Ч,Ь,Ъ әріптерінен басқасы. Әрбір «қосымшаның» иллюстрациясын бөлек номерлеп көрсетіп, санның алдына қосымшаның әріптік белгілеуін жазу керек. Мысалға, Қосымша А: Сурет А 1 – Респонденттердің «Жақын арада қандай тұрмыстық техника алуды жоспарлап отырсыз?» деген сұраққа жауабы.

Әрбір «Қосымшаның» кестесін бөлек номерлеп көрсетіп, санның алдына қосымшаның әріптік белгілеуін жазу керек. Мысалы, Қосымша А: Кесте А1 – «»

Қосымшалар дипломдық жұмыстың басқа да тарауларымен ортақ нөмерленуі керек [2].




Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 25 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав